Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ж.Жабаевтың «Алатау» өлеңі хақында


22 апреля 2010, 23:04 | 5 615 просмотров



Мақсаты: 1) Өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, жүйелі сөйлесе, өз ойларынан қорытынды жасай білуге дағдыландыру үйрету, анықтай білуге, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету.

2) Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамытуға, логикалық ойлау дағдысын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге, сараптай білуге дамытуға ахуал туғызу.

3)Ақынның ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеп, өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ойын, Талапбек пен Зерделі.

Сабақты жүргізудің әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Жаңа сабақ

Сурет бойынша жұмыс.

Бұл суретті бізге кімдер алып келді (Талапбек пен Зерделі). Олар бізге қай кезде келуші еді.

-Үлкен тарау бастағанда,

-Ненің суреті (табиғаттың).

-Ендеше балалар бүгінгі бастайтын тарауымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

-Табиғат сұлулығы, оның кереметтілігі туралы айтатын Жамбыл аталарыңның «Алатау» өлеңімен танысамыз.

-Бұған дейін Жамбыл Жабаевтың қандай өлеңімен таныстық, ол кісі кім еді?

Ж.Жабаев (1845-1946) - ірі халық ақыны.

Ол: «Халық поэзиясының алыбы» атанды.

«Шәкірт балаларға» өлеңімен таныстық.

-Қазір өлеңнің бірінші шумағын мен оқимын, бәріміз тыңдаймыз.

-Қалған үш шумақты үш топ жеке-жеке талдайсыңдар.

-Өлеңнің бірінші шумағын оқытып, мазмұнын талдату.

-Тізбек бойынша оқыту.

1-топ. Табиғат туралы өлең шығару.

2-топ. «Алатау» өлеңінде не туралы айтылады, ассоциация құру.

3-топ. Берілген тірек сөздер ар-

қылы шағын әңгіме құру.

-Балалар, енді біз өзімізді осы табиғаттың ортасында жүрміз деп көзімізге елестетейік.

- Сонда жүргенде сендер не істеп, не көріп, не сезесіңдер (ойларын жазу).

1-топ – көремін; 2-топ –естимін; 3-топ – сеземін.

Сабақты қорыту

1-топ құрған мына сөздерге назар аударайық.

-Иә, біздің жердің табиғаты өте әдемі және бай.

- Осы табиғаттың бір бөлігіне кімдер кіреді деп ойлайсыңдар?

- Яғни сендер мен біздер.

- Кейде адам баласы табиғатты дұрыс пайдалана алмай зиян келтіреді.

Мысал келтірейікші:

-Табиғат бір-бірімен өте тығыз байланыста.

- Яғни өсімдік, жануар, су, құстар және адамдар. Олардың бір-бірінсіз тіршілігі жоқ. Осы байланыста біз мынандай жіптердің көмегімен көрсетейік.

Тау болғандықтан, таулы аймақ болғандықтан қоңыр жіп алайық.

Сол жердің климаты Ауаның қолайлығын көрсету үшін сары жіп алайық.

Ауасы жақсы, қолайлы болса, онда (ағаштар, шөптер қалай өседі? Яғни, өсімдіктер әлеміне қолайлы). Оған ашық жасыл түсті алайық және нелер көп аңдар, жан-жануарлар (қоңыр жасыл жіп алу).

-Ал, мына қызыл жіп кім болады?

-Адам.

-Осы табиғатпен адам да тығыз байланысты.

-Енді осы жіпті өрсек, әдемі бір жіп болады.

-Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

-Бұлар бәрі бір-бірімен тығыз байланыста.

-Сабағымды былай аяқтағым келеді. «Құс ұшуға, балық суда тіршілік етуге жаратылған, ал адам осы табиғат ортасында өмір сүріп, мәңгілік қарым-қатынас жасауға жаралған».

Сабақты қорыту

Бүгінгі сабақта не істедік, не білдік, не үйрендік? Ұнады ма?

Бағалау.

Автор:
С.Т.САРҚЫТБЕКОВА, бастауыш сынып мұғалімі, №5 Ломоносов атындағы мектеп лицейі, Талдықорған қаласы