Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа технологияны сабақта тиімді пайдалану


23 апреля 2010, 05:07 | 2 706 просмотров



Ғылым мен техниканың даму ғасырында дуние жүзілік тәжірибе физика пәнін білім беруде төмендегі тенденцияны бөліп көрсетеді:

•Әр оқушы әpбip физикалық білімінің кажет екенін түciнyi жэне сәйкес ізденістер жүргізуі;

Жоғарғы сатысында физикалық дайындықты кең түрде дифференциялдау;

Физиканьң колданбалығын ескерту.

Физиканың көмегімен табиғатта, қоғамда болып жаткан кұбылыстар зерттеліп, бақылаулар және модельдер жасалады. Адам кызметінің көптеген саласында физика жаңалықтарын енгізу, әcipece, ЭЕМ-нің күрт дамуына байланысты, өнеркәсіптің автоматандырылуы, жас жеткіншектің физика саласындағы дамуының жылдан-жылға артуын қажет етеді. Қазіргі оқушының физика саласындағы дайындығының, деңгейіне қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуы тікелей байланысты болады десек, артық емес.

Салалық /пәндік/ жене локальдық, /модульдік/ деңгейлеп оқыту әдісімен үндес, тек айырмашылық; технологияда процессуалдық өлшемдік және сандық компоненттерге, ал әдістерде: мақсаттылық, мазмұндылық, сапалық, және вариативтік - бағдарламалық компоненттерге басым көңіл бөлінеді.

Жомартова Эльмира Жакашқызы

Туған жылы - 30.09.1969 ж. Білімі – жоғары, Семей педагогикалық институты, мамандығы – физика пәнінің мұғалімі.

Еңбек өтілі – 18 жыл

Соның бір мысалы ретінде 10 -сыныпта өткен қортыныдылау сабағының үлгісін ұсынамын:

Сабактың тақырыбы: Электростатика. Тұрақты электр тогы.

Сабақтын мақсаты: а) Оқушылырдың электростатика, тұрақты электр тогы тараулары бойынша теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, деңгейлеп білім сапасының мониторингін анықтау.

б) Тақырыптарға сәйкес пәндіктілді сақтай отырып, оқушылардың білім-білік дағдыларын дамытып, физикалық, күралдармен жүмыс істей білу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Қортындылау сабағы.

Сабақтың өткізу әдіс-тәсілі: Интеллектуалды ойын сабағы немесе іскерлік ойын аты «Техникалық байқау» немесе «Физикалық бақылау»

Көрнекіліктер: Электромерлер, сфералық ыдыстар, шыны, эбонит таяқшалары, конденсаторлар, амперметір, вольтметір, реостат (тиекті, сатылы), лампалар, таған, өткізгіш сымдар, кілт, диэлектриктер, гильза т.б.

Әдістемелік құралдар: І.Физика сабағында ауызша жауапқа зертханалық жүмыстарға, бақылау жұмыс-

тарына қойылатын біріңғай талаптар мен оқушы білімін бағалау критерийлері;

2. Жазба есеп жұмыстарына қойылатын талап, бағалау критерийлері;

3.Әр топ /З пост/ мушелерінің алдында пэн муғалімі тeкcepiп бекіткен сұрақтар жиынтығы (теориялық, практикалық, логикалық сұрақтар);

4.Пост-есптер жиынтығы, 3 деңгейде жасалынған (алгоритімдік , орта, жоғары (шығармашылық).

Сабақтың жүрісі:

Пән мұғалімі:

1.Оқушылар алдында мақсат- міндеттер қояды.

2.Іскерлік ойынның шартымен таныстырады.

3.Әр топ (пост) жетекшісін тағайындап, таныстырады (оқушының қалауымен, тақырыпты меңгеруде тек «5»-ке үлгірген оқушыны таңдайды).

II. Топ жетекшілері:

1.Әр топтағы жетекші өздерінің талаптарымен, (теориялық, практикалық, логикалық сұрактар) баға кою критерилерімен таныстырады.

III.Барлығы жауап беріп болғаннан соң, әр топ /пост/ жетекшісі анализ жасап, қортындылайды, оқушыларға білімнің сапа мониторингі хабарланады.

IV.Сабақ қортындылап, ой-пікір (отілуі, кемшілік, жетістіктер) айтылып, жүйеленеді.

Мұндай сабақтардың бірсарынды білім сапасын тексеруден (стандарттан) артылып, окушының бақылаулардан қорыкпай, өзіне деген сенімінің пайда болуына, білімнің нақты, жан-жакты, әділ бағалауына (ойындағы бағасын ала алмаса да) көңілі толары сөзсіз. Сондықтан, «ынта болса адамда, қиын ic жоқ ғаламда» дегендей, окушының ынтасы, білім сапасы жаңа технологияларды мәнді де нақты бере отырып, жетілдіруге байланысты болмақ.

Автор:
Э.Ж. Жомартова №16 орта мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі. Талдықорған қаласы