Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бүгінгі жастар келбеті қандай?


23 апреля 2010, 05:17 | 3 583 просмотра


Қоғам ауысқан сайын оның өзіне тән құндылықтары мен тәрбие жолдары да өзгеруде.

Қазақ халқы ежелден тәрбиелі ұрпақты аңсаған, оның бойына адалдық пен тазалық, имандылық дарытып, ата-ана мен салт-дәстүрді құрметтеуді мұрат тұтқан.

Алайда, өзгеріп жатқан заман жас ұрпаққа әр қилы ықпал етіп, бүгінгі күнде жастарымыздың келбеті өзгеріп отырғандығы баршамызға аян. Ол - Батыс елдердің мәдениетіне еліктеушілік, ырқынан шыға алмаушылық.

Бүгінде теледидарды қоса қалсаң, қылмысты оқиғалар, атыс-шабысқа құрылған топтар, жалаң-

аш тән қызығын, нәпсіқұмарлықты уағыздайтын фильмдер - әлі де алды-артын танып білмеген, ақыл-ойы толыспаған жастарымыздың бойын баурап, ойын ластауда. Оның үстіне жұмыстан қолы босамай, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуге мүмкіндігі келмейтін ата-аналардың да енжарлығы ықпал етуде.

Жастар бойындағы осындай қылықтар, әсіресе, қыздар тәрбиесінен анық көрінеді. Қиыншылыққа, жоқшылыққа шыдамай, өмір үшін күресте табандылық таныта алмай, көбірек ақша табудың жолында ар-намысын құрбан етіп, көше бойын жағалаған жас бойжеткендер күн өткен сайын артып келеді.

Ал, осының салдарынан жетім балалар үйлерін толтырып, жәудіреген тастанды сәбилер қатары көбеюде.

Сырттан келген модамен киініп, санын жалтыратып, жалаңаштап жүру де, темекі, арақ ішу де көрінген еркектің көз сүзуіне апаратыны жасырын емес. Ал, бұл әсіресе, қазақ халқының ұлттық менталитетіне жат қылық.

Адами мінездің осындай әлсіз жақтарына ата-ана тәрбиесі неге ықпал ете алмайды?

Бұрынғы Қыз Жібек, Баян сұлу, Қарашаш сияқты батыл қыздарымыздың бейнелері тек сылулықтың ғана нышаны емес, ақылды жардың, қиыншылықта тапқырлық, ерлігімен көзге түскен қайраттылықтың символы емес пе?!

Халық сонымен қатар «қолаң шаш, қиғаш қас, ақылына көркі сай» деген теңеулерді қыздарға арнаған. Ал, осымен бүгінгі қазақ қызының келбетін салыстырып қарасаң, ұлттық дәстүрден қаншама алыстап кеткендігімізді көреміз.

Бұл тәрбиедегі ортаның күші. Қазір орта түгіл, өз ата-анасының көңілін аулай алмайтын жастар қатары көбейді. Кейінгі кезде қазақ әдетіне жат, өзін өсіріп, тәрбиелеп баптаған ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайтындар тағы бар. Сонда тоғыз ай құрсағында көтеріп, туылғаннан кейін де түн ұйқысын төрт бөліп қарайтын шешенің, бала үшін өмірдің суығына тоңып, ыстығына күйетін әкенің бір тиындық құны болмағандығы ма?!

Автор:
А.И.Райханова, М. Жұмабаев атындағы орта мектеп психологі Сарқан ауданы