Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ПЕЛЕ БРАЗИЛИЯДА ӨТЕТІН ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ АЛАҢДАУЛЫ


22 мая 2014, 10:39 | 1 751 просмотр



Мәселен, әлеуметтік қажеттіліктер мен баспанаға қажетті қаржыны ұлғайтуды талап етіп отыр. Олар биліктің чемпио¬натты өткізуге миллиардтаған доллар жұмсағанына наразы. Сонымен қатар турнирдің басталуына небәрі бір айдан аз ғана уақыт қалғанымен, бірнеше ста¬дион әлі де дайын емес.

Десе де бұл наразылық акциялары Бразилия 2014 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болған кезде көтеруі керек еді. Себебі бұл мемлекеттің халқы кедейшілікте өмір сүреді. Халқы тығыз орналасқан қалаларда жұмыссыздық пен қылмыс көбейіп кеткен.

Бразилияда футболдан Әлем чемпио¬наты 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Дүниежүзі мемлекеттерінің сарғая күтіп отырған айтулы шарасын отандық ұлттық арналар трансляциялайтын бо¬лады.

Жұртшылық әсіресе мұндай ауқымды шараға жұмсалатын есепсіз қаржыға алаңдаулы.

Рио-де-Жанейрода «Бейбіт Рим» деп аталатын ұйым билікке елдің білім беру саласын қаржыландырудың аздығын, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмен екенін алға тартты. Спорттық киім киген балалар фут¬бол добын ұстап, кедей аудандардың біріндегі мектепте отыр. Шараны ұйымдастырушылар билік халықтың та¬лабына құлақ асады деген үмітте.

Автор:
Ақниет ОСПАНБАЙ