Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ – ЭЛЕМЕНТ»


28 марта 2014, 15:53 | 1 026 просмотров


Оқушыларға химия, биология ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе оты¬рып, ойын элементтері арқылы қосымша мате-риалдардан мағлұмат беру, өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа бау¬лу мақсатында 8, 9, 10-сынып оқушыларымен «Тіршіліктің тірегі – элемент» кешін өткіздім.

І бөлім. «Тапқырлар», «Алғырлар», «Ой¬шылдар» болып бөлінген топтар өздерін таны¬стырады.

Сайысқа түсуші үш топқа, сабырлық пен жеңіс тілей отырып ойын шарттарын атадым.

ІІ бөлім. Лездемелік сұрақ. Бұл бөлімде әр топқа 5 сұрақтан беріліп, кім жылдам екенін анықтаймыз.

«Тапқырлар» тобына:

1. Жапырақтарға жасыл түс беретін қандай заттар? (хлоропластар)

2. Мидың орташа салмағы қанша? (1300- 1400)

3. Адам ағзасындағы ұлпаның неше түрі кездеседі? (эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке)

4. Индекс, коэффициент дегеніміз не? (ин¬декс – атом санын, коэффициент – молекула санын көрсетеді)

5. Табиғатта бос күйдегі молекулалық оттекті бөліп шығаратын реакция. (фотосин¬тез)

«Алғырлар» тобына:

1. Барлық бөліктері бір-бірімен байланысқан, тұрақты өзін-өзі зерттеуші экологиялық жүйе? (биогеоценоз)

2. Хромосомада құрылыс қызметін атқаратын нәруыз? (гистон)

3. Митохондрияның ішкі бөлігіндегі қатпарлы бөлік қалай аталады? (кристалдар)

4. Бейметалдардың жалпы саны? (22)

5. Ас содасының формуласы? (NaHCO3 – натрий гидрокарбонаты)

«Ойшылдар» тобына:

1. Жасуша жарғағын (қабықшасын) биологиялық термин бойынша қалай атай¬мыз? (мембрана)

2. Күзгі жапырақтардың сарғаюы немесе қызаруы қандай пластидтердің болуына бай¬ланысты? (хромопластар)

3. Жасушаның негізгі құрылыс материалы болатын органикалық зат? (белок)

4. Құрылыс теориясының негізін қалаушы кім? (А.М.Бутлеров)

5. Гидрлену реакциясы дегеніміз не? (сутектің қосылу реакциясы)

ІІІ бөлім. Пошта жәшігі. Элемент пен биологиялық атауларды дұрыс жазуға тыры¬сады.

«Тапқырлар» тобына: исклртал – кристалл, акцияер – реакция, нецаграм – марганец, лек¬среф – рефлекс, іркөмсу – көмірсу.

«Алғырлар» тобына: кетот – оттек, қлышқы – қышқыл, ғақорсын – қорғасын, сужаша – жа¬суша, уызнәр – нәруыз.

«Ойшылдар» тобына: тіліксіл – сілтілік, тез¬синфото – фотосинтез, оряд – ядро, маплаз – плазма, тоза – азот.

IV бөлім. Полиглот. «Ақыл-ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген екен Ғ. Мүсірепов. Тіл ұлттың жаны, халықтың үні. Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет. Қазақтан шыққан өткір ойлы, жан-жақты ғұлама этнограф, та¬рихшы, әдебиетші, географ, саяхатшы Ш. Уәлиханов 8 тілде еркін сөйлей алған. Ал, да¬рынды жастарымыз үш тілді меңгерген.

Химияға, биологияға қатысты мақал- мәтелді аяқтап, сол сөзді тауып, үш тілде айтып ұпай жинайды. Бұл жерде биология – ағылшынша, химия – латынша.

«Тапқырлар» тобына: «От – көмір жейді,

Тат ..... жейді». (темір, железо, ferrum)

«Адам көркі шүберек

Ағаш көркі .....». (жапырақ, лист, leaf)

«Алғырлар» тобына: «Ақыл арымас, ..... шірімес». (алтын, золото, aurum)

«Қыз өссе елдің көркі

..... өссе жердің көркі». (гүл, цветок, flower)

«Ойшылдар» тобына: «Мақтаның анасы жер,

Атасы .....». (су, вода, water)

«Аз сөз алтын,

Көп сөз .....» (күміс, серебро, argentums)

V бөлім. Үш артық қосылысты табыңыз? Берілген сөздерден артық сөзді алып тастап, дұрыс жауапқа тиісінше ұпай жинайды.

«Тапқырлар» тобына: Сілтілік металдарға жататын элементтер: 1.литий; 2.натрий; 3.алю¬миний; 4.калий.

Қанның құрамын анықтаңыздар: 1.эритро¬циттер; 2.миокард; 3.лейкоциттер; 4.тромбо¬циттер.

«Алғырлар» тобына: Тұздар класына жата¬тын элементтер: 1.натрий сульфаты; 2.күкірт қышқылы; 3.кальций хлориді; 4.магний нитра¬ты.

Митоздың төрт сатысы: 1.профаза; 2.цито¬плазма; 3.анафаза; 4.телофаза.

«Ойшылдар» тобына: Галоген тобына жа¬татын элементтер: 1.күкірт; 2.фтор; 3.хлор; 4.бром.

Генетиканың негізін қалаушы ғалымдар: 1.Иогансен; 2.Бэтсон; 3.Мендель; 4.Навашин.

VI бөлім. «Ең, ең, ең ...». Бұл кезеңде табиғаттың ең ерекше ағзаларын дұрыс анықтап айту керек.

1. Ең кішкентай өсімдік. (Австралия орхиде¬ясы)

2. Ең үлкен жеміс. (Қабақ)

3. Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)

4. Ең тереңде өсетін балдырлар тобы. (Қызыл балдырлар)

5. Ең үлкен өсімдіктер класы. (Қосжарнақтылар)

6. Ең биік ағаш. (Ротанг пальмасы)

7. Ең үлкен балық. (Каркарадон)

8. Ең үлкен жұмыртқа. (Түйеқұстың жұмыртқасы)

9. Ең жүйрік аң. (Қабылан)

10. Ең ежелгі астық дақылы. (Бидай)

VII бөлім. «Тарихи таным». Бұл бөлімде биология және химия ғылымының саласына еңбек сіңірген ғалымдардың сөзі оқылады. Сол ұлағатты ұғымдар кімдікі?

1. «Әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуінен пайда болады» (Р. Вирхов)

2. «Фермент тіршіліктің қоздырғышы деп айтқан». (И.Павлов)

3. «Жасуша дегеніміз – жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы». (А. Лавуазье)

4. «Тіршілік дегеніміз – нәруызды денелердің өмір сүру тәсілі». (Ф. Энгельс)

5. «Адамда ең алдымен білім емес тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». (Әл-Фараби)

VIII бөлім. Қорытынды. Қазылар алқасы жалпы ұпай сандарын есептейді. Қорытындысын хабарлап, кеште белсенділік көрсеткен оқушыларға сыйлықтар беріліп, «Химия-биология көшбасшысы» деген атақ тағылды.

Автор:
Алмагуль МУХАМЕТБЕКОВА, химия пәнінің мұғалімі Петропавл орта мектебі Сарқан ауданы.