Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


15 марта 2014, 06:14 | 3 154 просмотра


Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, со¬нымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Бағдарлы оқыту оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге және олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін оқыту процесін саралау мен даралау құралы болып табылады. Соған сәйкес:

- жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқытуды жүзеге асырады;

- білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасайды;

- жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғарғы оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз етеді;

Бағдарлы оқыту моделі әр түрлі оқу пәндерінің біріктірілген түрінің негізін құрайды. Бұл жүйе базалық жалпы білім беретін бағдарлы және элективтік курстардың жүйесінің негізінде жасалуы тиіс.

Бағдарлы оқыту концепциясы мына¬лардан тұрады: физика-математикалық, жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік- экономикалық, гуманитарлық, филологиялық, ақпараттық-технологиялық..

Бағдарлы оқытудың жалпы білім беретін пәндері бойынша негізгі құрамы оқушылардан жоғарғы сатыда күрделі материалдарды оқып үйренуге, сол арқылы бағдарын анықтауға негіз болады.

Бұл стандарттан жоғары. Мысалы:жартылыстану бағыты бойынша биология, физика, химия және география тереңдетіліп оқытылу керек. Оқу жоспарында бұл пәндер бойынша сағат саны көбейтілген. Нәтижесінде мектеп бітірген түлек мемлекеттік стандарттың бағдарлы оқыту дәрежесіне сай келу керек.

Бағдарлыоқыту жүйесінің міндетті компоненттерінің бірі элективтік курстар. Яғни, оқушының таңдаған пәні. Элективтік курстар негізгі бағдарлы пәндер бойынша мамандану нәтижесіне көмектеседі.

Элективті курстар саны оқушылардың таңдауына көмектесетіндей мөлшерде болу керек.Элективтік курстар бойынша емтихан алынбайды.

Бағдарлы оқытудың мөлшерлі жүйесі мы¬нандай болу керек: оқу жоспары бойынша базалық пәндер құрамы 50%, бағдарлы оқыту 30%, элективті 20%.

Бағдарлы оқыту мәселесін әрбір мектеп жеке шеше алмайды. Ол бір орталықтанған қалалық білім жүйесі арқылы шешілуі тиіс. Бұл ұйымдастыру бірнеше этаптардан тұруы тиіс.Осыған байланысты қалалық білім бөлімі эксперттік кеңес құруы керек.

Эксперттік кеңес құрамы осы бағдарлы оқыту бойынша курстан өткен жоғарғы санат¬ты мұғалімдерден құралуы керек және бұл орталық бағдарлы оқыту сыныптарының сапа¬сын қадағалауы тиіс.

Элективтік пәндер және пән аралық кур¬стар оқушылардың белгілі бір бағдарлы және бейінді таңдауына көмектеседі. Мыса¬лы барлық мектептерде «Химия өмірде», «Математикалық логика», «Тілдердің шығуы» сияқты қосымша үйірме,факультатив жүргізілетіні белгілі.Осылардың барлығы әр оқушының өз бағдарын таңдауына мүмкіндік береді. Сонымен 8-ші, 9-шы сыныптар¬да оқушыларды бағдарлы оқыту туралы ақпаратпен таныстырып шешім жасауға көмектесу керек.

Мектептерде кіші ғылым академияла¬ры жұмыс жасайтыны және оқушылар жыл бойы олимпиадаларға, шығармашылық конкурстарға қатысып шығатыны барлығымызға белгілі. Сондықтан да осы іс- шараларды атқарған кезде оқушылардың өз бағдарын таңдауына көмектесетіндей дәрежеде жасауға тиіспіз.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру мейлі ол көп бағдарлы немесе бір бағдарлы болса да әрқайсысының артықшылығы мен кемшіліктері де болатынын ескерген жөн. Енді осыларға же¬ке-жеке тоқталып өтейін:

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрі

Артықшылығы:

-мектеп педогогикалық ұжымының бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы;

-берілген бағдар бойынша материалдық- техникалық қорларды шоғырландыру;

-мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

Кемшіліктері:

-оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі, олардың мектеп бітіргеннен кейін нақты оқу орнына түсуге бағдарларының әртүрлі болуы;

-бір комплектілі мектептерге бағдарлы оқытуды енгізу бойынша ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы;

-оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей, оларды біржақты дайындау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіру.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың көп бағдарлы түрі

Артықшылығы:

-оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен сұраныстары ескеріледі;

-тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады;

-оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады.

Кемшіліктері:

-оқушылардың жаңа интеллектуалдық ортаға көшуіне байланысты алаңдаушылығы мен үрейі артады;

- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі;

- қаржыландырудың күрделілігі.

Биылғы 2013-2014 оқу жылын мектебіміз қоғамдық-гуманитарлық бағытпен оқуды ба¬стады. Бейіндеп оқытудың лингвистикалық бейінін таңдады. Вариативті компонент кур¬стар бойынша тіл стилистикасы, сөйлеу мәдениеті, азаматтану курстары таңдалынып алынды. Бұл бағытқа біз оқушыларды 9-шы сыныптан бастап дайындадық. Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығуы мен сұраныстары ескерілді. Соны¬мен қатар ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерін оқытатын мұғалімдердің пікірлері, әдістемелік бірлестік ұсыныстары, болжау мәліметтері, тестілеу нәтижелері қаралды.Бұл оқушылардың негізгі наза¬рын болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға аударуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақыт талабы ұстаздан үнемі шығармашылық ізденісті, жаңа әдісті қолдануды талап етеді. Мұғалім ше¬тел тілі сабағын ұйымдастыруда және өткізуде негізгі мынадай еркшеліктерді ескерген жөн.

1. Әр сабақта шетел тілін байланыс құралы ретінде пайдалануды мақсат ету.

2. Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін қатар іске асыру.

Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы ағылшын тілін оқытудағы менің алға қойған мақсатым – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс ұғындыру, тақырып бойынша өткен материалдарды, суреттер мен диафильмдерді мазмұнды түсіндіру, сөйлеу қарым-қатынасында сөйлеу этикасының негізгі формулаларын білдіру және дұрыс қолдануға үйрету, болашақ мамандық тақырыбына байланысты әңгіме құру.

Осылайша осы мақсаттарды жүзеге асыра отырып өткен сабақтар арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастыру үшін олардың тыңдауға, сөйлеуге, оқуға, жазуға де¬ген шын ықыласын қамтамасыз етуге болады.

Бағдарлы оқытуға байланысты мынандай ұсыныстар айтқым келеді:

1. Арнайы бағдарлы оқытудың методикасын меңгерген бағдар беруші әдіскер дайындалуы керек. Ол әдіскерлер аудан мектептерінде бағдарлы оқытуға байланысты мұғалімдермен семинар, дөңгелек үстөлдер өткізуі тиіс. Мек¬тепте сабақ беретін мұғалімдер арнайы кур¬стан өткізілсе, сонда ғана бағдарлы оқыту өз нәтижесін берген болар еді.

2. Оқушылармен 8-ші сыныпты бітіргеннен кейін арнайы консультациялар өткізіп, онда әр оқушының таңдап алған бағытына байланы¬сты қосымша мәліметтер беріліп түсіндірілуі керек.

Жалпы бағдарлы оқыту мектептерде үлкен ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Бағдарлы оқытуға байланысты мектеп қабырғасында ата-аналарға арналған кон¬ференциялар, ашық есік күндері, буклеттер, жарнамалық плакаттар ұйымдастыру қажет. Бағдарлы оқытуды негізінен ақпараттандыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Сонымен бағдарлы оқыту жұмысын іске асыру біздің алдымызда көптеген міндеттер қояды.

Мектептің бағдарлау үлгісін таңдау кезінде:

-оқушылар мен олардың ата-аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша көтеріңкі деңгейде білім алуға әлеуметтік сұраныстың болуы;

-таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарында немесе орта арнайы оқу орындарында білімін жалғастыруға талпыны¬сы;

-мектептің материалдық – техникалық база¬сы ескерілуі қажет.

Автор:
Х.ЖЕТПИСБАЕВА, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. І. Есенберлин атындағы мдшо орта мектебі Қаратал ауданы.