Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ


19 марта 2014, 07:25 | 1 583 просмотра



Құрметті «Білім шапағаты» газетінің ұжымы. Сіздердің газеттеріңізді қызыға оқып, жыл сайын жазылып отырамыз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын », - дегендей біздің ұжымда нағыз «Қазақ әйеліне», еңбекқор, тәжірибелі ұстаз ретінде Алыбаева Лязат Аблақатқызын айтуға болады. 1969 жылы Талдықорған облысы Сарқан ау¬даны Көкөзек ауылында дүниеге келген. Лязат, отбасындағы тұңғыш бала, атасы мен апасының қолында тәрбиеленіп, мектепті жақсы оқып, Панфилов қаласының педогогикалық училищесін бітірген. Туған ауылында бастауыш сы¬нып мұғалімі қызметін атқарған, көрші Пограничник ауылының сый¬лы азаматы Алыбев Аділқапарға тұрмысқа шығып, екі баланың анасы атанып отыр. Ер жеткен екі ұлын Отансүйгіштікке тәрбиелеп, ер жігітке тән қасиеттерді бойы¬на сіңіре білді. Соның нәтижесінде тұңғыш ұлы Ресей мемлекетінің Краснодар қаласында байланыс қорғаныс академиясын аяқтауда, кіші ұлы заңгер мамандығын иге¬руде. Ұлдарын Отансүйгіштікке ба¬улуда. Лязат Аблақатқызы 2005 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ бітіріп, қазіргі таңда жоғары білімді, жоғары санатты Погра¬ничник орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. 1990 жылдан бері аталған мектепте қызмет істеу ба¬рысында өзінің қажырлы еңбегі мен ізденісінің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектептің кәсіподақ ұйымының басшысы ретінде ұжымдағы әр қызметкердің қасынан табылып, қол ұшын беруден аянбай¬тын жан. Өзінің жүзі жылы, күлімдеген көздері күн сәулесі сияқты жылы нұрын шашып тұрады. Осы кезге дейін 1-сыныптан бастап 4-те шығарып салған сыныптарындағы оқушылар тәртіпті, білімді, өнерлі екеніне сан көзіміз жетті. Балаларды көптеген аудандық, облыстық, республикалық жа¬рыс түрлеріне қатыстырып, жүлделі орындарға ие болған. Ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болып, ата-аналар жиналысына, мектепішілік мерекелердің үнемі бел ортасында жүреді. Әр оқушының екінші анасы ретінде жанын түсініп, аялы алақанымен маңдайынан сипап, жылы құшағына ала білетін дара ұстаз. Сыныптағы әр оқушысымен жеке жұмыстар ұйымдастырып отырады. Орта буынға өткенде үлгерімі төмен, әріп танымайтын, сауатсыз оқушы болмайды. Бастауыштағы оқушылардың білім сапасы жоғары сыныпқа барғанда да төмендемей, көрсеткішін сақтап тұрады. Оның бітірткен оқушылары шетінен биші, әнші, әзіл қоюшы болып шығады. Өйткені Лязат Аблақатқызының жүрген жері той- думан, әр ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын өнерлі ұстаз. Орта буындағы сынып оқушыларына бірнеше пәннен әртүрлі ұстаздар сабақ беріп, ба¬стауышта оқытқан сынып жетекшісіне алғысын жаудырып жатады. 5-сыныпта алатын мұғалім жыл бойы Л.А.Алыбаеваның сабақтарына қатысып, балалар¬ды зерттеп, тығыз байланыста болады. Сонда балаларға да, жаңа сынып жетекшісіне де, балалардың адаптация уақыты еш кедергісіз, жеңіл өтеді. Одан оқыған оқушылардың көбі ЖОО оқып, бітіріп қызмет істеуде. Алғашқы шығарған оқушылары Апарбаева Әсем, Қанабекова Әсем ерекше үлгідегі қызыл аттестатқа бітірген. Екінші шығарған оқушыларының ішінде Жолдыбаева Сымбат «Алтын белгі» иегері атанды, Киреев Әділет, Берды¬баев Мирас және Ожаров Ернар оқушылары «Грант иегері» атанып, оқуларын жалғастырып жатыр. Асыл¬беков Шыңғыстың музыка¬дан хабары бар екенін ба¬стауыш сыныптан бастап біліп, қосымша дайындық жұмыстары арқылы түрлі ән байқауларына қатыстырып, жүлделі орын¬дарды алып жүрді. Бүгін де сол оқушысы болашақ музыкант екенін дәлелдеп, қалаған мамандығы бой¬ынша оқып жатыр. Үшінші шығарған оқушыларының Абылқасымов Жанбола¬ты Алматы қаласындағы «Арыстан» әскери кафедрасының 1-курс студенті. Жанболат, 4-сы¬ныпта оқып жүргенде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық жарысқа қатыстырып, жүлделі 1-орынды иеленген. Ал Меліс Айбек пен Киреева Үміт 2013-2014 оқу жылының «Алтын белгіге үміткерлері».

Лязат Аблақатқызы әр іске тиянақтылықпен қарап, бар жан-тәнін са¬лып, талмай еңбек етеді. Мектепішілік байқаулардың бас жүлдегері ата¬нып, аудандық байқауларға үнемі қатысып отырады. Аудандық «Бастау¬ыш сынып мұғалімі-2007», «Бастауыш сынып мұғалімі - 2011» байқауының 1-орын иегері. Өзінің іс-тәжірибесін тарату жолында көптеген ашық сабақтар, заман тала-бына сай ақпараттық технологияларды жетік меңгеріп, әр сабағын қызықты өткізуде. Ля¬зат Аблакатқызы мек¬тепте алатын орны ерек¬ше. Саяси-экономикалық, патриоттық, ұлттық дәстүрдегі бағыттағы іс-шараларға белсе¬не қатысып, өз ойла¬рын еркін жеткізе оты¬рып, үлесін қосуда. Сол еңбектерін бағалап, 2013 ж 01 қыркүйекте «Халық Қаһарманы» генерал лей¬тенанты Б.Ертаевтың «Отан Патриоты» атты төс белгісімен марапттал¬ды. Әр үш жыл сайын өз біліктілігін арттыру бары¬сында арнайы курстардан өтіп, аудан көлеміндегі семинарларға қатысуда. Бастау¬ыш сыныпты оқыту процесінде көптеген технологиялар, түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланып, өткізген сабақтары бір-біріне ұқсамай, ерек¬ше тұрғыда өткізіледі. Сабақ ба¬рысында барлық этаптарды қамти отырып, әр оқушы өткен тақырыпты бойынан өткізіп, мұғалімге айтып беріп үлгереді. Әр сабақтарына Қазақстан экономикасын, EXPO- 2017, Елбасы Жолдауын тағы басқа құнды қазыналарды орынды пайдалануда.

Лязат Аблакатқызы құрбы- құрдастарының, жолдас- жораларының арасында сыйлы да, беделді. Беделді ұстаздың әлі де бағындыратын биік шыңдарын бағындырғанға ала-тағала күш- қуат берсін. Еңбегі жемісті болып, білімді шәкірттер айналасында үйіріліп жүрсін. Баянды да бақытты күндер тілейміз. Мектебіміздің мақтанышы «Шебер Ұстаз» атына лайықты мұғалім.

Автор:
Г.Ч. Мухамадьярова жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, математика пәні мұғалімі «Сарқан аудандық білім бөлімінің Пограничник орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ.