Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР ҮЙІ БОЛМАУЫ ТИІС


25 апреля 2014, 10:36 | 2 140 просмотров



Жетім және ата-анасының мейіріміне зәру, қараусыз қалған балаларды па-тронатты тәрбиелеушілерге беру керек. Парламент Мәжілісінде өткен «дөңгелек үстелде» осындай ой қозғалды. Бұл тура¬лы «Экспресс К» хабарлады.

Жиынды басқарған Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева балалар үйіне бөлінетін әлеуметтік төлемдерді патронатты тәрбиелеушілерге ұсынған жөн деген пікірін жеткізе отырып: «Біз балалар үйлерін пана¬лап отырған балаларды асырауға қаралған қаржыны қайта бағдарлауды ұсынамыз. Қазіргі таңда 14 балалар үйі жабылды», – деді.

Жаңа заң бойынша, патронатты тәрбиелеушілер төлемақының 20 пайызын мемлекеттік білім беру жинақтаушы қорына тапсыруы керек. Қаражаттың 40 пайызын баспана алу депозитіне жіберіп, қалғаны киім-кешек пен азық түлікке жаратылады. Жыл сайын тәрбиелеушілер қамқорлық және қорғау органдарына бұл қаржылардың қалай жаратылғаны жайлы есеп беруі тиіс. Егер асырап алушылар бала кәмелетке толғанша өз міндеттерін орындаса, олар жер, көлік, жылжымайтын мүлікке салынатын салықтардан босатылады.

Зағипа Балиева басқосуда Президент жанынан балалар құқығын қорғаумен айна¬лысатын арнайы мекеме ашылуы қажеттігін де сөз етті. Оның ойынша, бұл мекеме ба¬лалар ісіне байланысты мемлекеттік орын¬дарды жұмылдырып әрі асырап алушыларға жағымды аура қалыптастырады.

«Дөңгелек үстелде» Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назар¬баева жетім балалар туралы мәліметтер жинақтайтын қор құруды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай өзгерістер асырап алу үрдісін ашық жүргізуге септігін тигізеді.

Сонымен қатар, Дариға Назарбаева: «Бала асырап алғысы келген жан өзі туралы мәліметтерді онлайн арқылы бергені жөн. Яғни, ол өзінен талап етілетін қажетті құжаттарды жинақтау кезінде ешқандай шенеуніктің алдына бармайды. Бұл жағдайда іс барысы таза жүреді», – деді.

Басқосуда «Қайырымдылық» ерікті қоғамы» қорының директоры Аружан Саин еліміздегі жетім және қараусыз қалған балалар жөнінде мағлұматтардың аз екеніне қынжылысын білдірді. Оның сөзіне қарағанда, «Қайырымдылық» ерікті қоғамы» қоры Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе жұмыс істепті. Соның нәтижесінде жетім және қараусыз балалар тура¬лы біршама мәлімет жинақталған. Асырап алушылар осының көмегімен 213 бүлдіршінді өз күтімдеріне алған.

Қазіргі таңда әлгі мәліметтер қорында 4 700 баланың анкеталары бар көрінеді. Ал Аружан Саин мұндай деректерді 10 мыңға жеткізу керек деп есептейді.

Автор:
Жолдыбай БАЗАР.