Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстан Республикасының Үкіметі


23 апреля 2010, 05:08 | 1 774 просмотра



Мақсаты: ҚР Үкіметі туралы түсінік бере отырып, оның қызметінің конституциялық негіздеріне тоқталу

Дамытушылығы: Үкімет туралы ұғымдарын тереңдету, білімін кеңейту, біліктілік дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: ҚР Үкіметінің атқаратын қызметін аша отырып, өз елінің адал азаматтары болуға тәрбиелеу

Міндеттері:

-мұғалім мен студенттер арасында ақпарат алмасу

- оқушының шығармашылығын қалыптас-

тыру, дамыту

- негізгі көрсеткіштерге талдау жасау

Түрі: Жаңа білімді хабарлау сабағы

Әдіс тәсілдері: іздену, сұрақ жауап, көрнекілікті ой топтастыру

Пәнаралық байланыс: Қ.Р Әкімшілік құқығы

Көрнекілігі: слайдтар, тірек сигналдары, интерактивті тақта, сызбалар, сатылай комплексті талдау

Барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын қысқаша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе бөлім. І кезең

А) Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады (Тақтаға жазылып қояды және слайд арқылы)

Ә) Жоспармен таныстыру:

1. Үкімет-атқарушы биліктің жоғарғы органы

2. Үкіметтің құрылуы мен құрамы

3. Үкіметтің құзыреті

4. Үкіметтің қызметін ұйымдастыру

5. Үкіметтің норма шығарушылық қызметі

IV. Танымдық

Б) Тірек сызбаларды слайд арқылы түсіндіру

№3 слайд

Шектеулер

Республика Үкіметі мүшелері

-Өкілді органның депутаты болуға

-Оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтерден басқа ақылы қызметтер атқаруға

-Кәсіпкерлікпен шұғылдануға

-Коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге, бұл заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеті болып табылатын жағдайларды қоспағанда құқығы жоқ

№4 слайд

Сатылай комплексті талдау

№5 слайд

Үкіметтің норма шығарушылық қызметі

Біріншіден: Парламент пен Президент жүзеге асыратын заң шығару процесі қатысады

Екіншіден: Өз құзыреті шеңберінде норма шығарушылықты жүзеге асырады

Үшіншіден: Министрліктер мен ведомстволардың норма шығарушылық қызметін бақылайды

Төртіншіден: Атқарушы биліктің жергілікті органдарының норма шығарушылық қызметін бақылайды

V. Бекіту, Сөйлесу - ІІ кезең

Балаларды топқа бөлу

1) а) Оқулықпен жұмыс

ҚР Конституциясы бойынша баптармен жұмыс

ә) тақырыпқа байланысты тірек сигналдарын құру, жоспар құру, мақсат қою

б) индукция тәсілі бойынша өз ойын ортаға салу, әлеуметтендіру

2) Деңгейлеп оқыту әдісі бойынша

І топқа жеңіл тапсырма – Сөзжұмбақ шешу

Орташа

ІІ топ – Схема құру, түсіндіру

Қиын

ІІІ топ – тестік тапсырмалар

3) Шатыс тапсырма бір-біріне беру деконструкция тәсілі

ІІІ кезең – қорытындылау

1) Студенттердің алдын ала дайындап келген ҚР Үкіметі туралы қосымша материалдарын оқыту, әңгімелеу

2) Тақтадағы Венн диаграммасын толтыру.

3) Жұппен жұмыс. Қатар отырған студент-

тер бір-біріне сұрақ қояды бағалайды.

а) Түйінді сөздер – тірек сигналдарын жазу. Ой топтастыру

Үкіметке тән белгілер:

б) Нашар оқушылармен жұмыс.

Жай қима қағаздар тарату, жауабын тыңдау.

№6 Слайд

Тірек сигналдары

4) Рефлексия. Бүгінгі сабаққа мінездеме беру

а) Материалды толық қамтыды ма?

ә) Жоспарға сәйкес мақсаттар мен міндеттер мәресіне жетті ме?

б) Қандай жетістік бар?

в) Қандай кемшілік бар?

ІV кезең. Бағалау

V кезең. Үйге тапсырма

1. Жалпы тапсырма: оқулық бойынша толықтырып конспектілеу

2. Үкіметтің норма шығарушылық қызметі

3. Тест құрып келу.

Автор:
А.БЕКБАЕВА, Талдықорған заң колледжінің оқытушысы