Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА – ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ


11 мая 2014, 12:07 | 3 222 просмотра



№ 5 ясли-бақшасында қалалық семинарда көрсетілген «Армысың Наурыз!» ертеңгілігінен үзінді

Бала біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз

Білім берудің алғашқы деңгейі. Бүлдіршінге жан-жақты тәрбие беруде өзіндік жолын қалыптастырған Талдықорған қаласындағы № 5 ясли-бақшасы 22.04.2014 жылы «Халықтық педагогика – даналық мектебі» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Негізгі мақсатымыз: Бүгінгі күннің талабына сай Елбасының үштұғыр бағдарламасының орындалуы мен жүзеге асуын назарға алған біздің ұжым, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің үш тілді: мемлекеттік тіл – қазақ, орыс, ағылшын тілін үйреніп шығуына баса көңіл бөлу және ата салт-дәстүрін сәби кезінен бойына сіңіріп, эт¬нопедагогиканы жаңғыртуда халқымыз- дың асыл мұрасын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық ойындарын тиімді пайдалану, дені сау, сымбатты, шыныққан, ақылды азаматтарды тәрбиелеу. Осы тақырыпта өрбіген семинарға Талдықорған қалалық білім бөлімінің мамандары,бала- бақша меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер мен психолог¬тар, жалпы саны 100-ге жуық педагогтар қатысты. Семинарды балабақша меңгерушісі Нұрахжанова Гаухар Құрманғазықызы ашты, балабақшамыздың әдіскері Молдаханова Ғалия Каметқызы бағдарлама мен берілетін білім тәрбие үрдісімен таныстырып өтті. Семи¬нар үш бөліктен тұрды:

1. Іс-тәжірибемен алмасу

2. Концерттік бағдарлама

«Армысың Наурыз»

3. Қазақтың дастарханы Наурыз көже

Балабақшада балалардың денсаулығын сақтауға, білім, тәрбие деңгейін жоғарылатуға байланысты өткізілетін іс-шаралар белгіленген жоспар бойынша жүзеге асырылады. Семи¬нарда педагогтар, тәрбиешілер балалардың ерекшеліктерін, даму қабілеттерін ескере оты¬рып ашық оқу іс-әрекеттер өткізді. Атап айтар болсақ: Мектепке даярлық «Ақтиін» тобында өткен «Magic Land» ашық оқу іс-әрекетінде балалардың ағылшын тілін жақсы меңгергенін көрсете білді. Сабақты ойын түрінде тартым¬ды өткізе білді. Оны балабақша ағылшын тілі пән мұғалімі А.Куберова өткізді. Дәл осы топта мүсіндеу сабағынан «Ұйқыдағы мысықтар» ашық оқу іс-әрекетінде ермексазбен қалай жұмыс жасауды, мүсіндеу сабағында қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйретуде Г . Қ ұ д а й б е р г е н о в а балалардың шығар- машылық қасиеттерін дамытуға баса көңіл бөлді. Сонымен қатар мектепке даярлық «Айгөлек» тобында Н.Момбаева «Сауат ашу әлемі» мен «Математи¬ка әлемі» Н.Жүнісбаева, мектепке даярлық «Көгершін» тобында З.Джиембаева өзін-өзі тану «Отанға сүйіспеншілік», Н.Даниярова эко¬логия «Жасыл қала,таза қала-Талдықорған», «Қызғалдақ» ересек тобында Ж.Заурбаева қоршаған орта «Су-өмірдің нәрі», А.Шериаздан валеология «Қарлығаш» аралас орыс тобын¬да да оқу іс-әрекеттерінің үлгісін көрсетіп, балабақшада меңгерілген білімдерін ортаға салды. Дене тәрбиесі жетекшілері А.Сембаев пен Б.Алекбаев келешек ұрпақтары- мыздың дені сау болып қалыптасуына, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде ересек тобы балаларының арасында оқу іс-әрекеттері дене шынықтыру залында балабақшамыздың авторлық көмекші құрал ретінде шыққан «Әуенді дене шынықтыру» кітабының бағдарламасымен өткізілді.

Психолог Т.Есенғалиқызы тыңдаушыларға өз жұмысында мектепке дейінгі балалардың құзіреттілігін дамыту барысында балалармен «Құм терапия- сын» қалай жүргізуді көрсетті және педагогтармен «Сөзшеңдер» ойын жаттығуын, «Көңіл-күйді анықтау» тренингін, «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» және «Тілек музыка» аутотренингін жүргізді.

Ән-күй жетекшілері Г.Байбекова, Н.Ақсубаева, би жетекшісі Қ.Тілеубергенов «Армысың Наурыз!» атты мерекелік ертеңгілікте келген қонақтар балалардың таланты мен талабына тәнті болды. Мере¬кеге ақ тілеуімен Ақ Ана келді, жарқыраған күн мен жұлдызы мол түн кірді, ақ бата¬сын беруге түйемен Қыдыр ата келді, «ескі жыл есіркесін,жаңа жыл жарылқасын» деп, халқымыз айтқандай, Ескі жылды шығарып са¬лып, Жаңа Жылқы жылын қарсы алдық, дәс- түрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың беделін айшықтауда орны ерекше бұл мерекені, қазақ халқы жақсылықтың бастауы деген екен. Еркін мешітінің имамы Маратұлы Қанат балабақшамыздың болашақ тәрбиеленушісі 6 айлық Ақнұрға «Азан шақырып ат қою» рәсімін көрсетті. Аңыз, ертегімен бізге жеткен құрметті қонақтар Алдар көсе мен Қожанасыр да келді. Олар балаларға «Арқан тартыс», «Қазақша күрес», «Өгіз тартыс» ұлттық ойындарын ой¬натып, мерекеміздің сәнін келтірді. «Өнер алды қызыл тіл» демекші халқымыз айтыс өнеріне де ерекше мән берген. «Көгершін» тобының айтыскер ақындары Ахметов Али¬хан мен Амангелдіқызы Наргиз ортаға шығып «Қыз бен жігіт айты¬сын» ұсынды. Жұлдыз- дай жарқыраған Айнұр әпкелері мен Жандарбек¬тей ағаларының жанын¬да құлындай құлдыраған жас бүлдіршіндердің алғырлығы, қазақтың бірлігі мен берекесі жара¬са берсін дей келе, қыз- жігітке тән айтыс өнерін көрсетіп, дүйім жұртты тәнті етті. Осындай игілікті іс-шараларға ата-аналарымыз да ат са¬лысып қатысады. Балалардың жүздерінде қуанышын, «көрсем, білсем, танысам» де¬ген ұмтылыстарын көргенде баламен бірге қуанып,қуаныштарына ортақтаспаған ата-ана жоқ шығар. Соның бірі, асқар таудай әкелер «Әкелер биін» тарту етті.Бүлдіршіндеріміз Наурыз тойына жыр-шумақтарын арнады. Балабақша педагогтарынан құрыл- ған жас әжелер ансамблі өлеңі: Ж.Боранбаевтікі, әні: Марат Ілиясовтікі «Қазақы дастарха¬ным» әнін орындады. Төлегенова Айсәуле жеке дауыста ән «Наурыз көктем» айтты. Балғын өнер иелері ән-жырлары мен мың бұралған билерін ортаға салып, қонақтарды шат-шадыман етті. Мерекелік ертеңгілікті балабақша бүлдіршіндері әні мен сөзі Бота Бейсенованікі «Қош келдің әз Наурыз» хо¬рымен ашты, балбақшамыздың күміс көмей, жез таңдай әншілері өз өнерлерін ортаға салды: Жолдасхан Амина «Әже туралы ән», Нұршат Нұрай «Таң тамаша табиғат», Нұралы Әсем «Туған жер», Амантаева Нұрай «Ай ди¬дарлы анашым». Тал шыбықтай бұралған бишілеріміз де қалыс қалған жоқ. «Айгөлек» тобы «Грузин» мен «Қуыршақ» биі, «Ақтиін» тобы «Кукарелла» мен «Орыс» биі, «Көгершін» тобы «Боз жорға» мен «Көктем» биі. Салта¬натты мерекемізді егеменді еліміздің ертеңін ойлап, болашағы білімді, саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, пара¬сатты жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүрген № 5 ясли-бақша педагог- тәрбиешілерінің орындауында «Байтақ елім Қазақстан» әнімен аяқтадық.

Наурыз мерекесі өз деңгейінде өтті. Сыртта қазақ үйіміз тігіліп, ою-өрнектермен безендірілді. Артынан дастархан жайылып, наурыз көжеден дәм татты,сүрленген еттің, сары алтындай піскен бауырсақтың, тары- женттің дәмі, қазағымның келген Наурызы келген қонақтардың аузынан көпке дейін кетпейтін әсер қалдырды. Дастархан басында меңгерушілер, әдіскерлер, тәрбиешілер сабақ- тарға қатысып, өздеріне алған әсері жайында пікір алмасты. Балабақшаның тірегі де, тіреуі де үйрете білетін асыл қасиет пен ізгілікті бойына жинаған педагог-тәрбиешілерге және педагог-тәрбиешілердің ізденістен жалықпай шығармашылық бағытта жұмыс жасауына мүмкіндік тудырып отырған, оларға жан-жақты талап қоя білетін іскер әдіскеріміз Молдаха¬нова Ғалия Каметқызына келген қонақтар алғыстарын білдіріп, дән риза болды.

Ұлттық білім, тәлім-тәрбие берудің сапа¬сын жақсартумен қатар, үш тілді меңгеруде мектепалды сауатын ашып, өнерді тануға талпынған балдырған- дардың болашағының жарқын, денсаулығының мықты болуына білім- білігі мен барлық күш-жігерін арнаған № 5 ясли-бақшасы ұжымының өнегелі істері көпке үлгі болса дейміз.

Автор:
А.Д.КУБЕРОВА, ағылшын тілі мұғалімі, Г.Баймұханбетова «Ақтиін» мектептің № 5 ясли-бақшасының даярлық тәрбиешісі. Талдықорған қаласы.