Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

2013 ЖЫЛЫ ҰБТ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


28 марта 2014, 09:40 | 1 983 просмотра



2014 жылғы 3-15 маусым аралығында республикада Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін болады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 10 жыл ішінде 1 миллион 335 мың адам қатысты, яғни мектеп түлектерінің жалпы санынан 80%-ды құрайды.

Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу форматы өзгермейді. 154 ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде 100 мыңдай мектеп бітіруші түлектері қатысады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі БАҚ-тың қатысуымен педагогтер және ата-аналар жұртшылығының, облыстық білім басқармаларының, білім саласындағы бақылау департаменттерінің қызметкерлерінің, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілерінің, ҰБТ өткізуге жауаптылары мен басшыларының, ЖОО-ның қызметкерлерінің, мектептердің дирек¬торлары мен оқу меңгерушілерінің, ағымдағы жылғы мектеп бітірушілерінің, ҰБТ өткізу пункттерінің басшыларының қатысуымен кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары интерактивтік режимде де өтуде. Интерактивтік режимдегі кеңес жұмысында республиканың ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері мен педагог жұртшылығы қатысуда.

Аталған жұмыстың басты міндеті Ұлттық бірыңғай тестілеу мен оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу ережелері мен технологиясын түсіндіру болып табылады.

Бітірушілер арасындағы түсіндіру жұмыстарына, ҰБТ өткізу кезінде пайда болатын проблема¬ларды: бітірушілердің өтініш беруге еріктігі, тестілеуге қатысу үшін өтінішті уақытылы қабылдау, апелляцияны өткізу тәртібін талқылауға аса көңіл бөлінуде.

Бұдан басқа, Министрдің және Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сай¬тына ҰБТ-ны өткізудің технологиясына қатысты сұрақтар түсуде, оларға толық түсіндірме жауап¬тары уақытында берілуде.

Тестілеуді объективті және ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында Ұлттық тестілеуді өткізу пункттеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы оқытылған өкілдері белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және жергілікті атқарушы органдар барлық ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты және ыңғайлы өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауда.

Автор:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі