Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ХАЛЫҚҚА ЖЕТКІЗ КҮЙІМДІ


28 марта 2014, 09:58 | 2 432 просмотра



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ә.Сарсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді» мазмұнын ашу, күй атасы Құрманғазы және Дина туралы тереңірек түсінік бере отырып сөздік қорын молайту, әр оқушының қабілетін, ойын, тілін дамыту, түсініп оқу дағдысын қалыптастырып, есте сақтауға дағдыландыру.

Дамытушылығы: сын тұрғысынан ойлай білуге, өз ойын жүйелі баяндап айта білуге, өз бетімен білім алуға, дағдыландыру, ұжымда, топта жұмыс жасай білуге жағдай жасау.

Тәрбиелілігі: оқушыларды күй өнерін түсіне білуге, домбыра сияқты қазақ халқының қасиетті аспабын құрметтеуге өнер адамда¬рын тануға, күй өнеріне деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасау.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, түсіндіру, шығармалар кестесі, бес жолды өлең, блум таксаномиясы, RAFT, түртіп алу стратегиясы.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Дина мен Құрманғазының суреттері, слайд, маркер¬лер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Қызығушылығын ояту.

1. Мен мектепте сабақтамын.

2. Мен қазір сабақты бастаймын.

3. Мен оған өте қуаныштымын.

4.Мен барлаушы сияқты бәрін барлаймын.

5. Есімде жақсы сақтаймын.

Бәріміздің көп оқығымыз келеді.

Таспадан Құрманғазының күйін тыңдау.

Ой шақыру.

Қалай ойналды?

Қандай аспапта?

Қандай әсер қалдырды?

Біздер тыңдаған күй қазақтың күйшілік өнеріне өшпестей үлес қосқан әйгілі күйші Құрманғазының «Балбырауын», «Көңіл толқыны», «Адай» күйі.

Ендеше Құрманғазы жайлы біз осы уақытқа дейін не білеміз?

Ол кім?

ІІ. Мағынаны тану.

Автор туралы түсінік (слайд).

Өлеңдер мен пьессалардың авторы, көптеген төс белгілерімен марапатталған. Қазақстанның халық жазушысы 1905 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1997 жылы дүниеден өтті.

Бүгін біз Ә.Сарсенбаевтың халыққа жеткіз күйімді әңгімесімен танысамыз.

Балалар биыл қай жылы?

Жылқы жылы туралы әңгімелету?

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.

Суретпен жұмыс.

Түртіп алу стратегиясы. Сөздік жұмыс.

Слайд

Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы.

Бұл әңгімеде кімдер туралы әңгімеленіп отыр?

Бұл адамдардың есімдері таныс па?

Олар жөнінде не білеміз?

Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті?

Құрманғазы неге налыды, неге қуанды?

Динаның Құрманғазы атасының алдында ойнап берген күйі қалай аталды?

Құрманғазы Динаға қандай бата берді?

Дина атасына қандай ант берді?

Ол анттын қалай орындады?

ІІІ. Ой толғаныс.

Топпен жұмыс.

1, 2 топ. Домбыра туралы әңгіме жазу.

Мысалы: мен қазақтың қара домбырасы¬мын, мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын, мен адамның көңіл-күйін көтеремін.

3 топ. Бес жолды өлең

Күйші

4 топ. Бес жолды өлең

Құлын

5 топ. Домбыраның суретін салу.

Шығармалар кестесі

Аты

Авторы

Кейіпкер

Оқиға болған жер

Оқиғаның шиелініскен жері

Қанағаттандың ба?

Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, өнер туралы мақал –мәтел жазу.

Автор:
Р. ГОЛЖАКОВА, бастауыш сынып мұғалімі қазақ орта мектебі МДШО Шамалған станциясы.