Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СЫРДЫҢ ЖЫРШЫ БҰЛБҰЛЫ


6 июня 2014, 19:49 | 1 955 просмотров


Ұрпағына өшпес мұра қалдырып кет- кен Сара Тастанбекқызының ғұмыры қамшының сабындай қысқа болса да, артында келе жатқан ұрпағы үшін ол мәңгі жасап береді. Ақынды елі есінде сақтап, құрмет тұтады. Осындай игі ни- етпен Сара Тастанбекқызының есімін келер ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында. Ақын Сараның мемори- алды музейінің ұйымдастыруымен ұлт тұлғасы өскен Қапал ауылында жылда оқушылардың арасында жазба ақындар мүшайрасы өтеді. Биыл да, әдеттегідей, Ғали Орманов атындағы мектебінде «Сырдың жыршы бұлбұлы» атты жыр мүшайрасы өтті. Өткен жылы Сара Тастанбекқызының туғанына 135 жыл толғаны атап өтілді. Биыл Сараның ізбасары, оның өлеңдерін оқып, Сарадай ақын болам деп құмартқан, Қапал өңерінен шыққан ақын Ілияс Жансүгіровтың тұғанына 120 жыл толып отыр. Сондықтанда, өткен мүшайраның тақырыбы, жыр додасы Ақын Сара мен Ілияс Жансүгіровтың рухтарына арналады. Мүшайра музей меңгерушісі Айгуль Әлімбаеваның құттықтау сөзімен ба- сталды. Сара Тастанбекқызының жолын жалғыстырып жүрген оқушылар сахна төрінде өз бақтарын сынады. «Сырдың жыршы бұлбұлы» атты жыр сайысы 5 кезең бойынша өтті. 1-кезең. Сара Тастанбекқызының

бір өлеңіне талдау немесе шығарма жазу. 2-кезең. Оқушылардың өз төл шығармаларын оқу. 3-кезең. Ақын Сараның өлеңдерін жатқа алу. 4-кезең. Өлеңнің ұйқасы мен мазмұнын сақтай отырып, өлең жолдарын жалғыстыру. 5-кезең. Ілияс Жансүгіровтың прозалық шағармасы немесе драматургиясынан үзінді жатқа оқу. Шара соңында әділқазылар, Ыбы- райхан Депухан, Қызайбекова Төленді Наушанқызы, Қорабаева Кулятай Хасенқызы, 1 орынға ие болуды Б. Сырттанов атындағы орта мектебінің оқушысы Ерасыл Тұсын лайықты деп шешті. Ал II орынға ие болған Ю. Гага- рин атындағы орта мектебінің оқушысы Ақнұр Алмасбек өзінің образға кіру, киім киісі мен өзін сахнада ұстау әдебімен жұрт назарын өзіне аударды. Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Шыңғар Қыдырбек 3 жүлделі орынмен марапатталды. Сонымен қатар Ғ. Орманов атындағы орта мектебінің оқушысы Аружан Мыр- захмет және Көшкентал атындағы орта мектебінің оқушысы Мадина Мұса ақындық шеберліктерімен халыққа та- нылып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Осы іс шарадан жас ақындарымыз өздеріне тәрбиелік, ұлттық, рухтық, қасиеттерін қалыптастырып, ой-өрістері кеңейеді деп үміттенеміз.

Автор:
Айгуль ӘЛІМБАЕВА Ақын Сараның мемориалды музейінің меңгерушісі