Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

САҒЫНДЫМ ӘКЕ!


13 июня 2014, 06:01 | 2 416 просмотров



Асыл әкем,алтыным ,сағындым мен

Әр сөзің нәр береді ғибрат еткен ,

Асықпай ,сабырменен сен жеткізген

Ақылыңды ұстанамын әлі де мен

Жүрек сыздар ,молаңа жақындасам,

Жалғыз қалып ,өзіммен ақылдасам .

Сағындым ,әке ,дана сөздеріңді

Күлімдеп қарап тұрар көздеріңді ,

Ақылыңды ұстанамын ,асыл әке !

Білгенім мына өмір алдамшы екен ,

«Жақсылық жасай берші елге » ,-деп ең

Қиналсам ,әке ,енді не істер екем ?

«Сабырлы , шыдамды бол!»-деген едің,

Ақылыңа мен, әке көнемін де

Көрсеткен шындық жолмен жүремін де.

Бірақ ,әке бұл өмірдің сынағы көп ,

Кенжеңнің саған қояр сұрағы көп ,

Сүріндім де ,құладым ,қателестім

Өмір жолдың соншама бұраңы көп...

Мен мүмкін құламас ем ,сүрінбес ем

Қиындыққа ,сірә ,әке күрсінбес ем ,

Әкешім ,сен қасымда болсаң егер ,

Көзден аққан жасқа да өкінбес ем ...

Еркелікті,балалықты, әкетайым, тастадым,

Дұрыс бағыт сен көрсеткендей бастадым

Сағыныштың ақ жастығын жастадым ,

Асыл әке, жамандыққа аяғымды баспадым

Жаратқаным ,саған айтар тілегім бар

Сағыныштан жаралған жүрегім бар

Қабыл етші ,дұғамды ЖАРАТҚАНЫМ,

Емдейсің мендей жанды сенімім бар

Автор:
Қымбат АРЫСБАЕВА қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.В Ломоносов атындағы №5 орта мектеп –лицейі Талдықорған қаласы