Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҚТҚ ЖӘНЕ ИТИС- ОЛ НЕ?


25 апреля 2014, 10:32 | 2 059 просмотров



Сабақтың түрі:

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрі: пікір-талас, баяндама оқу, сұрақ-жауап, ситуациялық жағдаяттар мен сұрақтар, тест.

Сабақта қолданылған көрнекіліктер:

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»

«Жаман әдет жұқпалы келеді.»

«Дені саудың- жаны сау»

«2030 жылдағы денсаулық »

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Мемлекет болып құрылғанымызға да көп уақыт бола қойған жоқ, бірақ 20 жылда аз уақыт емес. Өз мемлекетіміздің қарқынды, әрі жасампаз мемлекет болып қалыптасуына әр адам өз үлестерін қосуы шарт әрі міндетті. Әрқайсымыз ата бабамыздан қалған қанымыздың таза , денсаулығымыздың мықты болуы үшін мүлдем емдеуге жатпайтын ауру түріне арналған «АҚТҚ және ИТИС-ол не?» атты сабағымыздың сіздер, біздің өкше басар болашақ ұрпағымызға оның не екенін түсіндіру біздердің қолымызда екенін ескере келе сабағымызды бастауға рұқсат етсеңіздер.

Ең бірінше баяндамаларымызбен таны¬стырмастан бұрын Екі топ құрып алсақ Әр топта10 оқушыдан ортаға шығып арнайы дайындалған орындаға отырсаңыздар.

Сонымен сабағымызды сауалнама сұрақтарына жауап беруден бастайық:

Сіз АҚТҚ, ИТИС жайында мәліметтерді көбіне қайдан аласыз?

Жасыңыз нешеде?

Бұл індет туралы сіз көбіне кімнен, неден естіп қанықсыз?

АҚТҚ, ИТИС, ЖҚТБ олар бір нәрсе ме?

АҚТҚ-ны ортақ табақпен тамақтанғаннан жұқтыру мүмкін бе?

Сыртқы ортада адамдарды қоршаған ми¬кроорганизмдер бар. Олар әр уақытта аурулар¬ды қоздыра бермейді. Адам организмінде ми¬кроб әсеріне қарсы тұратын қорғаныш жүйесі, иммунитет болады. ЖҚТБ/СПИД/ жұқпалы ау¬руы туралы алғашқы хабарлар АҚШ басылым¬дарында 1981 жылдың ортасында жарық көре бастады. Дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша бұл ауру адамның иммундық жүйесін зақымдап, қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуіне әкеліп соқтырады. ЖҚТБ ауруы пайда болғаннан бері адам баласы қорқынышты жағдайды басынан кешіруде.Өйткені ЖҚТБ өте қауіпті індет, онымен науқастанған және вирусты жұқтырған адамдарды емдейтін дәрі-дәрмек жоқ.Жақын уақытта бұл дертке қарсы қолданылатын дәрілердің шығу мүмкіндігі де белгісіз болып отыр, әрі ЖҚТБ вирусының адамның бойына бірден белгі бермеуі де қорқынышты күшейте түсуде. Бұл аурудың пайда болғанына 30 жылдай уақыт өтсе де одан емделіп мүлдем айығып кеткен адам жоқ. Сондықтан ЖҚТБ мен ауырған адамдар ерте болсын, кеш болсын түбінде мерт бола¬тыны анық.

ХХ ғасыр обасы болған ЖҚТБ дертінің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабары бойынша ЖҚТБ мен ауру жөнінде АҚШ -1 орында, Швейцария ІІ орын, Фран¬ция ІІІ орында екен. Бұл ауру да Қазақстанды айналып өткен жоқ. ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан Ресей, Украина, Бела¬русиядан кейін төртінші орынды иеленуде. Соңғы деректер бойынша елімізде вирус жұқтырған адам тіркелген. Батыс Қазақстан бойынша 187 адам, оның үшеуі ЖҚТБ ны жұқтырғандар, Республика бойынша 31 адам мектепте, 22 адам оқушы жасында, 76 адам ЖОО студенттері болса15-22 жас аралығында ауыратындар 15-80 пйызды құрайды. Қазіргі уақытта 200 мемлекетте осы қатерлі ауру тіркеліп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша жыл сайын 1- желтоқсан ЖҚТБ мен күрес күні болып ата¬лып өтеді. Бұл күнді ерекше атап өтудің негізгі себебі: дүние жүзінде ЖҚТБ ауруының етек алып пандемияға айналып бара жатуымен байланысты.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауруды ЖҚТБ деп атады. 1983 жылы Францияда Люк Монтанье , АҚШ-та Ро¬берт Галло Аурулардың осы белгісіз болып келген вирусты тапты. Бұл індетті өршітпей, оның алдын алуға тек қана мемлекет емес еліміздің әрбір азаматы жауапкершілікпен қарауы тиіс.

ЖҚТБ,АҚТҚ инфекцияларының берілу жолдары.

АҚТҚ жұқтырған немесе ЖҚТБ мен ауру адамның иммунды тапшылық вирусы аталған барлық сұйықта болуы мүмкін, бірақ АҚТҚ инфекциясы тек –қан , ұрықтық сұйық, қынап бөліндісі, ана сүті арқылы жұғады, ал басқа сұйықтарда вирус шоғырлануы төмен дәрежеде және жұқтыруға жеткіліксіз мөлшерде болады. Әр түрлі инфекциялар¬дан сақтанудың ең тиімді тәсілі вакцина егу. Сондықтан ЖҚТБ-дан сақтанудың маңызды шарттары мыналар:

-Салауатты, әдепті өмір сүру;

-Стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын , сақал алғышын және басқада құрал жабдықтарын пайдалан¬бау;

-Қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АҚТҚ –ға тексерілгеніне көз жеткізу/ ол үшін қолданылған қанның сериялық номерін жазып алыңыз/

-Маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерльденгеніне көңіл аудару;

- Кездейсоқ жыныстық қатынастан және го¬мосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан

сақ болу.

-ЖҚТБ вирусын жұқтырып алдым- ау де¬ген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көрініп АҚТҚ инфекциясын жұққан, жұқпағанын анықтау.

ЖҚТБ қоздырғышының негізгі қасиеттері:

Жүрекше рибонуклеин қышқылынан тұрады. Ол- вирус геномы, яғни оның барлық қаситтерін сақтаушы. Жүрекшеде кері транс¬криптаза ферменті бар. Ол вирустың рабо¬нуклеин қышқылымен Т4 лимфоциттерінің геномына қосылуына көмектеседі. Вирус жүрекшесінде айрықа «тікенекшелердің» шетінде тұратын саңырауқұлақ қалпақшасы болады. Бұл- вирустың ерекше белогы. Оның көмегімен АҚТҚ адамның Т4 лимфоциттеріне жабысады. ЖҚТБ қоздыратын вирус аса төзімді емес, ол 50-60 градус С дейін ысытқанда 30 минут, ал қайнатқан соң 2-3 ми¬нуттан соң жойылады.

Медицинада күнделікті қолданылатын дезинфекциялық препараттардың, мысалы 3пайыз сутектің асқын тотығы, натрий хлориді, 70 пайыз этил спирті, формалин, эфир, ацетон т.б. ерітінділерден тез қырылып қалады.

Аурудың негізгі белгілері:

Вирус жұққандардың 35-50 пайызы ауы¬рады. Инфекция кейде белгісіз түрде дамиды. Негізінде науқастардың 3,1- нің дене қызуы көтеріліп, баспа, бас ауруы, лимфа бездерінің ісінуі, әлсіздену, терісіне бөртпе шығуы, жедел ауру белгілері пайда болуы мүмкін.

Алғашқы жылдары ауырғандардың орта есеппен 50 пайызы 3 жылдан кейін тірі қалатындары сирек кездеседі. Әр түрлі ем қолдану науқастың тек өмірін созуға ғана көмектеседі. Аурудан мүлдем емделіп, жазылып кету жоқтың қасы. Прфессор А.Букринскаяның айтуы бойынша: «ЖҚТБ-дан өлмеудің бірақ жолы бар ол вирус жұқтырмау.»

ЖҚТБ-ның жұғу жолдары мен көздері:

Медицинаның дәлелдеуі боынша, қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары:

- жыныстық қатынас;

- вирустың бірден қанға түсуі:

- Анасынан нәрестеге жұғуы:

- Жыныстық қатынас негізгі жұғу жолы болып табылады.

Жарнама:1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күні! ЖҚТБ-наша, спирттің серігі.

ЖҚТБ-ны жұқтырудан қалай сақтанады?

Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың жолы вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатсада, ондай профилактикалық пре¬арат әзірше қолдан келмей отыр. ЖҚТБ- пен науқастанудан сақтанудың маңызды шарала¬ры мынадай:

-әлеуметтік, халықаралық мемлекеттік ша¬ралар ;

-Жеке басты қорғауға арналған шаралар;

-Профилактиканың басты міндеті- ЖҚТБ тасымалдаушыларды анықтап жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау.

Оқушылардың дертке қарсы өлеңдері:

Бес нәрседен қашық бол. Жақсы болам десеңіз:

-жалқаулық

-жасандылық

-жамандық

-жайбасарлық;

- жағымпаздық.

Бес нәрсеге асық бол адам болам десеңіз:

- жүйріктік

- жинақылық

- жасампаздық

- жүзгіштік

- жылдамдық.

Бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз:

-ішімдік

-темекі

-нашақорлық

-ұрлық

-зорлық

КВИЛТ

Бүкіл әлемде достарына, сүйгендеріне, апаларымен ағаларына, қарындастарымен інілеріне, ата-аналарына, және ЖҚТБ-ның зардабынан ата-аналарынан айырылған балаларға арнап ескерткіш сурет тігеді. Олар өздерінің жақындарының есімін статистикалық цифрдың көлеңкесінде қалдырғысы келмейді. Мұндай суретті КВИЛТ дейді. Қаза болған жақындарының рухына тігілген сурет ең алғаш КВИЛТті 1987 жылы американдық Клиф Джонс досы Марк Фельдманға арнап тіккен. Ол кезде бүкіл әлемдегі адамдардың көбі бұл ауру оларды айналып өтеді деп есепте¬ген болатын. Осы алғашқы КВИЛТ мемлекет¬тер мен халықтардың ЖҚТБ мәселесіне деген көзқарасын өзгерткен қуатты символ болды. Бүгін әлемнің 40 мемлекетінде әрекет етуші бұл қозғалыс өздерінің қатарына 45 мың ескерткішті біріктіріп отыр. Бұларды тігуші адамдар бұл індет жете қоймағандар өздерін қауіпсіздендіру туралы ойлансын. ЖҚТБ- мен зақымданғандарға қоршаған ортасы түсіністікпен қарасын, оларға қажетті ем алуға мүмкіндік жасалсын деп тілейді.

ЖҚТБ - мен күресуде халықаралық бірлестіктерсіз табысқа жету мүмкін емес екенін барлық елдер біліп отыр. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1986 жылы қараша айында жер шарында ЖҚТБ мен күресу бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның басты мақсаты-санитарлық- ағарту жұмысын жүргізу және қан арқылы сау адамға жұғуына жол бермеу.

Бүкіл дүние жүзіндегі ЖҚТБ мен ауырғандарды зерттеп және осы ауруға қарсы күресуші ғалымдар мен мамандардың айтуын¬ша ЖҚТБ-дан қорғанудың бір амалы бар, ол –білім.ЖҚТБ-ның қандай қауіпті ауру екендігін, оның қандай жолдармен жұғып, тарайтынын әрбір адам нақты біліп, терең түсінуі қажет.

Екі топтың оқушыларына жеке әрқайсысы әзіл-қалжыңы аралас көрініс көрсетуге дай-ындалып ортаға ойларымен іс-әрекеттерін көрсетсе. Қалғанымыз бұлар дайындалғанша ситуациялық сұрақтарға жауап қайырсақ.

Ситуациялық жағдаяттарды талдау:

- Сіздің қансырап жатқан адамға алғашқы көмек көрсетуіңіз қажет.

Сіз не істейсіз?

-Адам тексеруге қан тапсырып, онда АҚТҚ инфекциясы табылғанын жаңа білді. Ол қандай сезімде болды? Не істеуі қажет?

Орыс халқының мақалындағыдай «Әр қалжыңның ішінде, бір шындық бар» дегендей бар өнерлеріңізді салып ортаға шығыңыздар.

Ысқақ Айжан барлық көріп- білген, тыңдап- түйгеніне қорытынды жасап берсін.

Қатысқан ұстаздарға сөз.

Автор:
Аскар ДЖЕКСЕМБАЕВ, дене шынықтыру пәні мұғалімі Панфилов атындағы орта мектеп, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы.