Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАРҚЫНДАТА ОҚЫТУ


28 марта 2014, 09:41 | 1 530 просмотров



Білім беру окыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Казіргі кездегі білім берудегі мак¬сат—жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Окушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.

Коғамымыздың экономикалык, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті аза¬мат дайындап, тәрбиелеп шығару зор міндет жүктейді. Жеке адамды қалыптастырып да¬мыту және оған жан-жақты терең білім беру максатында инновациялық технологиядан іздену,білім мазүнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену ұсынылуда.

Сондықтан өз іс-тәжірибемде, сабақ бер үрдісінде мынадай негізгі факторларды басшылыққа аламын:

- окушылардың шығармашылық қызметін дамыту:

а) өз бетінше тапсырмалар беру,

б) рефераттар қорғау;

- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу белсенділігін арттыру;

- окушылармен жекелей, топпен жұмыстар жүргізу;

- үйге окушылардың ойлау қабілетін дамы¬татын есептер беру;

сабақга халыктық педагогика элементтерін қолдану;

окушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру:

а) негізгі теориялық заңдылықтар,

б) формулалардың қоры,

в) өрнектерді түрлендіру,

г) есептер сауаттылығы.

Қандай да бір мәселені шешуде окушылардың қалай ойлайтындығын, олардың ой-өрісін біліп отырудың маңызы зор. Өйткені бұл - окушылардың қаншалықты пайымдай білетіндігін, олардың оқылған ма¬териалды қаншалықты жақсы меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді. Мен жұмысымда оқытудың жаңа педагогикалык технологиялық негізі қарқындата оқытуды алдым. Ол бой¬ынша дамыта оқыту жүзеге асырылады, сондықтан ол оқушының ойлауын. еске сақтауын, белсенділігін, ынтасын, дағдысын, білім сапасының артуын камтамасыз етеді. Қарқындата оқыту технологиясы оқушының белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Жаңа технологияға сәйкес барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, тап¬сырманы орындауына байланысты келесі деңгейге көшіп отырады. Мұндай жағдайда оқушылар арасында өзара жарысумен ка¬тар, әр оқушының өзіндік деңгейіне сай білім алуы қамтамасыз етіледі. Оқушы өзі үлгіре алмаған оқу материалын алдын ала оқытушы дайындаған интенсивті оқу методикалық материалын пайдаланып жетілдіреді. Бұл процеске үйде ата-анасы оқушымен бірге интенсивті методикалық материалды көріп талдап оқушының үлгіру деңгейін артуы¬на көмектеседі. Міне сондықтан: оқушының өзіне деген сенімі артып, білімі шыңдалады. Дәстүрлі оқытудың жұмыс істеудің мақсаты — бекіту, өткен сабакты қайталау болса, қазір оқу материалын жалпылауға байланысты окушылардың жеке фактілерді, физикадан алған білімдерін тұрмыста, техникада қолдана білуіне көңіл аударылады. Әр тақырыпқа бай¬ланысты әр түрлі интерактивтік тапсырмалар беремін. Окушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін өзім жетелеуші «проблемалық» сұрақтар қойып отырамын. Жаңа сабақ игерілген соң оқушыларға деңгейлік тапсыр¬малар беріледі. Адам бойындағы ең асыл қасиеттер-ізгілік пен білімділік, сондықтан білімді, тәрбиелі жастар еліміздің болашағы. Адам тәрбиелеу-аса жауапты. Бәсекелестікке лайықты, білімді жастар «ел межесі -елулік» деген ұрандай мақсатқа жету, дамыған елу елдің қатарында болуға ұмтылыстарымыз азаматтардың тұлғалық, психологиялық, физиологиялық, интеллектуалдық даму деңгейін арттыру үшін үздіксіз білім алуды, халқымыздың бай тәжірибесін зерделеуді, халқымыздың ұлылығына тән ұлттың рухани құндылықтарды негізге алып, жасампаздық жолында табандылықпен еңбек ету ең басты шарт.

Қазіргі заман талаптарына қатысты ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан¬дарты, ұлттық бірыңғай тесті, мемлекеттік аралық бақылау үлкен жауапкершілікті алға қояды, сапалы оқыту және қосымша жұмыс істеуді қажет етеді.

Сынақ тәжірибе жұмыстарында мұғалімнің сабақтағы қызметінің орны ерекше болуын уақыт міндеттейді, сонымен сабақтың баста¬луы:

1. Мұғалім сабақты тақырыпқа қатысты оқу- әдістемелік нұсқауларға сай мақсатын нақты алға қояды.

2. Оқушылардың сабаққа даярлығын анықтап, жұмысшы ахуал жасайды.

3. Сабақты мүмкін болғанынша түрлендіріп, элементтер орнын алмастыру мәнді.

4. Әрбір сабаққа мұғалім теориялық, әдістемелік, дидактикалық тұрғыдан даярла¬нуы қажет.Сабақта көрсетілетін иллюстрация, көрсетулерге ретімен бірнеше оқушыларды- ассистент ретінде қатыстыру, бірге жасау, жаттыққан, дағдыланған жағдайларда түсінік беру маңызды.

1-ден, сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір окушының белсенді түрде қатысуын кадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады.

2-ден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді.

3-ден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу окушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен катар тәртібі мен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының ізденімпаздығы, шығармашылығы дамиды. Сөз соңында ай¬тарым, жалпы жаңа педагогикалық техноло¬гияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, окушылардың білімге деген оку-танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам тала¬бына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.

Автор:
Г.С. КЫДЫРАЛИНОВА, физика пәнінің мұғалімі «Қоңыр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ескелді ауданы.