Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЖАС МАМАНДАРҒА» АРНАЛҒАН» «ЖАС ПЕДАГОГ ИМИДЖІ» АТТЫ ТРЕНИНГ-ЖАТТЫҒУ


25 апреля 2014, 10:28 | 6 534 просмотра



Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық аху¬ал қалыптастыру. Жас мамандардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл- күйін көтеру.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд

Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас ма¬ман! Әрбір бала-бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»

Психолог: Құрметті ұстаздар!

Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдары¬мызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де ала¬тын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз.

Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толты¬рады.

2. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ

«МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ

Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.

Нұсқау: көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.

Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.

Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопк карталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрв нбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалі мрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлв гкдәптершввр…….

3.Жағдаяттар

1.Оқушы үй тапсырмасын 2-3 күн қатарынан орындамай келеді. Сіз 1-2 рет ескертуден кейін, оқушыға дауыс көтересіз. Оқушы есікті қатты жауып рұқсатсыз сыныптан шығып кетеді. Сіздің әрекетіңіз?

2.Мұғалімдер бөлмесіне кіріп келе жа¬тып, сізді әңгімелеп жатқаның естисіз. Сіздің әрекетініз?

3.Сіз сабақ жүргізіп жатырсыз, сыныпқа рұқсатсыз пән мұғалімі немесе сынып жетекшісі келіп, сыныптағы оқушыларға ұрыса жөнелді. Сіздің әрекетіңіз?

4. Психогеометриялық тест

1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;

2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;

3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға

мүмкіндік береді. Психогеометриялық

тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі–85%!

Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигу¬раларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз

5.Сергіту сәтті (бәріміз билейік)

6. Жас мамандарға көмек слайд

7№Әуенді терапия

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнелен¬ген суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе:- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін ау¬дарып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі. Уақыты: 7-10 минут 8.ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.

Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабы¬на – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.

45-50 ұпай жинасаңыз:

Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.

30-21 ұпай жинасаңыз :

Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену ке¬рек.

15-11 ұпай жинасаңыз:

Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.

9. Жүректен - жүрекке

Әр адам бір- біріне жылы лебіздерін білдіріп, бір- біріне жүрекшелерін сыйлайды.

Психологтың қорытынды сөзі.

Арман, мақсат, тілегі бір жастар едік,

Еңбек жолын бәріміз бір бастап едік.

Жастық жалын жігерімен шабыттанған,

Жаңа келген жас маман.

Шебер ұстаз болу да бар ойымызда,

Жастық оты лапылдаған бойымызда.

Арманымыз бірге, орындалсын күнде,

Бәрімізде бірдей мақсат, бір мүдде.

Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз,

Келешекте ісін жалғап біз барамыз.

Жас бүлдіршін, балғын бала, шәкірттердің

Ой санасын ашамыз.

Білім беру жолында еш аянбаймыз,

Шәкірт үшін мәуелі бақ саяңдаймыз.

Тілегі бір жастар, жақсылыққа бастар.

Ісі үлгі, жаны ізгі ұстаздар!

Еліміздің ертеңі

Жас ұстаздың қолында.

Жас ұрпақтың тағдыры

Ұстаз, сенің қолыңда!!!

Қорытындылау.

1. Жас мамандардың оқушылар арасында мәнерін жетілдіру.

2. Сабақты ізденіспен,оқыту әдістерін қолдана отырып өту.

Автор:
Меруерт ИКСАНОВА, №1 ОМ МДШО-мен педагог- психологы, Текелі қаласы.