Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТҮБІР СӨЗ ЖӘНЕ ТУЫНДЫ СӨЗ


28 марта 2014, 15:56 | 1 403 просмотра



Білімділігі: түбір сөз және туынды сөз тура¬лы түсінік беру, оларды сөз құрамына талдай білуді үйрену, түбір сөз бен қосымшалы сөздің құрамы мен мағынасын салыстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, түрлі әдістерді пайдалана отырып, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, сөйлеу тілін да¬мыта отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Өз беттерімен қорытынды жасап, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге машықтандыру.

Тәрбиелілігі: оқушыларды алғырлыққа,тап- қырлыққа,білімділікке сауаттылыққа баулу,өз елін сүюге, патриоттық сезімге тәрбелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық, өзіндік ізденіс.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Қызығушылықты ояту.1.Ойларын ашық айту.

2.Сауатты жазу.

Психологиялық дайындық.

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын,

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабғымызды бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру.Әр сызбаға сай сөз тауып жаз.

Ой қозғау.Зымыран сұрақтар.1.Қосымша дегеніміз не?

2.Жұрнақ дегеніміз не?

3.Жалғау дегеніміз не?

4.Түбір дегеніміз не?

Ой ашар.Жаңа сабақ.Іскер Жұмысшы Татулық

Талапкер Аспазшы Оқулық

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.Бүгін балалар, біз сен¬дермен еліміздің бас қаласы Астанаға саяхат жасаймыз.

Аялдама-1

Бәйтерек

Бәйтерек туралы мәліметті Исатай Диас береді. 14-жаттығу.Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды сәйкестендіру арқылы жаңа сөз жаса.

Аялдама-2.

Хан шатыры сауда ойын-сауық орталығы. Бұл туралы мәліметті Асқат Әли береді. Тақтамен жұмыс.Туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талдау.Мақалдың мағынасын қалай түсінгеніңді айт.

Аялдама-3.

Астанадағы алып стадион.Ойын «Өз орныңды тап».Өз себеттеріне тиісті сөзді салу. Жазушы, өнер,іскер,ертеңгі, көңілді,іс,егін,жаз, балапан,балалық,әнші.

Аялдама-4.

Астанадағы Ұлттық кітапхана тура¬лы Қатшыбек Фатима мәлімет береді.17- жаттығу.Туынды сөздерді теріп жазу.-Кітапханаға барғандығы туралы әңгімелеу.

Аялдама-5

Назарбаев Университеті. Мәліметті Оңғарова Аяу¬лым береді.

19-жаттығу. Берілген сөздердің кейбірінен заттың атын білдіретін, заттың сынын білдіретін сөздер жаса.Ұш жақсы,сән, мейірім,біл,оқу,өнер.

Аялдама-6. «Қазақ елі» монументі.20-жаттығу.Қай гүлге қай көбелек қонғанда жаңа сөз жасалатынын анықта.

Аялдама-7. Астанадағы Темір жол вокзалы. Темір жол вокзалы туалы Нұрмұханбет Мирас мәлімет береді.

Қорытынды.

ХII.Ой түйіндеу.

1.Жуан дауысты дыбыстарды ата?

2.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата?

3.Әдемі, ынталы, ұзын сөздері қай сөз та¬бына жатады?

4.Оқушылар жазушылармен кездесті.

Осы сөйлемнен тұрлаусыз мүше болып тұрған сөзді тап.

5.Көптік жалғауларын жаз.

6.Түбір сөзге жұрнақ қосылу ақылы жасалған сөзді не дейміз?

7.Кітапханашы сөзін буынға бөліп, сөз құрамына талда.

Үйге тапсырма.18-жттығу.

Жаңылтпашты жатқа жазу.

Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.

Автор:
Роза ИСАБЕКОВА, бастауыш сынып мұғалімі. Сарыөзек орта мектебі, Кербұлақ ауданы