Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚУАНСА БАЛА ҚУАНСЫН


13 июня 2014, 06:00 | 1 791 просмотр



«Жанашырлыққа - жан риза»

дегендей балалардың жанашыр

қамқоршысы болып, аялы алақанын

тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы

мол іске ат салысу әрбір адамның

азаматтық парызы. «Жылуы жоқ

үйден без, қайырымы жоқ биден

без»,- дегендей қайырымдылық,

адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту

етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы

жанның жасын сүртіп, жылы лебізін

аямай, қолдан келген жәрдемін

ұсынып, достық пейілдерін танытуға

келгендер (ФМСтің өкілі Иманғожаева

Асель, НПО «Қарлығаш», «Тау

Жаңашар» лагерінің директоры Гард

А.Г., ұйғыр мәдени орталығынан Аб-

дуллаев М және ауылдағы демеушілер)

ауылда мектеп жанындағы шағын

орталықтың, «Алуа» балалар

бақшасының бүлдіршіндеріне, мек-

теп оқушыларына, ауылдағы мүгедек

балаларға арнайы сыйлықтарды

тапсырғанда балалардың

құаныштарының шегі болмады.

Осы мереке күні көпбалалы отба-

сыдан және тұрмыс жағынан жағдайы

төмен жанұядан шыққан балалар, жетім

балалар, мүгедек балалар үлкендердің

қамқорлығына бөленді. Бұл күні бала-

лар қуанған болса, ал үлкендер осы

күні балаларға қамқорлықта болып,

қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып,

олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін

жауапты екендігін ескертті. Ал бала-

лар қонақтарға дастархан жайып, түрлі

сайыстар өткізді. Соңында қонақтар

балалардың өз күшімен дайындалған

концертік бағдарламасын тамашалады.

Осы үлкен іс-шараны ұйымдастырған

«Қарлығаш» ұйымының үйлестірушісі За-

ирова Фатима мен «Малыбай» қоғамдық

орталығының ұйымдастырушысы Аб-

дримова А ауыл әкімі мен аналар тара-

пынан алғыстарын білдірді.

Автор:
Зумрат АБДРИМОВА