Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІ- БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»


13 июня 2014, 06:02 | 1 702 просмотра



2014 жылғы 30 мамырда «Қапшағай

қаласы әкімдігінің «Искорка» балабақшасы»

мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында

«Мектепке дейінгі мекеме педагогтерінің

кәсіби өсуі- білім берудің жаңа сапасын

қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық

семинар өткізілді. Семинарды Облыстық

білім басқармасының мектепке дейінгі

тәрбиелеу мен тәрбие бөлімінің басшысы

Елубаева Г.М. ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты:

«Педагогикалық шеберліктің

тұсаукесерін ұсыну, оқу-тәрбие үрдісін

ұйымдастыру». Семинарға әр ауданнан

42 тәрбиеші қатысты.

Семинарға «Біздің –Отанымыз

Қазақстан», «Бүкіл әлем балалардың

көзімен» тақырыптарында көрме

ұйымдастырылды.

Семинарды Қапшағай қалалық білім

бөлімінің әдіскері Сүттібаева А.Т. ашты.

Семинардың бағдарламасымен

балабақша меңгерушісі Чебекова Ж.Н.

келген қонақтарды таныстырды.

Семинарға кіші топ тәрбиешісі

Шкунова В.В. «Көктемгі тамшы»

тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-

әрекетін көрсетіп, кіші топ балаларының

шығармашылық жұмыс арқылы сабаққа

деген қызығушылықтарын арттырды.

Тәрбиеші Уалиева Б.М. «Маша мен

Аюға қонаққа барамыз» тақырыбында

дене шынықтырудан ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетін көрсетіп, қонаққа Аю

мен Маша келіп балаларды ойын ойна-

ту арқылы қызығушылықтарын оятты.

Ересектер тобында тәрбиеші Нургалие-

ва Г.Р.

«Уақыт машинасымен саяхат»

тақырыбында құм терапиясын қалай

пайдалануды, балалардың құммен

қалай жұмыс жасайтындығын көрсетіп,

өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

Ересектер тобында «Өзін-өзі тану»

пәнінен «Табиғат даналығы» атты

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін

тәрбиеші Плисова Н.Е. көрсетіп, сабақ

соңында шығармашылық жұмысымен

аяқтап, балаларды табиғатты аялауға,

қорғауға баулыды.

Қазақ тілі мұғалімі Оразаева А.К.

мектеп алды даярлық тобында

«Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін

көрсетіп, балалар «Ақылды лақ»

ертегісін рөлдерге бөліп ойнап,

асықтарды санап, шығармашылық

жұмыс жасап, қазақ тілінде мақал-

мәтелдер айтып, балалардың қазақ

тіліне деген қызығушылықтарын арт-

тырды.Мектеп алды даярлық тобының

тәрбиешісі Куланбаева Ш.Д. «Құстар

–біздің досымыз» тақырыбында оқу

іс-әрекетін көрсетіп, түрлі - түсті құм

терапиясын қолдану арқылы өзінің іс-

тәжірибесімен бөлісіп, балалардың

құстарға деген қамқорлығын арттырды.

Семинар «Балалық күн шуақтың

әлемі» атты саз жетекшісі Л.И. Кон-

дратенко жетекшілігімен музыкалық

ән шашумен жалғасты. Семинардың

екінші бөлімі тәрбиешілердің өз іс

-тәжірибелерінен тұсаукесерін ұсынды.

Саз жетекшісі Рыбакова Е.А. «Мек-

тепке дейінгі балалардың Қазақстанның

музыкалық мұрасына баулу»

тақырыбында өзінің жобасымен таны-

стырды.

Тәрбиеші Ким Э.В. «Мектепке дейінгі

ересектер жасындағы балаларға

білім беруде жобалық тұрғыдан келу»

тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен

бөлісті. Қазақ тілі мұғалімі Тажие-

ва А.А. «Этнопедагогика негіздері

арқылы балалардың сөздік қорын, тіл

байлығын дамыту» тақырыбында өзінің

іс-тәжірибесімен бөлісті. Тәрбиеші

Шеленина О.А. «Мектепке дейінгі

балалардың қатынастық дағдыларын

қалыптастырудағы диалогті сөйлеуді

дамытудың инновациялық әдіс-

тәсілдерінің әсері» тақырыбында өзінің

іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында келген қонақтар

өздерінің семинардан алған әсерлерімен

бөлісіп, ұйымдастырылған оқу іс-

әрекеттері өте жоғары деңгейде

өткізілгенін, тәрбиешілердің

шығармашылықпен жұмыс істейтіндерін,

іс-тәжірибелері мол екенін атап айтты.

Семинар Облыстық білім

басқармасының жоспарына сай

өткізілді.

Автор:
А.К. ОРАЗАЕВА қазақ тілі мұғалімі