Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАСТАР ДИПЛОМ ҮШІН ОҚУҒА БАРАДЫ


22 мая 2014, 10:58 | 1 920 просмотров



«Жемқорлық білім берудің барлық саласындағы жүйелі проблемаға айналғанын мойындауымыз керек. Соның салдарынан білім алушылардың ынта-сы төмен. Олар курстық жұмыс жазуға уақытын кетіргенше, ақша төлей салғанды жөн санайды...»

...Жастардың бір бөлігі колледждер мен жоғары оқу орындарына білім алу үшін емес, диплом алу үшін барады», - деді Д.Назарбаева.

Жастар колледждер мен жоғары оқу орын¬дарына білім алу үшін емес, диплом алу үшін барады. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары туралы» парламенттік тыңдау барысында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбаса¬ры Дариға Назарбаева осылай деді.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, білім беру саласын жаппай коммерцияланды¬ру салдарынан көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері білім беру саласына табыс табу көзі ретінде қарайтын болды.

«Олар коммерциялық алымдардан түсетін қас-қағымдық ақша түсімдерімен өмір сүруде, білім беру сапасына қамқорлық жасамайды. Ал ғылыми зерттеулер жайында сөз қозғаудың өзі артық. Қоғам реформадан қажетті тиімділік көріп отырған жоқ», - деді Мәжіліс Төрағасының орынбасары.

Автор:
Қазақпарат