Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Cоңғы қоңырау!


22 мая 2014, 10:59 | 2 556 просмотров



25-мамыр- күні Республиканың түкпiр-түкпiрiндегi мектептерде соңғы қоңырау үнi сыңғырлайды. Біреулер бұл қоңырау үнін әлі еститін болса, біреулер үшін бұл расында да соңғы қоңырау. Жаңа да жауапты өмiрге аяқ басқан түлектер алтын ұя мектептерiмен қоштасады. Бұл күн алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, қимастық пен қуаныш сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн. Әрбір түлек үлкен өмірге қадам басуға дайындалады. Оларды ҰБТ деген сынақ күтуде. Қазақстандық мектептер түлектерінің 70% -дан астамы, яғни 92077 бала Бірыңғай ұлттық тестілеуден сынақ тапсырады. Оның ішінде 63603 қазақ тілінде, 28474 орыс тілінде екен. Осы үлкен сынақтан өтіп, ертең әрбір жеткіншек бір-бір мамандық иесі ата¬нады. Сол бағытта әр түлекке алдында кезігетін сынақтан сүрінбей өтуіне тілектеспіз.