Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тақырыбы: «ҚАРЫНДАШ»


25 апреля 2014, 10:31 | 2 287 просмотров



Мақсаты: балалардың қол қимылдарын дамыту және ермексазды дұрыс қолдануды үйрету.

Көрнекілігі: түрлі – түсті ермексаз, қыз және ұл қарындаштар және қарындаш қалпақтар, шарлар.

Әдісі: түсіндіру, көрсету.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру, сезімін ояту

Балалар бүгін сәрсенбі, Ақпанның 6-сы, ба¬лалар бүгін аз сияқтымыз ғой, арамызда кім жоқ?

-Ардана, Қыдырәлі, Анель қайда?

-а,а мына жақта «Қарындаштар» келе жа¬тыр екен ғой!

-қане, балалар, қарандаштармен бірге шаттық шеңберін жасайықшы!

Шаттық шеңбері

Аспанға қарап, күн көрем,

Астыға қарап, жер көрем.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрем!

Балалар, бір – біріне жүрек жылуын сыйлап, сабағымызды бастайық.

Осы жақсы көңіл күйімізбен орнымызға отырайық.

Қолдарын ұстап сермеу.

Қолдарын жоғары ұстап жаю.

Қолдарын шапалақтау.

Балалар бір – біріне тілектер айтып отыра¬ды.

Бәріміз дос болайық!

Күніміз жақсы өтсін!

Еліміз мықты болсын!

Ата – анамыз күліп жүрсін!

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Бәрекелді енді орнымызға отырамыз бала¬лар.

-балалар мынау не? (тақтада)

-онымен не істейміз?

-қарындашты ұстап көрсету, балаларға қарандаштар тарату.

Ал,балалар ермексазбен жұмыс жасамас бұрын қолымызды жаттықтырып алайық. Қане «Торғай» өлеңін айтады.

Балаларға түрлі – түсті ермек¬сазды таратып, есуді көрсету. Алақанмен үстел үстінде есуді үйрету.

Сергіту сәті:

Ал, балалар демалып алайық.

Қоян қалай секіреді, ат қалай шабады, құстар қалай ұшады, ор¬манда аю қалай жүреді, ал ерке балалар қалай жүреді.

-қарындаш.

-бояймыз.

- балалар көрсетеді.

-балалар хормен айтып, іс – қимылмен көрсетеді.

-балалар ермексазбен түрлі – түсті қарындаштар жасап шығарады.

-балалар қоян сияқты секіреді, ат сияқты шабады, құстар сияқты қанаттарын жайып ұшады. Аю сияқты қорбаңдап жүреді.

Қорытындылау. Өзін – өзі бағалау.

Балалар қарандар мынау не? «Сиқырлы дорба!» оның ішінде не бар екен?

-қане, көрейікші.

-балалар Нұрдананың қолындағы не?

-дұрыс айтасындар.

-қарындашпен не істейміз?

-дұрыс балалар, бүгін бәріне сабаққа өте жақсы қатысқандарын үшін «жұлдызша» беремін, кешке ата – аналарына көрсетесіңдер.

Балалардың әр қайсысы қолдарын дорбаға салып, ішінен бір зат алып шығып оның не екенін атайды.

-қарындаш.

-бояймыз.

Білу керек: қарындаш жіңішке, ұзын бола¬тынын.

Болу керек: түрлі – түсті ермексаз.

Үйренуі керек: ермексазды дұрыс қолдануды.

Автор:
Ж.Ж. ЖҰМАКЕЛДІНОВА, «Жұлдыз» балабақшасы тәрбиешісі Көксу ауданы.