Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНЫЛУЫ МҮМКІН


25 апреля 2014, 10:39 | 7 945 просмотров



Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 50% көтеру әдісін ойлап тапқан ғалым Әбдімәлік Әшіров Нобель сыйлығана үміткер бола алады. Бұл жөнінде бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында аталмыш жобаның PR-менеджері Әнуар Нүрпейісов мәлімдеді.

Бұл жерде дәндер қоймаларда биорезонан¬сты жолмен активтендіріледі. Одан кейін кем де¬генде 15 күннің ішінде егілуі тиіс екен. Ал зерт¬теу авторы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, №272-ші ғылыми жаңалықтың авторы Әбдімәлік Әшіров, Қазақстанда ғылыми жаңалықтардың өте си¬рек құбылыс екендігін атап өтті.

«Мен Қазақстан тарихында алтыншы жаңалықтың авторымын, менен кейін тағы екі жаңалық ашылған. Сондықтан Қазақстанда Нобель сыйлығына ғалымдардың сегіз тобы үміткер бола алады. Но¬бель сыйлығының шар¬ты бойынша үміткер болу үшін қолда жаңалық туралы халықаралық үлгідегі диплом болуы керек. Одан басқа, Но¬бель сыйлығының екі лауреатының қолдау пікірлері қажет. Бір ла¬уреат бізге өзінің жылы лебізін білдіріп те қойды. Ол физик, сондықтан ғарыш-геофизикалық шамалардың не екендігін жақсы біледі. Екінші лау¬реат - Үндістанның өкілі. Ол бізді Дели қаласына келіп, өнертабысты көрсетуімізді өтініп жа¬тыр», - деді Әбдімәлік Әшіров.

Ол сонымен қатар, Нобель сыйлығын алу жарысына қатысу нәтижесінің әлі белгісіз екендігін, бірақ өзінің үміткер ретінде қатысуға бел байлағанын жеткізді. Жаңа технология тәжірибеден өткізілген. Әрі оны Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Түркия және Германияның ауыл шаруашылығы институттары да мақұлдаған. Барлық тәжірибелік егістіктерде техноло¬гия нәтижелері 11 дақыл бойынша оң нәтиже көрсетті. Олардың ішінде бидай, арпа, күріш, картоп және жүгері дақылдары бар.

Енді жаңа технологияны жасаушылар өз әдістерін бүкіл әлем бойынша шаруа қожалықтарына ендіруді жоспарлауда. Ал Но¬бель сыйлығын алу - қазақстандық ғалымның жаңалығын кеңінен таратуға мүмкіндік береді.

Автор:
Айбота ЖАППАРБЕРГЕН