Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«TIMSS-2015» АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ: МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒАЛАУ»


11 мая 2014, 12:09 | 2 299 просмотров



TIMSS – математика және жаратылы¬станудан білім беру сапасын салыстырмалы зерттеу. TIMSS зерттеуі ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру стататисти¬касы және бағалау орталығы халықаралық оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі қауымдастық арқылы жүзеге асады. Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы елдегі білім сапасын арттыруда стратегиялық маңызы зор. Әлемнің жетекші білім жетістіктерінің сапасын бағалау саласындағы мамандармен дайындалған педагогикалық өлшеулердің заманауи тех¬нологияларын қолдану, Қазақстанның білім сапасын мониторингілеу жүйесін неғұрлым экономикалық тиімді әлемдік стандарттар деңгейін сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

TIMSS халықаралық зерттеуінің мақсаты- әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану- математикалық дайындық деңгейін салыстыр¬малы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау болып та-былады. Зерттеу оқушылардың жалпы оқуды меңгерумен зияткерлік қабілетін бағалауға ерекше көңіл бөледі.

2013-2014 оқу жылында орта мектеп- гимназияда 1327 оқушы білім алып отыр. 8 сыныптарда 6 сынып комплектісі, 147 оқушы, 4-сыныптарда 6 сынып комплектісі, 144 оқушы бар. Оның ішінде «TIMSS-2015» халықаралық апробациялық зерттеуіне 8-сыныптардан 2 сы¬нып (8 «Ә», 8 «Г»), 4- сыныптан 2 сынып (4 «Б», 4 «Д») қатысты.

10-сәуір күні апробациялық зерттеудің ашылу салтанатында «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» өкілі Қаматаева С. Т., облыстық үйлестіруші Е.Немеребаев, қалалық білім бөлімінің бастығы Р.Ешімова, мектеп-гимназия дирек¬торы С.Нұрсолтанова, 4,8 сынып оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер. Қатысушыларды «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» өкілі С.Т.Қаматаева құттықтады. «Құрметті зерттеуге қатысушы оқушылар, жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Қазақстанның әлемнің 60 елімен қатар бұл халықаралық зерттеуге үшінші рет қатысуы еліміздің болашағы үшін маңызы зор шара. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады. Сондықтан да сіздер бүгінгі зерттеуде білім жеңістерімен биіктен көрінеді деп санаймын» деді өз сөзінде. Облыстық үйлестіруші Е.Немеребаев мектеп ұжымы мен қатысушыларды тарихи оқиғаға қатысуларымен құттықтай келе сыныптарға қатысушы сертификаттарын табыс етті.

Бұл зерттеу Қазақстанда 3 рет өткелі отыр, бұрынғы өткен зерттеулерден өзгешелігі сауалнамаға 4 –сыныптың ата- аналары қатысуы. Мектеп-гимназия ұжымы апробациялық зерттеуге дайындықты қаңтар айынан бастап жүйелі жүргізді. Мектеп-гимназия ұстаздарына матема¬тика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қайыңбаев қатысуымен семинар өткізіліп, әр сыныптың қосымша сабақта дайындығы, оқушыларға, ата-аналарға түсіндіру және мек¬теп психологының кеңесі жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырды.

Өз елінің патриоты, ертеңіміздің үміті бүгінгі мектеп партасындағы жас ұландар екенін ескерсек, оларға артар сенім мен үміт те мол.

Қайсарлы Қазақстан ұландары

Еліне лайық болу ұрандары.

Шығарып қазақ атын бар әлемге,

Қалықтаңдар тәуелсіз ел қырандары.

Автор:
Гүлнар ҚҰЛЖАНОВА, Орта мектеп –гимназия координаторы. Қапшағай қаласы.