Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚҰСТАРҒА ҚАМҚОР БОЛАЙЫҚ


13 июня 2014, 05:57 | 3 120 просмотров



Мақсаты:

1.Балалардың құстар туралы білімдерін

кеңейту.

2.Табиғат байлығын қорғау.

3.Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру,ой-қозғау,әңгімелеу,сұрақ-

жауап.

Көрнекілігі:Құстардың суреттері,лото ойы-

ны.

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Сәлеметсіңдер ме

балалар?

Балалар бүгін бізге келген қонақтармен

және құстармен амандасайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз «Құстарға

қамқор болайық» тақырыбына әңгімелесейік.

-Балалар қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі

-Дұрыс айтасыңдар

-Күз мезгілі де келіп жетті.Иә бұл кезде

адамдар,құстар мен жәндіктердің де тіршілігі

қыз-қыз қайнайтын мезгілі қысқа дайындық.

Күн суыта салысымен жыл құстары жылы

жаққа ұшып кетеді,ал елімізде қыстайтын

құстар қыстық қамына кіріседі.Балалар наза-

рын тақтаға суреттерге аударады.

-Олар Тоқылдақ, қарға, торғай, сауысқан

т.б.

Ал көктем шыға салысымен ең бірінші болып

келетін құс- қараторғай, орманды,бақты және

жазық даланы мекендейді.Бізді сағындырып

келетін құс ол-тырна. Тырнаның мойны

ұзын,аяқтары жіңішке келеді.Жалпы құстар үш

топқа бөлінеді.Ұшатын,жүретін,жүзетін құстар

болып.Олардың ішінде ұшатын құстар көп

кездеседі.Құстардың әдемісінің бірі Аққу.

Аққу – киелі құс.Аққудың үш түрі болады.

Олар: Сұңқылдақ аққу,сыбырлақ аққу, және

кіші аққу.Аққу сұңғақ бойлы,мойны ұзын.Адам-

дарды сағындырған құстардың бірі-қарлығаш.

Қарлығаштарда басқа құстар секілді жұптасып

тіршілік етеді,бір басқанда бес жұмыртқаға

дейін басады. Қарлығаш ұясын үйдің дәл

іргесіне салады.Бұрын біздің ата-бабалары-

мыз қарлығаш ұя салса бақыт алып келеді

деген екен.Айтпақшы,адамның температурасы

36.6 градус екені мәлім,ал құстардың орташа

дене температурасы 41 градус екен. Қысты

күні көп құстардың тонбайтыны содан болса

керек.Бірақ құстар қыста қоректі жаздағыдан

көп қажет етеді екен.Балалар енді ойын ой-

нап көрейік. Ойын шарты: Екі топқа бөлініп.1

топ жылы жаққа ұшып кететін құстарды,2 топ

қыстап қалатын құстарды ажыратып табады.

-Балалар сендер құстар туралы қандай

тақпақтар білесіңдер?

- Балалардың тақпақтары.

- Рахмет балалар.

- Сергіту сәті

- Ұшты,ұшты қарға ұшты.

- Ұшты,ұшты,арба ұшты.

- Ұшты,ұшты тай ұшты.

- Ұшты,ұшты торғай ұшты.

- Ұшты,ұшты түлкі ұшты.

- Ұшты,ұшты ботақан ұшты.

- Ұшты,ұшты сауысқан ұшты

-Жақсы балалар сендер құстар туралы өте

жақсы біледі екенсіңдер.

- Ән: «Көгершін»

- Қорытындылау:

-Балалар құстарға қандай қамқорлық жаса-

уымыз керек?

- Жем береміз,ұя жасаймыз.

- Дұрыс айтасыңдар,

- Нан қоқымын шашпаймыз

- Жерде жатса баспаймыз

- Теріп алып қастерлеп

- Торғайларға тастаймыз

- Қорыту: Мадақтау.

Автор:
З. Д.БАРАКОВА, №8 «Күншуақ» бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі. Талдықорған қаласы.