Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Денелердің өзара әсері


23 апреля 2010, 05:10 | 1 662 просмотра



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптарын қайталау, пысықтау қорытындылау. Ойын арқылы оқушылардың белсенділігін, ойлау, қабілетін, өтілген тақырыптарға байланысты білім деңгейін арттыруды және барысында жігері мен табандылығын танытуға көмектесу.

Сабақ түрі: Қайталау және қорытындылау сабағы.

Әдісі: ойын сабағы.

Көрнектілігі: магнитті автобустың, қасқырдың,түлкінің бейнелері және формулалары жазылған плакаттар, мультимедиум.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Ой сергіту.

ә) Үй тапсырмасын тексеру.

б) Топ басшылар жарысы.

в) Тапқырлар жарысы.

г) Сенесің бе, сенбейсің бе?

д) Сайыс.

е) Қорытынды.

Оқушылар екі топқа бөліп, «Жолдастық кездесу » жарыс сабағының болатынын хабарлап,олардың жеңістерін әділдікпен бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлаймыз.Әрбір жарыстардағы жауаптарына қойылатын геометриялық фигуралармен бейнеленген.

Өз білімін өте жақсы танытқан оқушыға

Ал жақсы танытқан оқушыға

Орташа қанағаттанарлық жауап берген оқушыларға белгілері беріледі.

Балаларды есептегенде жауаптарын мағынасына, топ мүшелерінің белсенділігіне, бір-біріне деген қарым қатынасында пәндік мағынаны сақтауы ескеріледі.

Толымбекова Венера Бердыйқызы

Туған жылы - 1979жыл 12 қазан

Білімі – жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Мамандығы - Физика пәнінің мұғалімі (1996-2000жж.),

Бухгалтерлік есеп және аудит (2000-2004жж.)

Еңбек өтілі - 6 жыл

Санаты - 9

а)Ой серігі.

б)Топ басшылар жарысы.

1.Цистернаның көлемі 60м3 .Оған қанша тонна бензин құюға болады?

2.Тығыздығы 21300кг/м3 заттан тұратын дененің көлемі 25м3. Массасын есептеп шығырындар.

в)Тапқырлық жарысы.

1.Көлемі бірдей екі парафин шарикті алып бірін суға ,екіншісін керосинге саламыз.Парафин шар суда жүзіп жүр, ал керосиндегі болса батып кетті.Жауаптарыңызды 7 сынып оқулығының 51 бетінде берілген 2 және 3 кестелердің көмегімен судың , керосиннің тығыздықтары жазылған стендіге қарап дәлелдейміз p>су, pпарафин pкеросин < p парафин

2.Бір ыдыста ас тұзы ерітіндісімен қаныққан су бар, екіншісінде тұщы су бар.Шикі картопты алдымен біріншісіне саламыз, екінішісі кезекте таза суы бар ыдысқа саламыз. Сонда шикі картоп таза суға батып кетеді. Ал ас тұзы ерітіндісімен қаныққан суда жүзіп жүреді.

3. МынаV,u,m,F, физикалық шамаларды өлшейтін приборларды атаңдар.

4.Мына алты сөздің (көміртегі,минут,ай,таразы,жел,температура)қайсысы физикалық құбылысты, затты, физикалық шаманы физикалық шаманың бірлігін білдіреді?

5.Қиярды,капустаны,балықты және басқа азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа жатады.

6.Мына мақалдың тәрбиелік және физикалық мәнін түсіндір. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді», «Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді».

7.Жұмсақ жер бетінде жатқан бөренені көтергенде жер бетінде ойылып қалған із көрінеді. Із қандай күштің әсерінен пайда болған?

8.Массасы 4кг кірпіш стол үстінде жатыр. Сол кірпішке әсер ететін күшті табыңдар.

9. Бір ыдысқа бір-бірімен араласпайтын үш сұйық; су, керосин, сынап құйылған. Сонда олар қандай тәртіппен орналасқан? Оқулықтың 51-бетіндегі 2 және 3 кестелеріндегі көрсеткіштерге сүйеніп түсіндіріңдер.

10.Көлемі 5м3 тығыздығы 700кг/м3 қайың ағашының массасын анықтандар.

г) Сенесің бе, сенбейсің бе

Жарыстың бұл түрінде диапроектордан экранға түскен формулалар дұрыс болса ,оқушылар өздеріндегі карточканың жасыл бетін , ал бұрыс болса қызыл бетін көрсетеді.

д)Сайыс/білім сайысы/.

Екі топтың мүшелерін біріне бірі сұрақ беріп сайыс ойыны арқылы білімін тексереді.

е) Қорытынды

Сабақтың соңында әділ қазылар жиналған ұпайлар санын айтып жеңімпазды анықтайды.

Автор:
В.Б.ТОЛЫМБЕКОВА, Бақтыбай Жолбарыс атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, Ескелді ауданы