Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МИНИСТРДІҢ СЫНАҒЫ


15 мая 2014, 14:33 | 1 474 просмотра



Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың блогын¬да балаларға 1 сыныпқа түсуге арналған психологиялық тестілеудің нақтылығы туралы үндеу пайда болды.

«Балаларға 1 сыныпқа түсуге арналған тестілеуге қатысты қызықтыратын сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын. Бұл қаншалықты нақты? Баланың оқып, жазып және санай білгені аздай, енді тағы психологиялық тестілеуден өте ме», - делінген ведомство басшысының блогына 16 сәуірде салынған үндеуде. Алайда министр оған әзірге жауап қатпаған.

Мұнымен қатар болашақ бірінші сыныптағылардың ата-анала¬ры бұл проблеманы интернет-форумдардың бірінде талқылауда, атап айтқанда, мектепке түсу кезінде олардың балаларына қойылатын сұрақтар жайын.

Мәселен, мынадай тестілік тапсырмалар келтірілген: «Сенің тәнің мен сендегі «Мен» бір нәрсе ме, әлде жоқ па? Олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар?»; «Айтшы, сенің тәніңді сурет¬ке салуға бола ма? Ол дөңгелек пе, әлде шаршы тәрізді ме?»; «Айтшы, тәннен бір үзік жырып алуға бола ма? Ал сендегі «Мен¬нен» бір үзім алу мүмкін бе?». Сонымен бірге болашақ бірінші сыныптағылардың ата-аналары бұл сәбилердің психикалық денсаулығына қалай әсерін тигізеді деп дал болуда.

Өз кезегінде шетел тілдер оқытушысы Ольга Бедер психологиялық тестілеу сәбидің балалар ұжымында мейлінше сәтті бейімделуіне пайда бола алады деп санайды. «Қазір ком¬пьютермен ерте әрекеттену мен тәрбие осалдықтарынан бо¬латын балалар психикасының бұзушылықтары өте көп, мы¬салы гипербелсенділік, назар тапшылығы синдромы және т.б. Психологқа оларды анықтауға және ата-аналардың өзіне кеңес беруге оңай болады. Өркениетті адам бұған қалыпты түрде қарауы тиіс», - деп өз көзқарасын білдірді мұғалім.

Және де, сонымен, қалалық білім басқармасынан аталған тестілеуге тыйым салынбағанын, бірақ міндетті болып та санал¬майтынын атап өтті. «Ал егер сіздің балаңыз мамандандырылған емес, қарапайым мектепке барса, оны ұсынылған тестілеуді қалай тапсырғанына қарамастан қабылдайтын болады», - деп түйіндеді басқармадағылар.

Автор:
Дуанабай ЖОЛДАСБЕК