Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БОЛАШАҚҚА ҚАРЫШТЫ ҚАДАМ


13 июня 2014, 05:56 | 893 просмотра



Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық

рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз От-

анын, елін сүюге, 2050 жылға дейінгі мақсат

пен міндеттерімізді сезіне білуге, өз ұлтын

жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер

азамат қалыптастыру. Оқушылардың сын

тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз

ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:бойында ұлттық рухты,

патриоттық сезімі қалыптасқан тұлға

Сабақтың әдісі: пікірталас, әңгімелесу,

сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, бейнема-

териал, суреттер.

Сабақтың кезеңдері:

Психологиялық даярлық. Оқушыларды

топқа бөлу.

1 КЕЗЕҢ «Кім жылдам?» (оқушыларға

сұрақ беру арқылы кім жылдам жауап

беретінін анықтау)

1.Қазақстанның елордасы қай қала?

2.Қазақстанның елбасы кім?

3.Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

4.Қазақстанның жергілікті халқы қай

тілде сөйлеседі?

5.Қазақстанның рухани астанасы қай

қала?

6.Қазақстанның ұлттық валютасы не?

7.Қазақстанның көрші мемлекеттері?

8. Қазақстан қандай пайдалы қазбаға

бай?

2-КЕЗЕҢ.Бейнематериал Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Ә.

Назарбаевтың «Қазақстан-2050». Страте-

гиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы-

на шолуды көру.

3 КЕЗЕҢ : Ассоциация. Қазақстан -2050

туралы ой - пікір. «Қазақстан -2050» деген

сөз мағынасын ашу.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050».

Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің

жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан

халқына Жолдауының негізгі бағыттарын

ашып, ассоциация құру.

4 КЕЗЕҢ. Топтық жұмыс. Оқушылар өз

түсінгендерін топта талқылап, ватманға

түсіреді, сосын топпен қорғайды.

5 КЕЗЕҢ. «Тұғыры биік Қазақстан» (Жа-

рыс бөлімі)

1. Тәуелсіздікті қай жылы алды?

2. Қазақстанның егенмендігі туралы де-

кларацияны қай жылы қабылдады?

3. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп

неліктен аталады?

4. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші

орында?

5. Еліміздің жер көлемі қанша?

6. ҚР шекарасының жалпы ұзындығы

7. Солтүстіктентен оңтүстікке дейінгі ше-

карасы қанша шақырым?

8. Қазақстанда қанша облыс бар?

9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері

тұрады?

10. Қазақстан Республикасы неше мем-

лекетпен шектеседі?

11. Қазақстан Республикасының тұңғыш

президенті кім?

12. Қазақстан Республикасының жаңа

Астанасын атаңыз?

6 КЕЗЕҢ. «Өз елімнің тең құқықты азама-

тымын» атты эссе жазу.

7 қорытынды. Бүгінгі сабақты бағалау,

оқушылардың пікірін тыңдау.

Автор:
Алма АЛИМОВА География пәні мұғалімі Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп. Алматы облысы, Көксу ауданы.