Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ НЕГІЗІ


18 апреля 2014, 13:06 | 1 852 просмотра



Бүгінгі кезеңде қай іске де кә¬сі¬би көзқарас қажет. Үнемі үздіксіз алға даму үстіндегі бүгінгі Қазақстандық қоғам талабы, жұмысшы мамандығына деген көзқарас түбірінен өзгерді десе де болады. Бүгінде өндірістің кез- кел¬ген саласының көсегесін өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты меңгеріп, озық технология мен қазіргі замандағы техника тілін жетік білетіндер ғана көгерте алады.

Сондықтан да, өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру, оның сапасын арттыру қажеттілігі туып отыр. Бұл міндет ендігі жер¬де әлеуметтік серіктестік және теория мен практиканың үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылмақ. Сонымен бірге,бүгінде дуальдық білім беру жүйесін де жан-жақты өрістету өмір мен өндірістің өз сұранысынан туындап отырғаны да аян.

Дуальдық білім беру бұл техникалық және жұмысшы кадрлар әзірлеу ісінің бүгінгі заманғы озық жүйесі. Мұндай жағдайда ар¬наулы оқу орындарындағы теориялық білім беру тәсілдері өндірістік кәсіпорындарда практикалық қадамдармен тығыз ұштастырыла жүргізіледі.

Өзінің биылғы жолдауында «Қазақстан – 2050» Стратегиясы халыққа ұсынылды. Елба¬сы Нұрсұлтан Назарбаев басым бағыттардың бірі ретінде – инженерлік білім беру мен зама¬науи техникалық мамандықтар жүйесін дамы¬туды атап көрсетті.

Бұл міндет оларға халықаралық үлгі¬дегі сертификаттар беру жолымен жүзеге асырылмақ. Мұндағы басты мақсат – білім мен кәсіби дағдыларды тығыз ұштастыру бо¬лып отыр.

Елбасымыздың «Жұмысшы жа¬стар – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер,»-деп айтқан сөзі қазіргі таңда экономикамыздың инновациялық сұранысына орай мамандар даярлау мәселесі өзінің өзектілігін көрсетіп отыр.

Өйткені маманның қажетті білімділігімен қатар колледж бітірушілердің біліктілігін аумақтық еңбек нарығы мен халықаралық кәсіби шеберлік стандартына сай қамтамасыз ету маңызды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның бір мақсаты техникалық және кәсіптік білім жүйесін қоғам және экономика¬ны индустриялдық-инновациялық тұрғыдан дамыту, әлемдік білім қауымдастығына кіру сұранысына сәйкес жетілдіру болып табыла¬ды.

Колледждердегі кәсіптік және техникалық білім алған түлектердің білімі мен біліктілігі бүгінгі талапқа сай ма?

Олардың теория мен прак¬тиканы орындау қорытын¬дысы қандай деңгейде?

Мұндай сауалдар тәуелсіз бағалау жүйесі арқылы жолға қойылып, оның қорытындыларына кең жариялы¬лық берілсе, мұндай көзқарас колледждегі маман жұмысшы кадр¬лар әзірлеу ісінің сапасын көтеруге тек оң әсерін тигізбек. Әри¬не, мұндай жағдайда бәрінің мінсіз, кемшіліксіз болуы тіпті де шарт болмаса керек. Өйткені, өмір дағдысы қателіктер мен үс¬тірттіктерден де үйренуге болатынын жоққа шығармайды.

Елбасымыз өзінің «Жалпыға Ортақ Еңбек

Қоғамына қарай 20 қадам»

– әлеуметтік модернизацияны іске асы¬ру бойынша алдыңғы қатарға нағыз өнімді еңбекті шығару міндетін қойды. Бұл қойылған міндетті орындау үшін алдымен техникалық және кәсіптік білім беруді әрі қарай дамытуға күш қажет.

Өйткені техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың мағынасы – «... Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың миссиясы – өңірдің әлеуметтік және экономикалық проблемала¬рын еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзырлы, жоғары азаматтық қасиеттерге бай жоғары білікті жұмысшы кадрлары мен маман¬дарын даярлау арқылы тиімді шешу».

Колледж бітірушілердің кәсіпорындар мен мекемелерде, дер кезінде жұмыс орындарына орналасуы, бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби болуымен қатар, өңірімізге қажетті қосымша мамандықтарға ие деп те айтуға болады.

Мамандар мен жұмысшы кадрларын даяр¬лау үшін ең алдымен колледждер мен жұмыс берушілер арасында өзара тиімді байланыс болу қажет. Осы арада айта кеткеніміз жөн, әлеуметтік серіктестікті табысты дамыту үшін барлық құқықтық және нормативтік алғы шарт¬тар бар.

Әлеуметтік серіктестіктің әсіресе, білім беру саласына қажеттілігі өмірдің өзі көрсетіп отырғанына ешкімнің де таласы жоқ.

Жыл сайын әлеуметтік серіктестіктерден кәсіби тәжірибеден өткен студенттердің жұмысқа орналасу саны ұлғайып келеді. Бұл арада колледж бен мекеме жұмыс берушілермен серіктестігі арасындағы келісім шарттардың әсері де бар. Колледждегі өткен оқу жылында «Снукер» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте құрылыс мамандығы бойынша оқитын топтар жұмысшы мамандығы тәжірибесін құрылыс алаңында өтті.

Биылғы оқу жылында «Ғимараттар мен үймәреттерді салу» мамандығы бойынша оқитын С-211б тобындағы студенттерге осы аталған «Снукер» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен келісім шарт жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, еңбек ұжымы жағдайында біздің студенттердің жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады, ұжымда жұмыс істей, шешім қабылдай білуді, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауды үйренеді.

Соңғы үш жылда колледж бітірушілердің жұмысқа орналасуы 60 пайыздан 80 пайыз аралығында жұмысқа орналасқанын көрсетеді.Жұмысшы мамандарын даярлаудың тиімділік жолын іздестіру біздің мақсатымыз және келешекке деген көз қарасымыз.

Автор:
Б.Ш.ИСМАИЛОВ, Талдықорған политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері.