Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сауат ашу (мектепалды даярлық)


23 апреля 2010, 05:05 | 3 420 просмотров



Сабақтың тақырбы: М дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаттары:1)М дыбысы және әрпімен танысу.Өтілген дыбыстарды қайталау.

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.Балалардың буын туралы түсінігін кеңейту;

Әдіс – тәсілдер:әңгіме,әңгімелесу,түсіндіру.

Көрнекі-құралдар:кеспе әріптер қалтасы,

ойыншықтар,үлестірмелі суреттер,әліппе-дәптер т.б.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу,балаларды түгендеу,оқушылар-

дың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өтілген әріпті еске түсіру.

Й әрпі мен дыбысы

Ай,ой,үй

ІІІ.Жаңа сабақты өтіп,түсіндіру.

1.Жұмбақ шешу.

Өзі жап – жас,мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп – шұбар. (Мысық)

-«Мысық» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?

-М дыбысы

-М дыбысы дауыссыз дыбыс.

2. Ж.Смақов «Кішкене әліппе».

Бұзау»М-ны»»Ө-ге»қосып:

«Мө»,-дейді

Қозы «М-ны»»Е-ге»қосып:

«Ме»,-дейді.

Ал, мен «М-ны»»А-ға»қосып:

«Ма»-деймін

«Ма»,»Ма»,-деймін,

«Мама»-деймін

Мама – М әрпінен басталады.

М дыбысына келетін адамдардың аттарын атау.

М дыбысының таңбасы.М тақтаға жазылады.

ІV Әліппе – дәптермен жұмыс.

Әліппе – дәптердегі суреттерді қарап,заттың атын атайды,буындарға бөледі (қол шапалақтап).

Май+мыл, мы+сық, жү+зім, ал+мұрт, бағ+дар+шам т.б.

Сөздерден сөйлем құрастырады.

V. Сергіту сәті.) «Көбелек» әнін қимылмен орындау (магнитофонға қосылып)

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек,

Қызыл қанатты көбелек,

Біздің үйге келе кет.

Көк қанатты көбелек

Мені өзіңмен ала кет

VІ. Буынға буын қос

Өзім басқа буынды айтамын,балалар тез аяқтайды.

Мысалы:Ма-»са»,ма-»ма»,май-»мыл»

VІІ. Бір буынды, екі буынды сөздерді оқу

Ма, мө, мә,

Мал, мол, ма-са, ал-ма

VІІІ Сабақты қортындылау.

Автор:
Д.Д.УНГАРОВА, бастауыш сынып мұғалімі № 15 орта мектеп Талдықорған қаласы