Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ


19 марта 2014, 07:51 | 2 294 просмотра



Сабақтың мақсаты:

1. Мағзом Сүндетов жайлы деректер бере отырып, «Қайырымдылық» әңгімесінің мазмұнын таныстыру, ондағы негізгі ойды анықтап, мәнерлеп, қатесіз оқу дағдыларын меңгерту.

2. сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын өмірмен байланыстыра отырып, дамыту. Есте сақтау, елестету, ойын қорыта білу қабілеттерін қалыптастыру.

3. ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа, адамгершілікке, батылдыққа, батырлыққа кейіпкердің іс – әрекетін үлгі ете отырып тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі, жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ типі: проблемалық жағдай туғыза отырып дамыта оқыту

Сабақтың әдіс – тәсілдері: мақсат қоя отырып түсіндіру, сұрақ – жауап, тал¬дау – жинақтау, ұжымдық, топтық дебат, шығармашылық жұмыс, топтастыру старате-гиясы, сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, мәтін мазмұнына арналған сурет, Венн диаграмма¬сы, тірек сызбалар.

Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Күн ретін еске түсіру.

Жаңа сабақ.

Мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

А) Мағзом Сүндетов жайлы деректер алу.

Ә)Шығарма мазмұнымен танысып, оны мәнерлеп түсініп оқу, мазмұнын талдап, баян¬дау

Б) кейіпкерлерге мінездеме беру

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі

1.М.Сүндетов жайлы деректер беру

2.Қайырымдылық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3.Қайырымдылық әңгімесінің мазмұнын ба¬яндауы

Сұрақ – жауап.

•Шығарма қалай ата¬лады екен?

• Н е л і к т е н қайырымдылық деп ата¬лыпты?

4.Оқулықпен жұмыс: мұғалімнің оқуы, бірлесе дауыстап оқу, тізбектей оқу (түртіп алу страте¬гиясы)

5.Сөздік жұмыс. Түсінбеген сөздермен сөз тіркестерін о қ у ш ы л а р д ы ң білетіндігін сұрап, жауап алынады. Төмендегі сөздерге түсінік беріледі:

•Қақ – іркіліп қалған жауын суы

•Бәкене – аласа бойлы

•Ұйлығып – топталып, жиналып

6.Дәптермен жұмыс.

Күн реті, автор жайлы дерек, мәтінде кездесетін баланы түсінуіне қиын сөздерді жазғызу.

7.Сергіту жаттығуы.

8.Топпен және жекелеген оқушылармен жұмыс.

9.Мақал – мәтелмен қорыту.

1-ші топ – мәтінді сурет бойынша әңгімелеу.

2-ші топ – кейіпкерді сипаттау тірек – сызба арқылы.

Жақсы келді дегенше,

Жарық келді дегейсің.

Жақсылықтың белгісін,

Алып келді дегейсің.

Батыл болмай,

Батыр болмайсың.

Жаманнан жирен,

Жақсыдан үйрен.

Күш білекте емес – білімде

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

Әлдімін деп әлсізге күш көрсеткен оңбайды.

Ал осы кейіпкерлердің ішіндегі негізгі кейіпкерлер кім?

Олар қандай кейіпкерлер?

Венн диаграммасы арқылы көрсетейік

Балалар, Мұхтардың орнында өздерің болсаңдар қайтер едіңдер?

Қайырымдылыққа тағы не жатады?

Сабақты қорыту

Балалар не оқыдық, не білдік?

Бағалау: мақтау – мадақтау арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұнын ба¬яндау.

Автор:
Анар АЛИМБАЕВА бастауыш сынып мұғалімі Абай атындағы қазақ орта мектебі Еңбекшіқазақ ауданы