Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАШЫҚТЫҚ ИНТЕРНЕТ ОЛИМПИАДА – АУЫЛДА


25 апреля 2014, 10:26 | 2 638 просмотров



Заман талабына сай бүгінгі білім де жаңару үстінде, соның айғағы қашықтықтан оқыту олимпиадасы. Ұлы көшке үлес қосқан біздің Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп ұжымы да атсалысып келеді, соның нәтижесі біздің мектебіміз қала бойынша ІІІ орынға көтерілді. Барлық пәндер бойынша мектеп ұстаздары мен оқушылары қашықтық

олимиадасының тұрақты қатысушыларына айналды. Бұл олимиаданың балаға да, ұстазға да берері мол, өйткені бәскелестік арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеп, баланы ұшқыр қиялға же¬телеп, логикалық ойын шыңдайды.

Бүгінгі әңгімеміздің арқауы болып отырған ұстаз – биология пәнінің мұғалімі Ешмұхаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы. Ол қасиетті қара шаңырақ № 11 Есжан Берліқожаұлы атындағы орта мектепте қызықты да, ізденуді керек ететін жауапты ұстаздық жолда қажырлы еңбек етіп келеді. «Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді» деген Ыбырай атамыздың қанатты сөзі, әрбір саналы азаматты ойлан¬дырмай қоймайды. Өз ісінің білгірі болу көп ұстаздың қолынан келе бермейтінін күнделікті кездестіріп жүрміз. Педагогикалық білім алған кез- келген адам мұғалім болу қолынан келсе де, нағыз ұстаз болу келе бермесі анық. «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын ая¬лау» деген екен Ж.Ж.Руссо. Ұстаз оқушыларға білім беруде интербелсенді әдістерді тиімді пайдаланып, қосымша материалдармен жұмыс жүргізе білудің бір түрі қашықтықтан сынақ тапсыру, яғни Қазақстан интернет олимпиадасы талаптары бойынша шәкірттерін биология әлеміне жетелеп, олимпиада шеңберінде оқушы қызығушылығын, ынта- ықыласын арттыруға болатындығын үнемі назарда ұстайды. Соның нәтижесі өз пәнін сүйетін, мұғалім Бейбітгүл Ешмұхаметованың мамандығын ардақ тұтатын жетістіктері көп. Мұның бәрі айналып келгенде, ұстаз құдыреті мен оның еңбегінің нәтижесі болса керек. Бұл орайда биылғы жылдың өзінде халықаралық деңгейде ұйымдастырылған «Videouroki net» жобасына 14 оқушысы қатысып, 3 оқушысы І орын, 2 оқушысы ІІ орын, 2 оқушы ІІІ орын иеленді. Осы оқушыларының жетістігіне орай ұстаз арнаулы «Жүлдегерлерді дайындағаны үшін» сертификат иеленді. Сонымен қатар Қазақстан интернет олимпиадасына барлығы 32 оқушысын қатыстырып, олардың шығармашылық деңгейі мен логикасына қанат бітірді. Соның ішіндегі 7 сынып оқушысы Нұрбол Лаура қала, облыс бойынша ең үздік нәтиже - І орын, республика бойынша күміс жүлдегер атанды.

Қай уақытта болса да мұғалім – қоғамның зиялы тұлғасы. Расында да, Бейбітгүл Тұрсатайқызының ұстаздық ұстанымы – оқушының ойына қозғау салып отыру. Де¬мек, талай шәкірттердің жүрегіне жол тапқан ұстаздың асуы әлі де алда. Мектепте де, ата- аналар арасында да сыйлы , өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын ұстазды - ұжымы мақтан тұтады.

Автор:
Ләззат БАРЛЫБАЕВА, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің Еркін ауылы.