Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚОСУ ФОРМУЛАЛАРЫ


4 апреля 2014, 07:43 | 3 256 просмотров



Сабақтың мақсаты:

І.Білімділік:

оқушыларды екі бұрыштың қосындысы мен айырымындағы тригонометриялық функциялардың формулаларымен таныстыру, осы формулаларды тригонометриялық функ¬цияларды тепе-тең түрлендіру кезінде қолдана білуге үйрету;

ІІ. Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;

ІІI. Тәрбиелік:

оқушыларды шыдамдылыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұжымдастыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі- баяндау, тест, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекілігі: формулалар, тест, слайд

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

оқушыларды түгендеу, сабаққа ынталарын аудару керектігі ескертілді.

2.Үй тапсырмасын пысықтау

№338

а) 1 ә) 1 б) 0 в) 0 г)

д) 0 е) ж)

№341

а) ә) 0 б) 0

3. Ауызша есептеу/формулалар/

Бос орынды толтырыңдар:

sin2 α+ =1tgα* =1 =1+tg 2α=ctgα= 1+ctg 2α =

4.Жаңа сабаққа әзірлік бағытында өткен тақырыптардан (қайталау сұрақтары, интерактивті тақтада тест сұрақтарына жауап беру)

а) Қайталау сұрақтары

1.α бұрышының синусы дегеніміз не?

2.α бұрышының косинусы дегеніміз не?

3. α бұрышының тангенсі дегеніміз не?

4. α бұрышының котангенсі дегеніміз не?

5.Тригонометриялық функциялардың ширектердегі таңбалары

ә) Тест сұрақтары

1.289º бұрышы қай ширекте орналасқан?

А. І В. ІІ С. ІІІ Д. IV

2.Қай бұрыш І ширекте орналасқан?

А. 439º В. 345º С. 461º Д. 182º

3. 900º бұрышын радианмен өрнектеңдер.

А. 4π/3 В. 4π С. 5π/3 Д. 5π

4. 7π/3 бұрышын градуспен өрнектеңдер.

А. 280º В. 210º С. 420º Д. 490º

5. Өрнекті ықшамдаңдар: sin α * ctg α – 8 cos α

А. -7 В. -7cosα C. 7cosα Д. 7

Тест жауабы:

1. Д 2. А 3.Д 4 . С 5 . В

5.“ Ой қозғау” жаңа сабақты түсіндіру

( интерактивті тақтаны қолдану)

Анықтама: Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының тригонометриялық функция¬ларын сол бұрыштардың тригонометриялық функциялары арқылы өрнектейтін формула¬ларды қосу формулалары деп аталады.

1. cos(α-β)=cosα cosβ+ sinα sinβ

2. cos(α+β)=cosα cosβ- sinα sinβ

3. sin(α+β)=sinα cosβ+ cosα sinβ

4. sin(α-β)=sinα cosβ- cosα sinβ

5. tg(α+β) =

6. tg(α-β) =

7. ctg(α+β) =

8. ctg(α-β) =

Мысал:

cos75º= cos(45º+30º)= cos45º cos30º- sin45º sin30º=

6.“Ой түйін “ сабақты бекіту есептер шығару

Деңгейлік тапсырмалар

А-нұсқа

№343, №345

В-нұсқа

№350 (а, ә), № 353

С-нұсқа

№357

7.Сабақты қорытындылау: төмендегі сұрақтарға жауап беру

Нені білдім?

Нені білмедім?

Не қызықты болды?

Не білгім келеді?

8.Үйге тапсырма: §22 № 347, №348

Бағалау

Автор:
Раушан БОРАМБАЕВА, Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі, Көксу ауданы, Мұсабек ауылы .