Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIY – XY ҒАСЫРЛАРДАҒЫ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ


28 марта 2014, 15:58 | 1 145 просмотров


Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі білімді, ғылымды меңгеріп, артына өшпес із қалдырған ғұламалармен таныстыру, XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тама¬ша үлгілері – ескерткіштер, қолданбалы өнер туындыларын, қазақ жерінде қандай мәдени орындар бар екенін түсіндіру, кесенелерді, құрылыс, материалының жоғары сапалы болғаны жөнінде түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: кесенелердің, ғимараттардың ою - өрнектермен безендірілуіндегі ерекшеліктерді салысты¬ра отырып, оқушыларды өз халқының бай мәдениетімен таныстыру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін айтып, жеткізе білуге үйрету. Рухани байлығын көтеру.

Тәрбиелік: өз елінің, жерінің, басқа ұлттардың тарихи ескерткіштерін қорғауға, өнер ескерткіштерін түсініп, бағалай білуге, өз ұлтының мәдениетін жоғары деңгейде өркендеуіне үлес қосуға, Отанымыздың байлығын қастерлеп, тарихты бағалай білуге, патриоттық сезімін қалыптастыру, имандылыққа тәрбиелеу, Отанын сүюге үйрету.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы, ˝Көш ˝ ойы¬ны.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, бейнелеу өнері.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ауызша әңгіме, көрініс, көрнекіліктер.

Сабақтың көрнекілігі:Кесенелердің суреті, Қазақстан мәдениеті туралы бейнефильмнен үзінді.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылардың ынта - зейінін, назарын сабаққа аудару, күннің атын, сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1 – топ. Арыстан баб 2 – топ Қ. А.Яссауи 3 – топ Алаша хан

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1 – тапсырма.

Өткен параграф бойынша оқушылар бір – біріне сұрақ қойып, пікірталас ұйымдастырады.

1 – топ.

1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?

2. Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?

3. Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесіңдер?

2 – топ.

1. Қандай аңыз әңгімелерді аспан денелері туралы баяндалады?

2. Авторы белгілі ауызша поэзияның өкілдері кімдер?

3. Жазбаша әдебиет өкілдері кімдер?

3 – топ.

1. Музыка қалай пайда болды?

2. Дінинаным – сенімдердің қандай түрлерін білесіңдер? Ислам діні қай хандар кезінде кеңінен тарала бастады?

3. Шаманизмнің қандай наным – сенімдері сақталған?

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспары:

1. Сәулет өнері.

2. Қ.А.Иасауидің кешенді кесенесі.

3. Алашахан кесенесі. Көккесене.

4. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі.

5. Қолданбалы өнер.

Сәулет өнері дегеніміз не, қалай түсінесіңдер?

Балалар, сәулет өнері Қазақстанның X – XII ғ. Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей ба¬стады. XIII ғасырда Монғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен кесірін тигізді. XІV – XV ғасырдың басынан архитектуралық маңызы бар ірі құрылыс салына бастады, ол кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілері Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас сияқты кесенелер жатады.

Компьютерден осы кесенелердікөрсетіп, саяхат жасаймыз. Кесенелердің орналасқан жерін картадан оқушылар көрсетеді.

Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи туралы айту.

IV. «Көш « ойыны.

Тақтаға 9 түйенің суреті ілінеді, түйенің өркешінде сұрақтар берілген. Ойын барысын¬да әр топтың басшысы 3 сұрақтан алып, тобы мен ақылдаса отырып жауап береді.

1. Сәулет өнері деген қандай өнер?

2. Арыстан баб кесенесі қанша рет қайта са¬лынды, неге?

3. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің құрылысыжайлы не білесің? Кесенені кім сал¬дырды, қандай мақсат көзделді? Аңызын білсеңайт.

4. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі туралы не білесің?

5. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?

6. Моншалар қай қаладан табылған?

7. Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан? Кесененің қандай ерекшелігі бар?

8. Қолданбалы өнер дегеніміз қандай өнер?

9. Шебер ғимарат сәнді болу үшін нелерге көңіл бөлді?

V. Көрініс.

« Бала Сұлтан ұстазына кезікті «.

Кішкене ӘзіретСұлтанныңұстазы Арыстан¬бабтан « Құрма «, яғни пайғамбарымыздың аманатын алуы жайында.

Ұстаз: БалаСұлтан қайда екен..? Мен Ары¬станбаб бабамын.

Бала:Іздегенің мен болсам, алдыңдамын бабашым.

Ұстаз:Мынау пайғамбарымыздың аманаты « Құрма «, қабыл ал...

Бала:Ә... Еті сәнгә, сүйегі мәңгі болыпты да...

Ұстаз: Неге олай дейсің балам, мен сонша уақыт сақтадым ғой...

Бала:Жарайды бабам, Сізге халық түнесін, маған келіп тілесін.

Ұстаз:Қош, ұлым...

Бала:Қош, баба.

VI. Жаңа сабақты бекіту.

VII. Жаңа сабақты қорытындылау.

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма.

Автор:
Балжан УСЕРОВА, тарих пәні мұғалімі «Н.К. Крупская атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданы