Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Физика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындау тәжірбесінен


22 апреля 2010, 23:04 | 5 418 просмотров


ҰБТ-ке берілген тест тапсырмасының қиындығы 4 деңгейде беріледі.

1.Нөлдік деңгей-5 тапсырма

2.Бірінші деңгей-9 тапсырма

3.Екінші деңгей-10 тапсырма

4.Үштік деңгей-6 тапсырма

Тест тапсырмалары мемлекеттік стандарт негізінде орта мектеп бағдарламасына сай жасалынған.2001жылғы ҚР.Б.М 14 наурыздағы 161 бұйрығының негізінде 7-8 сыныптарға Перышкин А.П, Н.Родина жазған оқушылық ,9 сыныптарға И.Я.Мякишев және С.Н.Шахмаев оқулықтары,10-11 сыныптарға Б.Б.Буховцев,Г.Я.Мякишев және А.П.Рымкевичтің «Есептер жинағы» негізінде құрастырған. Сондықтан,

1.Осы оқушылардың физика пәнінен тапсыратын оқушыларда болуын оқушы мен ата-анасынан талап етуміз керек.

2.Қосымша қазақ тілінде шығарылған анықтамалықтар. «Шың»кітапшасын және Қ.Аққошқарова мен Н.Қойшыбаевтің 2006 шығарған физика «теория,есептер мен тест сұрақтары және оны шешу жолдары»кітаптары

3)2000-2007 жылғы физика бойынша тест жинақтарының болуын талап етіп

4)электронды оқулықпен жұмыс істеуге дағдыландыруымыз керек.

5)Қосымша қалың дәптер-жұмысшы дәптері болсын.

Енді тапсырманың құрлысына келсек, бәріңізге белгілі

1)механиккаданоста: кинематика, динамика, жұмыс, қуат, энергия, сақталу заңдары, механикалық тербелістер мен толқындар бөлімдері бойынша - 11 тапсырма

2)молекулалық физика мен термодинамикадан-4 тапсырма

3)Электродинамикадан: электростатика, тұрақты ток, магнетизм, электромагниттік тербелістер мен толқындар, оптика бөлімдері бойынша-11 тапсырма

4)Атомдық және ядролық физика бойынша-4 тапсырма беріледі.

Оқушыны даярлау барысында 6 түрлі мәселеге көңіл аударумыз керек.

1.Рефлекс

2.Психологиялық

3.Зейін

4.Ресурс

5.Техника

6.Тұрмыстық проблема

Жеке тоқталсақ.:

1.Рефлекс - бұл білімдегі ақауды жою. Үй» тапсырмасын орындауға, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Яғни сабаққа даярлануға үйрету,пән материалын меңгерту

2.Психологиялық -әр түрлі кедергілерді жеңе білуге үйрету.

3.Зейін - тапсырманы толық оқу және жауаптарға мұқият назар аудару, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету

4.Ресурс-уақытты тиімді пайдалану, күшті(білімді) дұрыс бағамдай білу.1-ші оқылым кезінде өзі анық білетін сенімді жауаптарын белгілеу,2-ші оқылым кезінде 1-ші және 2-ші деңгейдегі сұрақтарға жауап беру,3-ші оқылымда күрделі тапсырмаларды орындауға уақыт қалдыру керек.

5.Техника-бұл белгілеу барысында қарындаш пен белгілеу, ең соңында бояу керек.

6.Тұрмыстық проблема-оқушыларды жеңе білуге, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысында және даярлық кезеңін-

де оқушыларға жабық тест тапсырмаларын орындату тиімді деп есептеймін.

Автор:
Д.М.АШКИЕВ, «Кіші Шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің директоры, Панфилов ауданы