Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТАУЛЫ ЖЕР ӨСІМДІКТЕРІ МЕН ЖАНУАРЛАРЫ


25 апреля 2014, 10:34 | 3 227 просмотров



Жалпы мақсаты: таулы жер өсімдіктері мен жануарлары жайында толық түсінік беру. Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын да¬мыту.

Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оған жа¬нашыр болуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі:сабақ барысында оқушылар бірлескен жұмыс, жеке жұмыс орындай алады. Сұрақтарға өз еркімен түйінді жауап іздейді. Қазақстан жеріндегі таулы аймақтары және жануарлары мен өсімдіктері жайлы ақпарат жинақтай алады.

Түйінді идея:ынтымақтастық құра оты¬рып, мәтін мазмұнымен танысу. Басқа дереккөздерден ізденуге ой салу, оны бөлісе білу,бірін-бірі бағалау, салыстыру, жетілдіру мүмкіншіліктерін қолдану.

Ақпарат көздері:оқушы анықтамалықтары, Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары энци¬клопедия, оқулық,

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу.

Жаттығулар: мағынаны тану

Проблеммалық сұрақ:

Тау дегеніміз не?

2.Оқулықтағы мәтінмен танысу.

1.Ізденіс. Қазақстанның таулы аймақтарын картадан табамыз.

Іс-әрекеттер түрлері: мұғалім іс –әрекеті.

1.психологиялық оң ахуал туғызу.

2.топқа бөлу үшін жануарлар ,құстар, өсімдіктер суреттеріне таратып топтайды.

3. Өткен сабақтарға шолу.

4.мағынаны тану.

Оқушы іс-әрекеті:

1.оқушылар өз көңіл-күйлерінің тамаша екендігін қысқа жауаппен айтып өтеді.

2. кімнің қолында ненің суреті болса сол топ мүшесі болады. Мысалы бүркіт болса құстар тобына барады.

3.су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары және оны қорғау.

Проблемалық сұрақ:

Тау дегеніміз не? 4.Сұраққа жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

(тау-жер бетінің ерекше биік тұстары.)

Оқулықтағы мәтінмен танысу.Оқушылар мәтінді оқып танысады,талдап түсінгендерін айтады.

СТО . 5.Ізденіс.

Қазақстанның таулы аймақтарын картадан таба¬мыз.

Топтарға тапсырмалар та¬ратылады.

«Өз тобыңды таныстыр» айдары .

Қазақстанның физикалық картасынан таулы аймақтарды табамыз. Картада тау қоңыр түспен көрсетіледі.

1-топ. Таулы жерде мекендейтін құстар туралы не білеміз?

2-топ. Таулы жерде өсетін өсімдіктер жайлы не білеміз?

3-топ. Таулы жер аңдары жайлы не білеміз?

ДОЖ. Мазмұнды сызба.

«Туған жерге- туыңды тік» айдары (по¬стермен жұмыс , диалог).

Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау жайлы өз жобаларын ұсынады.

Сергіту минуты. Жарнама. Бүгінгі тақырыпқа жарнама ұйымдастыру. Сабақты қортындылау. Сабақты қысқа қортындылау. Оқушылар бір- біріне мағыналы сұрақтар қояды, жауап алады.

Сабақты бекіту: Не білдім? Не білемін? Не үйрендім? Сұрақтары арқылы топтар мақал- мәтелдер, өлең жолдарын құрастырып, ой толғау жазады.

Үйге тапсырма: таулы жер өсімдіктері және жануарлары жайлы тың деректер жинау. Тест тапсырмаларын құрастыр.

Бағалау. Бағалау парағын үлестіреді. Оқушылар бірін- бірі бағалайды.

Автор:
Айман БИЖАНОВА, бастауыш сынып мұғалімі, Қарлығаш орталау мектебінің Алакөл ауданы, Қарлығаш ауылы