Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАҢА ЖОБА АЯСЫНДА


28 марта 2014, 10:03 | 2 091 просмотр



19-20 наурыз аралығында Мемлекеттік жалпыға міндетті бастау¬ыш білім беру стандарты жобасын ау¬дандар мен әртүрлі арнайы топтардың назарына ұсыну мақсатында бірнеше басқосулар өтті. «Білім шапағаты» газеті тілшісі сондай бір басқосудың қонағы болып қайтты.

Бастапқыда жалпыға міндетті ба¬стауыш білім беру стандарты жобасын түсіндіру Талдықорған қаласындағы №9, №14 орта мектептерінде бол¬ды. Бұл жиындардың қатысушылары педагогикалық жоғары оқу орындары және колледждердің өкілдері, Жергілікті мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, облыстық және аудандық білім беру бөлімдерінің әдістемелік қызметкерлері, Ата-аналар комитеті,бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бол¬ды.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті - Г.С. Сыздыкова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру саясаты мен бағдарламалары басқармасының аға менеджері – Ж.Бекболатов, Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры–Г.К.Байжикенова осы жаңа стандарттармен таныстырған, әрі толық мәлімет берді.

Сондай-ақ, Алма¬ты облыстық «Жетісу» т е ле р а д и о к о м п а н и ¬ясы ғимаратында аталған топ өкілдері жаңа стандартар жай¬лы БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Аталған жиында талқыланған негізгі мәселе - орта білім мазмұнын жүйелі түрде жаңартудың қажеттілігі төңірегінде болды. Бұл қажеттілік уақыт талабы. Әрі білім сапасын көтерудің бірден-бірі жол екені айтылды. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты жобасының негізгі ережелері мен артықшылығын түсіндірген ма¬мандар жаңа стандартар бойынша оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың критериалды жүйесіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру және қолдау маңыздылығы айтылды. Елбасы жол¬дауында «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарба¬ев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» -делінген еді. Осы бағытта жаңа стандарттар Назар-баев зияткерлік мектептеріндегі оқыту әдістеріне негізделмек. Бастауыш білім берудегі жаңа стандарттар мен бағыттар түсіндірігеннен кейін журналисттер баяндамашыларға бірнеше сұрақтар қойып, жиыналғандар қызу пікір талас жүргізді.

Автор:
БШ ақпарат