Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Денсаулық –байлық кепілі


23 апреля 2010, 05:03 | 1 795 просмотров


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін

қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

2.Дамытушылық: Шығармашылық қабілетін дамыту ,сөйлеу шеберліктерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Талғампаз, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,қанатты сөздер,кестелер, сызбанұсқалар\Салаутты өмір

салты\

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі 1\сыныпты түгендеу 2\психологиялық дайындық

2.Негізгі бөлім.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: .Салауатты өмір сүрудің негізгі принципі-ешқандай ауруға шалдықпай дертке жеткізбей ақ алдын ала мол денсаулық көзін ашу. Дені сау ,құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсулерің керек. Дені сау адамның көңілі шат.Ол бақытты.Денсаулық- зор байлық.Денсаулық болса бәріде болады.Салауатты өмір сүру үшін не істеуіміз керек.\сызбанұсқа\

Дөнгелек үстел.\оқушылардың пікірі\

Ауельбекова Әлия Әлімтайқызы

Пәні: Биология және валеология

Білімі: Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты, (1989ж)

Санаты:Жоғары

Еңбек өтілі: 27 жыл

Жағымсыз әдеттер : темекі тарту

Ішімдік ішу

Есірткі қолдану

Тиімді тамақтану: Жеміс жидек

Табиғи таза тамақ

Мөлшермен

Үнемі бір мезгілде

Спорт: Суға шомылу

Дене жаттығулары

Спорт ойындары

Жұқпалы аурулардан сақтану: гепатит

Грипп

Туберкулез

Мұғалім: \Тірек схемамен жұмыс\

Жағымсыз әдеттерден туындайтын зардаптар

«Ас адамның арқауы» дейді халық ». Ас тұрған жерде ауру тұрмайды дейді тағы да.

Адам ішу барысында көп жақты сыннан өтеді екен.Жұсіп Баласұғын былай дейді:

Артық жеген ас тамақ айналады кеселге

Шалдықтырар ауруға былапыт ас жесең де

Кенердектеп жеген ас түбі босқа ктпейді,

Сарғайтады реңді, жанды қинап, дерт жейді.

Ауру енер денеге артық жеген аспенен,

Мерзіміне жетпестен қартаяды жас денең.

Ұлықпан Хакім тамақ ішуі әдебіне қоса, қандай тамақ ішу және оны қандай әдеттермен ұштастыру керек екеніне ерекше назар аударады.»Аз сөйле, аз же, аз ұйықта» деген формуласын ұсынады және бұл ойын нақтылай түсіп: «Екі күнде бір рет тамақ же...Көктем мауысымында үнемі құрғақ, салқын тамақ жеп,шырынды су ішу:жазда да салқын тамақ жеп,шырынды су ішу,күзде таза тамақ пен шырынды су ішу керек,қыста таза,ыстық тамақ пен шырынды суға ден қоймақ ләзім...Лажы болса адам өзін кілең бір түрлі тамақ ішуге дағдыландырмау керек»,-дейді.

Алғашқы пысықтау : Дене шынықтыру мақсатында оқушыларға

ойындар ойнату

1Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығу.

2.Күш сынасу.

3.Арқан Тарту

Пысықтау: Сызбанұсқа толтыру

2\Ұлағатты сөздерді негіздеп түсіндіру:

Саулығынды тілесең, артық ішіп жеме.

\Ә.Науаи.\

Шақтап жесең,санаңды ашар,

Артық жесең,ұйқы басар.

\Ф.Бэкон\

Артық ішсең,сай-сүйегің сыздайды,

Ал қанағат –ұзақ ғұмыр сыйлайды

\У.Шекспир\

Қорытындылау.

Бағалау.

Автор:
Ә.Ә.АУЕЛЬБЕКОВА, Беріктас орта мектебі Кербұлақ ауданы