Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бәрекелді!!!


22 апреля 2010, 23:16 | 1 474 просмотра



«Білім шапағаты» газеті ұстаздардың мәртебесін көтеруге, олардың құқығын қорғауға алғашқы санынан бастап, ат салысып келеді. Естеріңізде болса, өткен жылғы (№30-31, 2009 ж) санында біздің журналисіміз Әлия Тілеужанның «Тағдырымен тайталасқан ана» атты мақаласы жарық көрген болатын. Онда ауру қызымен тұратын жалғызбасты ұстаз-ананың тірлік тауқыметі сөз етілген. Редакциямызға журналистің мақаласында көтерілген кейіпкердің тағдырына алаңдаған көптеген оқырмандарымыз хабарласып, өз пікірлерін білдірген болатын. Жуықта, журналист Әлия Тілеужан Қаратал ауданының білім бөліміне арнайы барып, жауапты тұлғалармен жолығып, осы мақала төңірегінде қамтылған мәселелер қалай шешіліп жатқандығын аңдап қайтқан болатын. Төменде Қаратал аудандық білім бөлімінің бастығы Сембай Тыныстанов мырзаның редакцияға арнайы жолдаған хатын қаз-қалпында ұсынып отырмыз. Бұл мәселені ары қарай да, «Білім шапағаты» газеті өзінің қатаң назарында ұстайды.

Автор:
Редакция