Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕКТЕП ПЕДАГОГТАРЫН 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУ


22 мая 2014, 10:37 | 1 583 просмотра



Мақсаты: Жаңа тұрпатты мектеп педа¬гогтарын психологиялық тұрғыда дайын бо¬луы мен мотивациялық белсенділігін көтеру. Жеке бас дамуына көңіл бөлдіру, жаңа білімді қалыптастыру,өз міндеті деп санауға жаттығу деңгейінде меңгерту.

Танысу: Өз есіміңізді айтасыз, бірінші әріпіне байланысты бойыңыздағы жақсы қасиетті, балалардың жақсы жетістігін көргенде қандай сөз айтып қуанасыз? Мыса¬лы: Мадина –мейірімді, тамаша деген сөзді қолданамын.

Диагностикалық жаттығу

Нұсқау: Спираль, шеңбер, доға, ойыс, толқынды (сызық тақтада көрсетіледі) сызық берілген. Осы фигуралардың бірін таңдап аласыз. Алдыңыздағы ақ параққа сол суретті салыңыз, бір бет толғанша, бар жоғы екі фигу¬ра таңдауға мүмкіндігіңіз бар.

Нәтижесін талдау: Артынша өз таңдаулары бойынша коррекциялық-түзету жұмыстары жүргізіледі: Әрбір педагог- «инсайт»-жаңа білімге жол ашады.

«Өз орныңды кеңістікте тап» жаттығуы

Нұсқау: (ұжымдық байланысқа түсіру). 1-нұсқа: көз жұмулы, қай жер ұнайды сол жер¬ге тоқтау. Көзін ашып, қасында қанша адам бар, қайда қарап тұр – бәріне назар аудар¬ту. 2-нұсқа: көз жұмулы, 5 адамнан шеңбер құру, 7 адамнан шеңбер құру: көшбасшылық қабілетін анықтау.

«Мен - жаңа тұрпатты педагогпын» жаттығуы

Нұсқау: (суретін салу, мамандық деңгейіне қайта қарауға мүмкіндік. Өз қызығушылығын нақтылау (арт терапия))

«Зағип пен жетекші» жаттығуы

Мақсаты: Өзіне жауапкершілік ала білуге үйрету.

Қажетті құрал: Орындықтар, көз байлай¬тын орамал

Нұсқау: Жұпқа бөліну. Орындықтарды жылан іспеттес ирелеңдетіп қойып, оның арасымен біреуінің көзін байлап, екіншісі сол орындыққа шалындырмай өткізу қажет. Кезек¬пен қайталайды. Орын алмастырады.

Жаттығу жасалынып болған соң,талқылау жүргізіледі.

-«Зағип» рөлін ойнағанда қандай күйде болдыңыз?

-Жетекшіңізге қаншалықты сендіңіз?

-Өзіңіздің қайда екендігіңізді білдіңіз бе?

-Сіз өзіңізге жауапкершілік алғанда қандай күйде болдыңыз?

-Серігіңіздің сізге қорықпай сенуіне қандай жағдай жасадыңыз?

-Сіз өзіңізді қай уақытта жақсы сезіндіңіз? «Зағип» рөлінде ме, әлде «жетекші» рөлінде ме?

Мұғалімдермен бірлесе отырып, қорытынды пікір шығару.

«Мен және уақыт» жаттығуы.

Нұсқау: (24-сағатты отбасына, жұмысқа, өзіме бөлуім)

«Бүгінгі әсер» не алдыңыз? Ұстаз болу қадірлі де, қасиетті мамандық екенін өзіміз жан дүниемізбен түсінгенде ғана, біздің шәкірттеріміз тек жетістіктерімен қуантатын болады.

Сауалнамалар

«Мен - үйдемін, мен - жұмыстамын»

Нұсқау: парақты екіге бөлу

• ұқсас мінез-құлық

• қарама-қарсы мінез-құлық

• жалпы сипаттың болмауы

• қай жолды толтыру оңайға түсті

• осы сипатқа қатынас

Автор:
Гульзира ИСАБЕКОВА педагог-психолог Қопа орталау мектебі Жамбыл ауданы