Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНА 34 МЫҢНАН АСТАМ БIЛIМ ГРАНТЫ БӨЛIНДI


25 апреля 2014, 10:39 | 2 929 просмотров



Мемлекет 2014-2015 оқу жылы¬на жоғары бiлiм алуға 34 мыңнан астам грант бөлдi. Бұл туралы "ҚазАқпарат" тiлшiсiне ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң баспасөз қызметi хабарлады.

"Жалпы 2014-2015 оқу жылында жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысқа 34 115 бiлiм гранты бөлiндi", - дейдi министрлiк агенттiктiң ресми сауа¬лына қайырған жауабында. Биылғы жылы мемлекеттiк тапсырыс Қазақстан экономикасының сұранысына мейлiнше сай жасалды.

"Негiзгi көңiл елдiң әлеуметтiк- экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына аударылды. Бұл, ең алды¬мен, Мемлекет басшысы жария еткен үдемелi индустрияландыру бағыты. Бiлiм беру са¬ласын жаңғырту мақсатында мемлекеттiк тапсырыстың iшiнде педагогикалық маман¬дарды даярлауға да үлкен орын берiлген. Со¬нымен қатар елдiң агроөнеркәсiптiк кешенi де назардан тыс қалған жоқ", - деп атап өтті ведомстводағылар. 12 мың орын техникалық ғылым және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңнан астам грант - педагогикалық мамандықтарға, 2650 орын ауыл шаруашылық және ветеринарлық салаларға бөлiнiп отыр.

"Биылғы мемлекеттiк тапсырыстың үлестiрiлуi еңбек нарығына арналған жоғары бiлiктi мамандықтардың тиiмдi құрылымын жасақтауға септiгiн тигiзедi", - деп есептейдi министрлiкте.

Автор:
ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ