Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АС ҚОРЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ


18 апреля 2014, 13:05 | 2 300 просмотров



Сілтеме: оқулық, электронды оқулық, әдістемелік нұсқау

Жалпы мақсаттар: 1. астың адам өміріндегі маңызы, адам ағзасындағы асты қорытып, сіңіруге қатысатын мүшелер, олардың үйлесімді қызметі туралы түсінік - ұғым беру. 2.тазалықты сақтауға, ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа баулу;

3. дүниетанымдарын кеңейту, таным белсенділіктерін арттыру, ой - өрісін дамыту;

Күтілетін нәтижелер: 1.оқушылар ас қорытудың маңызымен танысады

2.ас қорыту жолдарын біледі

3.ас қорыту бездері, олардың маңызын біледі

2.Жоғары ойлау дағдылары қалыптасады.

3.Ынтымақтастыққа тәрбиеленеді

4.Топта жұмыс істеуге талпынады

Түйінді идеялар: Биология сабағында оқушылардың СТО дамыту, АКТ тиімді пайда¬лану дағдысын қалыптастыру.

Орындалатын іс-әрекеттер:топпен жұмыс

Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері. Оқушылардың орындайтын іс-әрекеттері.

Оқыту әдістері

1.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қатысуы, дайындығын тек¬серу, зейінін мақсатқа бағыттау.

Мозаика құрастыру арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді. Шаттық шеңбері.Балалар бір- біріне жақсы тілек айтады.

Ынтымақтастық атмосферасын орнықтыру, топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын тексеру .«Ой қозғау»

Әр топ үйден дайындаған таныстырылымын қорғайды

1.Сұрақ-жауап

а. Күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында қандай күрделі органикалық зат¬тар бар.?.

ә. Тағамдық заттардың құрылыстық қызметі дегеніміз не?

б. Тағамдық заттардың энергетикалық қызметін түсіндіріңіз?

в. Тағамдық заттардың құрамында қандай қосылыстар болады?

г. Бұл заттар ұлпалар мен жасушаларға қалай өтеді?

2.Флипчартпен жұмыс.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

3. Жаңа сабақ

Білу. Өз білетін мәліметтерін пайдалана отырып, практикалық білігі негізінде ізденіске жағдай тудыру. Тапсырманың орындалуына ғылыми негіздеме бергізе отырып өз пікірін даярлауға қолайлы сәт туғызу.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырып,топқа тапсырма беріледі.

1-топқа «Ауыз қуысының құрылысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан»

2-топқа «Аш ішек, тоқ ішек,ұйқы безі,

бауыр»

Әдістері: ой тудыру, қорытынды ойға жете¬лер пікір алмасу;Әр топ постерлерін қорғап, «2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы бағалайды

Түсіну. Сұрақ-жауап

1.Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

2.Ауыз қуысының құрылысы қандай?

3.Қандай асқорыту безі бар?

АКТ-ны пайдалану.

Қолдану. Флипчартпен жұмыс. «Дұрыс орнын тап».Тақтада берілген ас қорыту мүшелерін рет-ретімен тиісті орнына қой.«Соқыр ішек» танымдық хабарлама

АКТ-ны пайдалану. Нақты жауап, дәлелді ізденіс, қорытынды пікірге баулу.

Талдау. Жинақтау.

Флипчартпен жұмыс. «Дұрыс орнын тап»

Тақтада берілген ас қорыту мүшелерін рет- ретімен тиісті орнына қой

«Жасырылған сұрақтарды таңда» оқушылар тақтадан сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді

1.РАФТ әдісі бойынша.

Роль – дәрігер, асқазан

Аудитория – оқушылар, асқорыту мүшелері

Форма – дәріс, хат

Тақырып – «Асқорыту мүшелерінің аурула¬ры» , «Тамақтану гигиенасы»

2.Сергіту сәті

3. «Ежелгі Үндістанда сотта жазаланушының кінәлі, кінәлі еместігін «күрішпен» анықтаған. Айыпталушыға құрғақ күрішті жеу ұсынылған. Егер жесе, кінәсіз болғаны, жемесе кінәлі болғаны. Мұның мәні неде?»

4. «Тамақтану үшін өмір сүрме, өмір сүру үшін тамақтан» дегенді қалай түсінесің? (Сілекей ауызға тағам түскенде өздігінен бөлінеді.Кінәлі адамның қорқыныштан ауы¬зы құрғап қалады, сілекей бөлінбейді, құрғақ күрішті жеу мүмкін емес.Қобалжу,қорқыныш сілекейдің рефлекторлық бөлінуін тежейді. Жүйке импульстары сопақша мидағы сілекей бөліну орталығына хабар бермейді, сондықтан сілекей бөлінбейді екен. Сілекейдің құрамында полисахаридті ыдырататын амилаза ферменті бар. Көмірсу ауыз қуысында ыдырай бастай¬ды.

Шығармашылыққа жетелер түрлі әдістер арқылы ізденіске бағдар беру.

Өзара бағалау

Бағалау Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. Ой қорытуға сабақ соңында сұхбаттасуға шақырар пікір қолдану.

Топ жетекшілері өзінің топ мүшелерін бағалайды, топ аралық бағалау жүргізіледі.

Бірін-бірі бағалау, топ аралық бағалау.

9. Рефлексия

Жауапкершілікті сезіну, қосымша мате¬риалдармен жұмыс істеу, шығармашылық әрекеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашу.

Бүгінгі өткен сабақ бойынша -5 сөйлем, 5 сөз, 1сөз жазыңдар

«Табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаш суреті ілінеді. Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – эколо¬гия, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).

Сары алма: тақырыпты толық меңгермедім

Қызыл алма: сабақ маған түсініксіз.

Жасыл алма: маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Кері байланыс.

Үй тапсырмасы: келесі сабақтың іргетасы. Сыныпта жасаған тапсырмалар төңірегінде тест жұмысын орындау. Үй тапсырмасын дұрыс орындауға бағыт беру

Үйге:§ 43-44

Автор:
Сауле САТЫБАЛДИЕВА, биология пәнінің мұғалімі, Үлкен орта мектебі МДШО Жамбыл ауданы.