Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


13 июня 2014, 05:58 | 1 200 просмотров


Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін от-

басы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның

тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп

келе жатқан балдырғанға адамгершілік

сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін

оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты

жайларды жасай білуі шарт» - дейді Е. А. Ар-

кин.

Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың

ең басты - әрекеті болып табылады. Атап

айтқанда, ойын арқылы балалар өмірді тани-

ды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды.

Сонымен қатар баланың шығармашылық

дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін

балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір

ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар

мектепке дейінгі балалардың әрекетінің да-

муы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні

өте зор. Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, пси-

хология ғылымының дамуына ерекше көңіл

аударуды талап етеді. Психологияны дамыту

арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем

елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың

міндеті. Психологиялық - педагогикалық

қызметте негізгі әрекет түрі баланың

логикалық психикалық дамуы болып табы-

лады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі

шығармашылық дамыту ойын әрекетімен

тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде

нақты әрекет баланың жеке психикалық және

белгілі әлеуметтік - педагогикалық кеңістіктегі

дамуына сүйенеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың

әрекет туралы теориялар Л.С. Выготский, С.

Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия,

А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин тәріздес

әйгілі Кеңес психологтарының еңбектерінде

кеңінен қарастырылған. «Мектеп жасына

дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай

қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны іске

асыру балалардың қимыл дағдыларын дұрыс

қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды

көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне

әсер етеді. Ұйымдастырылған қозғалыстар

аз болса,балаларда гиподинамия немесе

бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді»

- деген пікір білдіреді.

Мектепке дейінгі балалардың әрекетінің

дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның

мәні өте зор. Мектепке дейінгі мекемелер-

де берілетін білімдерді және олардың

танымдық мазмұны ойын әрекетін

меңгерту үдерісінде жүзеге асырыла-

ды. Дегенмен, ғылыми зерттеу жұмысында

эксперименттік бақылау тәжірибелерін

жүргізу балалардың ойын әрекеті арқылы

танымдық білім алу барысында логикалық

ойлау қабілетін, психологиялық сапаларын

және ерекшеліктерін арттыру қажеттілігі мен

балалардың қабілетін дамытудың психоло-

го - педагогикалық ерекшеліктері ғылыми

педагогикалық тұрғыдан негізделмеуі ара-

сында қайшылықтар туғызатыны байқалды.

Бұл қайшылықтардың шешімін табу «Қазіргі

кезеңдегі мектепке дейінгі балалардың ойын

әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін»

қарастыруға негіз болды.

Мектепке дейінгі балалар болашақ қоғам

иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті

танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сый-

лайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын,

деңгейі жоғары, білікті болуы міндетті. Ата-

бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған

тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бой-

ында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы

қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген

көзқарасын,бағытын дұрыс қалыптастыру

тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі

мекемелердегі дене тәрбиесі тәрбиелеу және

білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер

арқылы жүзеге асырылады. Балалармен

ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, дене

қимылын жан-жақты дамытуға, салауатты

өмір салтына тәрбиелеуге болады. Ойын

- балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани

жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғышарты

және халықтың салтын үйретеді, табиғат

құбылысын танытып, олардың көру, есту, сезу

қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын

дамытады. Қазақ халқының жылдар бойы

атадан балаға жалғасып қалыптасқан ұлттық

дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке

басының дамуына игі ықпал ететін жетекші,

басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала

ойын арқылы өзінің дене қимылын дамыта-

ды, шынығады, күш-жігерін жаттықтырады,

қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сы-

рын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастай-

ды. Болашақ құзыретті жеке тұлғаның даму,

тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап

өрбиді.

Қимыл - қозғалыс ойындары

жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс-

әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам

ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады.

Көңіл күйін сергітіп, тамаққа тәбетін аша-

ды, еңбекке құлшынысын күшейтеді. Ойын

ежелден келе жатқан адам өмірінің маңызды

бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі»

демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының

бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол-ондаған

ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу

қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие

құралы. Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа

және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай-

ақ, тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.

Қимыл-қозғалыс ойындарының спорттық

ойындардан айырмашылығы, ол ешбір ар-

найы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және

уақытты талғамайды. Оларды бүгінгі білім

беру саласында (балабақша, мектеп т.б.)

дене шынықтыру сабақтарына және тәрбие

жұмыстарына пайдалануға қолайлы. Қимыл-

қозғалыс ойындары бірнеше түрге бөлінеді:

ұлдарға және қыздарға арналған ойындар,

топтық ойындар, командалық ойындар,

эстафеталық ойындар, жекпе-жек ойындары

және қысқы ойындар. Мектеп жасына дейінгі

балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл-

қозғалыс ойындарына жетекші рөл беріледі.

Жалпы білім беру жүйесінде мектеп-

ке дейінгі мекемелерде балалардың дене

тәрбиесі ерекше орын алады. Мақсатқа

бағытталған педагогикалық әсерлер

баланың денсаулығын нығайтады, тұлғаның

жан-жақты және үйлесімді дамуына қажетті

ағзаның физиологиялық қызмет жаттығулары

пайда болады.

Мектепке дейінгі балалардың дене

тәрбиесінде психофизиологиялық сапаны

дамыту маңызды орын алады. Біз тәжірибе

жүргізу арқылы көрсеткендей, балалардың

көбісі жүгіруде, секіруде жоғары көрсеткішке

жете алмайды оларға нашар қозғалыс техни-

касы кедергі жасағандықтан емес, керісінше

негізігі психофизиологиялық сапа дамуының

жеткіліксіздігі-күш, тездік, төзімділік, икемділік,

ептілік. Бұл аспектіде қозғалыс ойындары

дене дайындығының тиімді құралы ретінде

көрінеді. Мақсатқа бағытталған, қозғалыс

ойындарына әдістемелік-ойдан шығарылған

басшылық, балалардың іс-әрекетін едәуір

жетілдіреді, белсендлігін арттырады.

Осыдан шығатын қорытынды, қозғалыс

ойындары мектепке дейінгі жастағы

балалардың аталған психофизикалық

сапасының дамуына көмектеседі.

Автор:
Назым СМАҒҰЛОВА, «Жастар негізгі орта мектебі. МДШО ММ Ескелді ауданы, Жастар ауылы.