Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

1-ден - 20-ҒА ДЕЙІНГІ САНДАР


6 июня 2014, 19:59 | 2 941 просмотр


Білімділігі: Балаларға 1-ден-20 сандарымен таны- стыру.Құрамын анықтау арқылы 1-ден-20 -ға дейінгі сандарды ретімен ауызша тура және кері санауға үйрету. Дамытушылығы: Балалардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілетерін, қиялын, танымдылық процестерін дамыту. Тәрбиелігі: Байқампаздыққа, жылдамдыққа, өзін-өзі көрсете білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,дидактикалық ойындар, сұрақ- жа- уап, ауызша бағалау, мақтау, мадақтау. Көрнектілігі:Сан таңбалары, үлестірмелі ма- териалдар. Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері: Қуан ,шаттан,алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң,қайырлы,күн, Қайырлы ,таң достарым! Міне,балалар,біз осы көтеріңкі көңілімізбен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастайық. Бүгінгі іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Барлығымыз бірге саяхатқа шығамыз. -Саяхатқа шығуға дайынбыз ба? -Иә! Олай болса ,бүгінгі іс-әрекетіміз түрлі тап- сырмаларды орындауымыз керек. Тапсырмаларды орындау арқылы үш есіктен өтіп «Алтын сандыққа» жетуіміз керек. (Саяхаттың мақсаты,шарты түсіндіріледі). Өткен сабақты қайталау. 1-ші кілтті алып есікті ашу үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек: 1-тапсырма : 1-10 ға дейін,және кері санау. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 – 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0. Геометриялық бұрыштарды ата. Дидактикалық ойын : «Көршісін тап» (Шарты Кубиктегі сандарды салыстыра отырып,көршісін тауып орналастыру.) 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0, 2-ші есікті ашу үшін: 2-тапсырма : 10-15 ке дейін ,және кері санау. 10,11,12,13,14,15,- 15,14,1,3,12,11,10. Дидактикалық ойын: «Орнын тап» (Ойын шарты:Шашылған сандарды реімен қою) 3-есікті ашу үшін: 3- тапсырма: 10-20 ға дейін ,және кері санау 10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20 – 20,19,18,17, 16,15,14,13,12,11,10. Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» (Ойын шарты түсіндіріледі ) Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Бесті беске қосқанда , Болып шықты он саусақ. Жаңа сабақ: «1-ден-20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.» 1-ден-20 ға дейінгі сандарды таңбалап,тақтаға жазып, хормен санату. 1-ші тапсырма: «Адасқан сандар» ойыны Шарты: Адасқан сандарды рет-ретімен орна- ластырып қою. 2-ші тапсырма: Дәптермен жұмыс, 20 санын көшіріп жазу. Жарайсыңдар балалар, өте жақсы «Ал- тын сандыққа» жету үшін үш есікте берілген тапсырмалардан сүрінбей өттік.Ал,енді қараңдаршы «Алтын сандықтың» ашылуы үшін бізге не керек? Балалардың жауабы : «Кілт» Дұрыс айтасыңдар, бізге сандықтың кілті керек.Кілтке қол жеткізу үшін мына жұмбақты шешуіміз керек екен. Логикалық есеп: Себеттегі он алма, Алма ағашта он алма, Қосқанымда барлығын, Болады екен неше алма? Дұрыс айтасыңдар.Жұмбақтың шешуін таптық, енді кілтті алып сандықты ашайық. Қорытынды: Алтын сандық Алтын сандық ішіндегі алтын жұлдызшалардың тапсырмасы бар екен соны орындап көрелік, бүгінгі іс-әрекетімізде 1) 1-20 ға дейін тура және кері санау. 2) Олар қалай таңбаланады екен? Біз,міне,түрлі тапсырмаларды орындай отырып,бүгінгі іс-әректімізде көп нәрселерді білдік.Балалар сендерге көп рахмет,осымен бүгінгі саяхат сабағымызды аяқтаймыз. Ерекше көзге түскен балаларды атап өтейік. Балаларды мақтау, мадақтау. Жұлдызша үлестіру. Күтілетін нәтиже:Өз білімін көрсету,тура және кері санау,өз бетімен жұмыс жасау,логикалық есеп шығару.

Автор:
Шынар МАМЫРБАЕВА, Талапкер орта мектебі. Даярлық «Б» тобының мұғалімі, Алакөл ауданы.