Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫНДА ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ


13 июня 2014, 05:55 | 1 153 просмотра



Сабақтың мақсаттары:

•Білімділік: Білім алушыларға Excel

бағдарламасында деректер қорын құру,

тізімдерді басқару және деректерді реттеу ту-

ралы білімдерін қалыптастыру.

•Дамытушылық: Білім алушылардың Excel

бағдарламасында жұмыс жасау дағдыларын,

білім- біліктерін және олардың логикалық ой-

лау қабілеттерін дамыту.

•Тәрбиелік: Білім алушыларды жан-

жақты болуға, өз бетімен жұмыс істей білуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, практикалық

жұмыс жасау

Пәнаралық байланыс: Математика

Оқыту құралдары: компьютерлер,

интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу

2. Түгендеу

3. Білім алушылардың назарларын сабаққа

аудару

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Деректерді Excel ге енгізу. Мәтін енгізу

•Саннан басқа кез-келген символдар мәтін

ретінде қарастырылады.

•Белгіленген диапазондағы ұяшықтар ара-

сымен табуляция пернесі арқылы ауысуға бо-

лады.

Сандарды енгізу және пішімдеу

•Кез келген санмен басталған, мына $,

+, - символдарын ашылу және жабылу

жақшаларымен басталған жазбалардың

барлығы сан болып табылады.

•Диапазонға қатысты ұяшықтарға сандар

енгізу үшін, диапазонды белгілеп табуляция

пернесі арқылы орындайды.

Деректерді сақтау және қорғау

Жұмысты аяқтау үшін файл/закрыть ко-

мандасы арқылы тек қана жұмыс парағын ал

файл/выход командасы арқылы Excel жабуға

болады. Файл/Сохранить арқылы жұмыс

кітабын сақтауға ал атын өзгертіп сақтау үшін

файл/Сохранить как командасын орындау

қажет. Сервис/Параметры командасы арқылы

жұмыс кітабын ашу үшін пароль қоюға болады.

Деректерді өңдеу формулалары

Формула енгізу

•Формуланы енгізу = тең символы арқылы

орындалады

•Формулаларды ұяшық адрестері мен опе-

раторлар арқылы құрастырылады.

•Формуланы енгізу <Enter>пернесін басу

арқылы аяқталады.

Кез келген санмен басталған, мына $, +,

(- символдарын басталған жазбалардың

барлығы сан болып табылады.

Формулаларды мынандай амалдарды (опе-

раторларды) қолданады:

Бірнеше қосылатын ұяшықтардың ауқымын,

белгілеп, құралдар қатарындағы батырмасы

арқылы автоматты түрде қосуға болады.

Функция мастері есептерді жеңілдетіп

қана қоймай, қолмен есептелуі қиын арнайы

есептеулерді орындайды. Ол үшін вставка/

Функция командасын таңдау қажет.

Категория тізімінен формулаға қоятын функ-

цияны таңдап, далее батырмасын шерту ке-

рек. Ары қарай диапазондарды тағайындау

қажет.

Деректердің орнын ауыстыру және

көшірмелеу

•Правка / Копировать

•Правка / Вырезать

•Правка / Вставить командасы орындалады.

Правка / Копировать және Специаль-

ная вставка командасы арқылы арнайы

параметрлерді тағайындауға болады.

Жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу

Формат / автоформат командасы арқылы

кестені автоматты түрде форматтауға болады.

ІІІ. Сабақты бекіту:

•Мәтінмен сан енгізудің қандай

ерекшеліктері бар?

•Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен ор-

наластыру үшін не істейміз?

•Деректерді сақтау мен қорғау үшін қандай

амалдар орындаймыз?

•Формула қандай символдан басталады?

•Автосумма деген не?

•Кестені баспаға шығарудың жолдарын ата?

•Кесте шекараларын жиектеу үшін қай

менюді қолданамыз?

IV. Сабақты қорытындылау:

Excel бағдарламасында деректер қорын

құруда деректерді Excel бағдарламасына

енгізу, мәтін енгізу, сандарды енгізу және

пішімдеу, деректерді сақтау және қорғау,

деректерді өңдеу, формулалары, форму-

ла енгізу, деректердің орнын ауыстыру

және көшірмелеу, тізімдерді басқару және

деректерді реттеуге болады.

V. Үй тапсырмасы:11.2– тақырып, 11.7, 11.8

тапсырмалар. Excel деректермен жұмыс істеу.

Автор:
Ақтөре ТУЛЕКОВА, «Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы