Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


13 июня 2014, 05:51 | 2 292 просмотра



Қоғамның болашақ азаматын өсіру

үшін отбасы, қоғамдық орындар,

қоршаған ортаның тигізер ықпалы

ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан

балдырғанға адамгершілік сезімдерін

дер шағында дарыта беру үшін оны

қоршаған ортасында көңілді, қуанышты

жайларды жасай білуі шарт», - дейді Е.

А. Аркин.

Ойын мектеп жасына дейінгі

балалардың ең басты - әрекеті бо-

лып табылады. Атап айтқанда, ойын

арқылы балалар өмірді таниды, ойын

оларды үлкен өмірге дайындайды. Со-

нымен қатар, баланың шығармашылық

дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін

балалық шақтан есейген шаққа өтетін

көпір ретінде сипаттауға болады. Соны-

мен қатар, мектепке дейінгі балалардың

әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу

үшін де ойынның мәні өте зор. Сапа-

лы ұрпақты өсіру әсіресе, психология

ғылымының дамуына ерекше көңіл ауда-

руды талап етеді. Психологияны дамыту

арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне

әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір

азаматтың міндеті. Психологиялық -

педагогикалық қызметте негізгі әрекет

түрі баланың логикалық психикалық

дамуы болып табылады. Мұнда баланы

тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық

дамыту ойын әрекетімен тығыз байла-

ныста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты

әрекет баланың жеке психикалық

және белгілі әлеуметтік - педагогикалық

кеңістіктегі дамуына сүйенеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың

әрекет туралы теориялар Л.С. Вы-

готский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леон-

тьев, А. Р. Лурия, А. В. Запорожец, П.

Я. Гальперин тәріздес әйгілі Кеңес

психологтарының еңбектерінде

кеңінен қарастырылған. «Мектеп жасы-

на дейінгі мекемелердегі балалардың

мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспар-

лап оны іске асыру балалардың қимыл

дағдыларын дұрыс қалыптастыруға,

саналы қозғалыстарды көбейтуге,

ағзаның бейімделу қабілетіне әсер етеді.

Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса

балаларда гиподинамия немесе бұлшық

ет қозғалыс белсенділігі төмендейді» -

деген пікір білдіреді

Мектепке дейінгі балалардың

әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де

ойынның мәні өте зор. Мектепке дейінгі

мекемелерде берілетін білімдерді және

олардың танымдық мазмұныны ойын

әрекетін меңгерту үдерісінде жүзеге

асырылады. Дегенмен, ғылыми зерт-

теу жұмысында эксперименттік бақылау

тәжірибелерін жүргізу балалардың

ойын әрекеті арқылы танымдық

білім алу барысында логикалық ой-

лау қабілетін, психологиялық сапа-

ларын және ерекшеліктерін арттыру

қажеттілігі мен балалардың қабілетін

дамытудың психолого - педагогикалық

ерекшеліктері ғылыми педагогикалық

тұрғыдан негізделмеуі арасында

қайшылықтар туғызатыны байқалды.

Бұл қайшылықтардың шешімін

табу «Қазіргі кезеңдегі мектепке

дейінгі балалардың ойын әрекетінің

психологиялық ерекшеліктерін»

қарастыруға негіз болды.

Мектепке дейінгі балалар болашақ

қоғам иесі болғандықтан дүниежүзілік

мәдениеті танитын, өзінің төл мәдениетін

білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай,

саналы ойлайтын, деңгейі жоғары, білікті

болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың

ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін,

мәдениетін жасөспірімдер бойында

саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы

қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге

деген көзқарасын, бағытын дұрыс

қалыптастыру тәрбиеге байланы-

сты. Мектепке дейінгі мекемелердегі

дене тәрбиесі тәрбиелеу және білім

беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер

арқылы жүзеге асырылады. Балалар-

мен ойынның әр түрін ұйымдастыра

отырып, дене қимылын жан-жақты

дамытуға, салауатты өмір салтына

тәрбиелеуге болады. Ойын - балалар

өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі

мен табиғи өсуінің қажетті алғышарты

және халықтың салтын үйретеді, табиғат

құбылысын танытып, олардың көру,

есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен

тапқырлықтарын дамытады. Қазақ

халқының жылдар бойы атадан балаға

жалғасып қалыптасқан ұлттық дәстүрі,

әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың

жеке басының дамуына игі ықпал ететін

жетекші, басты құбылыстың бірі деу-

ге болады. Бала ойын арқылы өзінің

дене қимылын дамытады, шынығады,

күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған

орта мен құбылыстардың ақиқат сырын

ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастай-

ды. Болашақ құзыретті жеке тұлғаның

даму, тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ой-

ыннан бастап өрбиді.

Қимыл-қозғалыс ойындары

жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс-

әрекетінің бірі болып табылады. Ойын

адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін

арттырады. Көңіл -күйін сергітіп, тамаққа

тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын

күшейтеді. Ойын ежелден келе жатқан

адам өмірінің маңызды бөлігі екені

сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» демекші,

қимыл-қозғалыс ойындарының бала

тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол -

ондаған ұрпақтың керегіне жарап,

оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген,

сыннан өткен сенімді тәрбие құралы.

Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа

және ұйымшыл болуға тәрбиелейді.

Сондай-ақ, тез арада ойлау

қабілеттерін дамытады. Қимыл-

қозғалыс ойындарының спорттық ой-

ындардан айырмашылығы, ол ешбір

арнайы құрал-жабдықты, өткізетін

орынды және уақытты талғамайды.

Оларды бүгінгі білім беру сала-

сында (балабақша, мектеп т.б.) дене

шынықтыру сабақтарына және тәрбие

жұмыстарына пайдалануға қолайлы.

Қимыл-қозғалыс ойындары бірнеше

түрге бөлінеді: ұлдарға және қыздарга

арналған ойындар, топтық ойындар,

командалық ойындар, эстафеталық

ойындар, жекпе-жек ойындары және

қысқы ойындар. Мектеп жасына дейінгі

балалардың дене тәрбиесі процесінде

қимыл-қозғалыс ойындарына жетекші

рөл беріледі.

Жалпы білім беру жүйесінде мек-

тепке дейінгі мекемелерде балалардың

дене тәрбиесі ерекше орын алады.

Мақсатқа бағытталған педагогикалық

әсерлер баланың денсаулығын

нығайтады, тұлғаның жан-жақты және

үйлесімді дамуына қажетті ағзаның

физиологиялық қызмет жаттығулары

пайда болады.

Мектепке дейінгі балалардың дене

тәрбиесінде психофизиологиялық сапа-

ны дамыту маңызды орын алады. Біз

тәжірибе жүргізу арқылы көрсеткендей,

балалардың көбісі жүгіруде, секіруде

жоғары көрсеткішке жете алмай-

ды. Оларға нашар қозғалыс техни-

касы кедергі жасағандықтан емес,

керісінше негізігі психофизиологиялық

сапа дамуының жеткіліксіздігі-күш,

тездік, төзімділік, икемділік, ептілік.

Бұл аспектіде қозғалыс ойындары

дене дайындығының тиімді құралы

ретінде көрінеді. Мақсатқа бағытталған,

қозғалыс ойындарына әдістемелік-ойдан

шығарылған басшылық, балалардың іс-

әрекетін едәуір жетілдіреді, белсендлігін

арттырады.

Осыдан шығатын қорытынды,

қозғалыс ойындары мектепке

дейінгі жастағы балалардың аталған

психофизикалық сапасының дамуына

көмектеседі.

Автор:
Назым СМАҒҰЛОВА, «Жастар негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ескелді ауданы, Жастар ауылы.