Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АСТЫҢ АУЫЗ ҚУЫСЫНДА ҚОРЫТЫЛУЫ


4 апреля 2014, 07:32 | 3 915 просмотров


Сабақтың мақсаты: Асқорыту мүшелерінің құрылысы және қызметімен танысу, адам ағзасы үшін маңызына және зат алмасуда алатын ор¬нына тоқталу. Сілекей бездері мен сілекейдің құрамы туралы мәліметтер бере отырып ас қорытудағы ферменттердің роліне тоқталу.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Асқорытудың адам ағзасы үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Ағзалардың барлығының бір-бірімен байланы¬сын айту.

Дамытушылық: Пәнаралық байланыс арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру. Жаңа тех¬нологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім, білік, дағыдысын қалыптастыру және өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, салауатты өмір сал¬тын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтипі: жаңа білім беру

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: Дамыта оқыту. Сұрақ-жауап, тірек-сызба белгілері, топтық жұмыс.

Көрнекілік: Слаид, электрондық оқулық, тіс және ауыз қуысының моделі, плакаттар. Крахмалға қайнатылған дәке, йод, су, мақта оралған таяқша, табақша.

Пән аралық байланыс: химия, математика, валеология, медицина, латын тілі, халық педа¬гогикасы пәні.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Жаңа сабақты бекіту

V. Қорытындылау, бағалау

VI. Үйге тапсырма

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен аман¬дасып, түгелдеу. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасы: «Миға шабуыл» әдісі арқылы «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбы сұралады.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Отыз екі орағым бар ғажайып,

Әттең, кейін кетеді ғой азайып. (Тіс)

Дәу үңгiрдiң қақпасы,

Жабылады, ашылып,

Жоқ болса да топсасы. (Ауыз)

Күмiс қазықтың

Асы алтын. (Тiл мен Сөз)

Жұмбақ шешуде байқағанымыздай бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ауыз қуысында астың қорытылуы деп аталады.

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

1. Ауыз қуысы және оның құрылысы.

2. Сілекей бездері.

Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma — ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады. Ауыз куысында ас (азық) механикалық өңдеуден өтеді: ол шайналады, ұсақталады, сілекеймен араласып жібиді, жүтуға дайындалады. Сілекей құрамындағы ферментгердің әсерінен ас (азық) құрамындағы крахмал қорытыла бастайды (глюкозаға ыдырайды).

Тіл (лат. lingua, гр. glossa) — ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшықетті қимылы жақсы жетілген мүше. Тіл - тіл түбірінен, тіл денесінен, тіл арқасынан тұрады. Тілде екі бүйір беті және ұшы болады. Кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда механикалық және дәм сезу емізікшелері орналасады. Механикалық емізікшелерге жіпше және конусша, ал дәм сезімі емізікшелеріне саңырауқұлақша, қорғанша және жапырақша емізікшелер жатады. Тіл ауыздағы асты шай¬нау, жұту жұмыстарын іске асыруға көмектеседі. Сондай-ақ, ол астың дәмін сезеді.

Тіс (dentes) – адамның және омыртқалы жануарлардың ауыз қуысында (кейбір балықтардың жұтқыншағында) орналасқан сүйек. Тіс азықты ұстау, тістеп үзу, шайнап, ұсақтау қызметін атқарады. Тістің сауыты, мойы¬ны, түбірі болады. Сауыт пен түбірді қызылиекке жалғасатын мойынша (түп) бөліп тұрады. Тіс негізінен дентинненқұралады, оны сауыт жағынан тісті зақымданудан қорғайтын қатты жылтыр эмаль, ал түбір жағынан – құрылысы сүйекке ұқсайтын цемент жауып тұрады. Тістің іші қуыс, онда тіс ұлпасы орналасқан. Ұлпаға қан тамырлары, лимфа және жүйке талшықтары тіс түбірінің ұшындағы қуыс арқылы өтеді. Ересек адамның тұрақты 32 тісі болады. Олар жоғарғы және төменгі жақ сүйекке орналасқан. Олар: 4 күрек, 2 азу, 4 кішкене және 6 үлкен азу тістер. Бұлардың пішіні мен тамырларының саны әр түрлі болады. Жоғарғы және төменгі қатарлар түйіскенде тістер белгілі қатынаста сәйкестеніп бірігеді, оны тістеу деп атайды. Сүт тісінің пішіні де тұрақты тіс сияқты, бірақ көлемі кішірек, та¬мырлары едәуір қысқа, сүт тістері әр қатарда оннан (4 күрек, 2 кіші азу, 4 азу тіс) болады.

•Сүт тістерінің негізі ұрықтың ана құрсағында дамуы сатысында қалыптаса бастайды.

•Сәбидің сүт тісі 6 – 8 айлығында жарып шығып, 3 жаста толық жетіледі.

•Баланың тұрақты тістері 6 – 7 жаста, негізінен 14 – 16 жаста толық шығып болады.

•Ал ақыл тіс 16 – 25 жас аралығында шығады.

Формуласы:

Күрек тіс (incisivi) – і, Сойдақ тіс- (canini)- с, Кіші азу тіс- (praemolaress)- pm,

Үлкен азу тіс- (molaress) – m

2 1 2 3

( і — , с— , pm — , m—) * 2 = 32

2 1 2 3

Тістерді күту

Астың дұрыс қорытылуы үшін тістің сау бо¬луы қажет. Ауру тістер – микробтардың жина¬латын орны. Тістің ауруға шалдығуы кіреуке қабатының жарылып, сынуынан басталады. ( тіспен жаңғақ шағу, темірді тістеу, ыстық және суық тағамды бірінен соң бірін ішкенде, т.б). Оны тек тіс дәрігері- стомотолог емдей ала¬ды. Тістерді зерттейтін ғылым- стомотология. Тісті дұрыс күтпесе тіс тасы, тіс жегісі, қанжел, қанқұрт аурулары пайда болады. Тіс аурулары¬нан сақтану жолдарын үнемі есте ұстау керек.

Сілекей безі (glandula salivalis, лат. glandula — без, saliva — сілекей) — ауыз қуысына сілекей бөледі.

Орналасу орнына сәйкес сілекей безі — қабырғалық және қабырғадан тыс жатқан бездер болып екіге бөлінеді. Қабырғалық сілекей безі ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі қабығында (ерін, ұрт, таңдай, тіл бездері) орналасады. Қабырғадан тыс жатқан сілекей безі ауыз қуысымен өздерінің өзектері арқылы жалғасады. Бұларға шықшыт, тіласты (бұғақ) және төменгіжақ бездері жатады. Сілекей безінің сөлі ауыз қуысына түскен азықты дымқылдандырып жібітеді. Сілекейдің құрамында көмірсуларды ыдыратуға қатысатын ферменттер болады

Сілекей құрамы:

Таза күйінде 98-99% су, 1,5% әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық, қалған мөлшері органикалық зат: нәруыз және ферменттерден тұрады.

Муцин- сілекейді жабысқақ ететін нәруыз.

ІV. Білімді бекіту:

V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма:

Автор:
Береке НАЗЫМБЕКОВА биология пәнінің мұғалімі М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы. ОҚО., Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы,