Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ


13 июня 2014, 05:52 | 977 просмотров


Мектепке дайындық кезеңінде баланың

танымдық үрдістері баланың қоршаған орта

туралы түсінігі, кеңістікте бағдарлаудың жаңа

әдістері пайда болуы және баланың қоршаған

әлем туралы мазмұны жағынан тереңдей түсуі

сияқты негізгі үш бағыт бойынша дамиды. Осы

жас кезеңінде баланың сенсорлы үрдістері

жаңа сипатқа ие болып, түйсік пен қабылдау

дами түседі, бала заттар мен құбылыстардың

ерекшеліктерін жете ұғына бастайды.

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні- мектепке

дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Ұрпақтың

азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ

сезімдері, туған ел, төл тума мәдениетін

қалыптастырудың қайнар көзі – мектепке

дейінгі кезеңнен бастау алады.

Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің

талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін

оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам

дамуына сәйкес болуы қажет.

Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және

мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар,

бір жастан алты жасқа дейінгі мектеп жасына

дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды,

олардың дене және психикалық денсаулығын

қорғап, нығайтуды, дамуында ауытқуы, бар

балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және

оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасау-

ды жүзеге асырды.

Мектепке дейінгі балалық шақта ұзақ және

қиын сөзді игеру үрдісі аяқталады. 7 жасқа

тақағанда баланың тілі ойлау және тіл табы-

су құралына айналады, сонымен қатар сана-

лы оқу заты іспептес. Оған себеп мектепке

дайындық кезеңінде оқуға, жазуға үйрету

басталады. Психологтар есептегендей тіл

сәби үшін туғанындай жақын болады. Сөздің

дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі

кіші жастағылар өз сөйлеуінің ерекшеліктерін

түсіне бастайды. Алайда, оларда оған дейінгі

дыбысты қабылдау әдістері сақталады, ол

дұрыс естіп, дұрыс сөйлейді. Мектеп жасына

дейінгі соңғы кезеңде фонематикалық даму

үрдісі аяқталады.

Бала біртіндеп тілдің грамматика-

сын, сөздікті игеріп мектепке дейінгі кезең

соңында контексті сөзге көшеді. Мұндай сөз

мазмұны контексте ашылады және сондықтан

туындаушыға білімге байланыссыз түсінікті

болады. Ол оқыған әңгіме, ертегісін айтып

береді, көргенін суреттейді, алайда оның

жағдайға сай сөйлеуі өзгереді, жойылады де-

ген сөз емес. Ол тұрмыстық тақырыптан ерек-

ше әсер алған әңгіме, оқиғалар да көрінеді,

жағдайға сай ерекшеліктерді көру үшін сөйлеуі

екі сәбидің бір-біріне айтқан мултьфильмнен,

боевиктерінен көруге болады, онда сәби сөз

аяғын жеп қойып, кейде үлкен фразадан аттап

өтіп айта береді.

Мектепке дейінгі кезде сәби ересекке тән

ауызша сөйлеу әдісін толық меңгереді. Онда

түрленген хат-хабар, монолог, әңгіме пайда

болады. Онда сәби өз көргенін ғана емес, өз

сезімін, өз ойын да айтады. Құрбыластарымен

сөйлесуде диалогтік сөйлеуі дамиды.

Эгоцентрлік сөйлеу сәбиге өз әрекетін жоспар-

лап, бақылауға алуға көмектеседі. Өзі үшін

айтылған монологында қиналған туыстарын

айтады, алдындағы әрекетіне жоспар құрады.

Мектепте оқытуға баланың психологиялық

даярлығы – мектепке дейінгі балалық

шақ кезеңіндегі психикалық дамудың

қорытындыларының бірі.

Қазіргі уақытта баланы мектепке дайын-

дау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу

заманның көкейкесті мәселелерінің бірі бо-

лып отыр. Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі

баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның

денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік

тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мек-

тепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне

тимес үшін баланың мектепке психологиялық

даярлығын, қызығушылығын жақсартуға

арналған (ата-аналар, тәрбиешілер үшін)

әдістемелік нұсқаулар көбірек дайындалса

деп ойлаймын.Бұл менің ой-пікірім тәрбиеші

ретінде.

Автор:
Алемгул АХИБАТ, «Балдырған» ш/о. аға тәрбиеші «Қызылқайың орта мектебі, МДШО ММ, Алакөл ауданы.