Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ СӨЗДІК ӘДІСТЕРІ


22 мая 2014, 10:37 | 3 245 просмотров


Бүгінгі қоғам талабының негізгі міндеттерінің бірі қажетті білімдерді меңгерген, оны қайталап айтып бере алумен ғана емес, сонымен бірге шығармашылықпен жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру.

Қазақстан республикасы Білім туралы заңында былай делінген: «Білім беру жүйесі міндеттерінің бірі, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту».

Ал Қазақстан Республикасының 12-жылдық ортақ білім беру тұжырымдамасында: «Білім беру мекемелерінің негізгі мақсаты – өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті,шығармашыл, білімді тұлғаны дамы¬ту және қалыптастыру»,- деп атап көрсетілен.

Сондай-ақ, дүниетану бағдарламасында: «мектептердің жоғары сатысындағы дүниетану курсының міндеттері- сыбайлас пәндерді, оқушыларды қызықтыратын дүниетанудың маңызды салаларын оқып-үйрену үшін, сондай-ақ сол саладағы үлестермен, құбылыстарды сипаттау және моделдеу үшін дүниетанымдық әдістер мен аппараттарды қолдану ерекшеліктерін зерделеу үшін қажетті базамен қамтамасыз ету»,- деп, анық айтылған.

Міне, осыларға орай, мектептегі дүниетану пәнін оқыту әдістерін жетілдіре отырып, аталған міндеттерді тиімді шешудің жолдарын іздестіру қазіргі күннің негізгі мәселесі болып табылады.

Оқушыларға білім беруде олардың ойлау процесін дұрыс бағыттай білу ең басты мәселе. « Абайдан дүниедегі ең жүйрік не –деп сұрағанда «ой» деп деп жауап беріпті».

Бастауыш сынып оқушыларының ой жүйріктігін дұрыс бағыттауға, оқыту әдісін дұрыс қолдана білуге негіз салады.

Бастауыш буын оқушыларының маңайымен қарым-қатынасқа төселуіне, өз ойын тұжырымдап айтуға жаттықтыратын әңгімелесу әдісі. Әңгімелесуге бастауыш сынып оқушылары біртіндеп жаттығады. Әңгіме сабақтың кіріспе кезеңінде өтсе, оқушылардың бұрын алған білімдерін жаңа материалдың мазмұнымен байланыстыруға көмектеседі. Сонымен бірге оқушылардың әртүрлі білім көздері бойынша ( кітап, кино, өмірден, табиғатты бақылаудан) қабылдаған шашыраңқы ұғымдарын жүйеге келтіруге, білімдерін тұжырымдауда да кіріспе әңгіменің мәні зор.

Кіріспе әңгіме кезеңде мұғалім оқушылардың шашыраңқы ұғымдарын жинақтайды, солардың ішіндегі дүниетану ұғымын жекелеп, өткен сынып¬та алған білімдерін де, өткен сабақтарда меңгерген ұғымдарын да қайталайды, жаңғыртып, естеріне түсіреді. Мәселен, күздегі табиғат, күзгі адам еңбегі, өсімдіктер, жануарлар тіршілігі жайында бұрыннан бірқатар білімі бар оқушыларға «қысқы адам еңбегі» туралы оқыту барысында кіріспе әңгіме өткізілсе, олардың ой қорытып, бұрын алған білімдерін жаңа тақырыппен байланыстыруға мүмкіндік туады.

Кіріспе әңгіменің дидактикалық мақсаты- оқушылардың бұрын алған ұғымдарын еске түсіру, күнделікті табиғатқа жүргізілген бақылауларын жүйелеу, сол арқылы жаңа тақырыпты түсінуге дайындап,бұрыңғы білімдерін «актуалдау». Ол үшін мұғалім бірнеше сұрақ қою арқылы кіріспе әңгімені жүзеге асырады. Күзгі табиғатқа қарағанда, қысқы табиғаттың қандай басты ерекшелігін байқадыңдар? Табиғат өзгерісінің адам еңбегіне тигізетін қандай әсері бар? Неге? Қыс маусымы¬на тән еңбек түрлерін, олардың шаруашылық мәнін ашыңдар. Бұл әңгімеде оқушылар еңбек өзгерісінің себебін, олардың байланысын іздестіреді, дәлелдейді. Проблемалық оқыту жүйесі түгел жүзеге аспағанмен, оқушылардың бұрыңғы білімдерін «актуалдау» мақсаты орындалады. Бұл М.И.Махмудовтың пікірінше «Ес жұмысын жан¬дандырып, жаңа білімдерді жемісті қабылдау мен меңгерту үшін оқушының тірек білімдерін әзірлеу».

Әңгімелесу кезінде пән аралық байланыс, пәнді интефиялап оқыту мақсаты да жүзеге аса¬ды. Дүниетану пәніндегі ұғымдар мен ана тілі, су¬рет, еңбек сабақтарында берілетін түсініктердің ара қатысы да байланысып, сабақтаса түседі. Әңгіме үстінде оқушының таным әрекеті жанда¬нады. Оқушы айтуға тиісті ойын дәлелдеу үшін керекті ұғымды басқа түсініктер арасынан іріктеп, жекелейді. Бұл ой қорыту нәтижесінде жүзеге аса¬ды. Алдын-ала әңгіменің түпкі мақсатын ойласты¬рып, оған оқушылардың дайындаған жағдайда ғана әңгіме әдісі нәтиже беріп, тиімді болмақ.

Психологтардың пікірі бойынша, оқушылардың жүйелі ойы сөзбен байланысты болғандықтан, ол екеуін бөліп қарауға болмайды. Түрлі ситуация¬лар барысында, оны шешуге жұмылдыру арқылы оқушылардың ойын жеткізу қабілеті, тілі дамиды. Олар өз пікірін айту үшін сөз үйлесімділігін іздейді, ой қорытады. Тіл-ойдың жемісі екендігін ескер¬сек, бұл жұмыстың қаншалықты маңызды екендігін аңғару қиын емес.

Дүниетануды оқыту әдістері білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттарын қамтитын болғандықтан, сөздік әдіске білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттарын қамтитын болғандықтан, сөздік әдіске тоқталғанда оны білім беру барысын¬да кеңінен қолдана отырып, оқушылардың қисынды ойын дамытудағы, түрлі оқу әрекеттерін жүзеге асырудағы, ой қорытудағы маңызы тұрғысынан қарастырамыз. Сөздік әдіске дайын мәлеметті айтып беру құралы ретінде қаралып, оны қолдану көп сына¬латыны белгілі. Мәселен, М.И Махмудов мұғалімнің оқу барысында қолданатын сөздік әдістерінің түріне тоқтала келіп, сабақ барысында ақпараттық баяндаудың оқушылар ойын қозғамайтынын, дайын материалды ғана тыңдап қабылдауға душар ететінін айтады. Біздің пікірімізше,сөздік әдіске үнемі немқұрайлы қарау, сөздік әдістің тиімділігін ескер¬меуден тұрады. Кез-келген оқыту әдісін қолдану сөздік қатысынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Бастауыш сынып оқушылары үшін сөз табу, оны тиісті жерінде орынды қолдану ойдың жұмысы. Бұл оқушылар есінің тұрақтылығы, оның көлемін молайтудың басты шарты және жаңа ұғымды бұрын алған ұғыммен байланыстырудың тиімділігін арттыру жолы. Әңгімелесу барысында салы¬стыру, топтау, жіктеу, айырмасын табу сияқты ой жұмысы нәтижесінде екі жақты қатынас жүзеге асатындықтан оқушы өз жауабындағы кемшілігін аңғарып, сыныптағы оқушыларға оны жөндеу мүмкіндігі туады,оқушының ойы шынығады.

Оқушылардың алған білімін жүйелеп, келешек¬те алатын ұғымдарына оларды дайындау мақсаты қорытынды әңгіме арқылы орындалады. Мәселен, 1- сыныпта «жануарлардың жазғы тіршілігі» тақырыбының қорытынды бөліміндегі әңгімені байқадық.

Жануарлардың жазғы тіршілігінің ерекешелігін айт. Су құстары мен дала құстарының тіршілігінде қандай айырма бар? Жазда бунақденелер неге көбейіп кетеді? Мұндай әңгіме барысында оқушылар сабақта алған ұғымын тұжырымдап қана қоймай,жыл бойына табиғаттан байқағандарын естеріне түсіріп, олардың себебін айтып дәлелдейді. Бұл оқушының қисынды ойына түрткі болады, қорытынды әңгіме барысында адам мен табиғат арасындағы қатынастарды,қоғам дамуындағы табиғаттың ролін аша түсуге мүмкіндік туады.

Әңгімелесу тек сынып сабақ барысында ғана емес, үлескідегі, табиғат бұрышындағы сабақтарда және топсаяхат кезінді де кеңінен қолданылады. Әңгімелесудің құндылығын жоғары сыныпта биологиялық пәндерден сабақ беру әдістемесімен айналысып жүрген Р.Әлімқұлов, Қ.Жүнісова, ба¬стауыш сыныптардың ана тілі және тіл дамы¬ту мәселелерімен шұғылданған С.Рахметова, Қ.Бозжановалар тілге тиек етеді.

Әңгіме әдісінің әңгімелесуге қарағанда ерекшелігі бар. «Кез-келген әдісті тиімді қолданғанда оқушылардың белсенділігін арттыруға көмектеседі. Біреуі- қабылдауға , екіншісі- есінде сақтауда, үшіншісі-ойлауға, төртіншісі –эмоцияға әсер етеді».

Оқыту әдісінің зейінді, қиялды,ерікті,ойлауды, ұғымды, білімді, білікті дамытудың көзі екенің ескерсек,оқыту барысында әдістер осы процестерді жүзеге асыруға бағытталады.

Әңгіме оқушыларға белгілі бір теориялық мәселелерден ақпарат беруге не олардың табиғаттың тіршілік әрекетін не адам өмірімен бай¬ланысты суреттерді мұғалімнің оқушыларға ай¬тып түсіндіре отырып, олардың ойына, қиялына жағдай туғызу үшін қолданылады. Әңгіме оқушылардың оңай шешетін проблемасына орнат¬пай, оларды қызықтырып, ізденіске жұмылдыратын тақырыптарға арналады. Сондықтан әңгіменің әсерлігіне мазмұндылығына көңіл бөлінеді,оның проблемалық түрі басым болады.

Содан соң тақырыпты өткенде, әр топтың оқушылары баяндама жасайды, өз нәтижелерін қорытындылайды. Оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыруда түрлі шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыруға болады.

Дүниетану сабағы оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, сондай-ақ сабаққа деген ынтасын арттырып, табиғатты сүюге, қорғауға үйретеді.

Автор:
М.А САТБЕКОВА І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 1- курс магистранты